Қайыркелдi Руспаев - Төңкеріс. Пиесалар

Здесь есть возможность читать онлайн «Қайыркелдi Руспаев - Төңкеріс. Пиесалар» — ознакомительный отрывок электронной книги совершенно бесплатно, а после прочтения отрывка купить полную версию. В некоторых случаях можно слушать аудио, скачать через торрент в формате fb2 и присутствует краткое содержание. ISBN: , Издательство: Литагент Ридеро, Жанр: Драматургия, на русском языке. Описание произведения, (предисловие) а так же отзывы посетителей доступны на портале библиотеки ЛибКат.

Төңкеріс. Пиесалар: краткое содержание, описание и аннотация

Предлагаем к чтению аннотацию, описание, краткое содержание или предисловие (зависит от того, что написал сам автор книги «Төңкеріс. Пиесалар»). Если вы не нашли необходимую информацию о книге — напишите в комментариях, мы постараемся отыскать её.

Бұл кітапта оқырманға әр түрлі жанрда жазылған пиесаларымды ұсынамын: трагедия, драма, комедия, жастар мен балаларға арналған шығармалар.

Төңкеріс. Пиесалар — читать онлайн ознакомительный отрывок

Ниже представлен текст книги, разбитый по страницам. Система сохранения места последней прочитанной страницы, позволяет с удобством читать онлайн бесплатно книгу «Төңкеріс. Пиесалар», без необходимости каждый раз заново искать на чём Вы остановились. Поставьте закладку, и сможете в любой момент перейти на страницу, на которой закончили чтение.

Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Асқар . Мен бәрін түсінемін. Мен… мен соны… өлтірудің де қажеттігін мойындауға дайынмын. Бірақ, мен… өз басым кісі өлтіре алмаймын. Жоқ, бұл іс менің қолымнан келмейді. Менің қолым біреудің өмірін қиуға бармайды. Мүлдем бармайды.

Халел . Барады! Барғызасыз! Егер де сіз мыңдаған адамдардың өміріне төніп тұрған қауіпті ойласаңыз, түсінсеңіз, соларды құтқару үшін сіз кісі өлтіруге барасыз. Былай деп ұғыңыз – сол он мың адамның тағдыры, өмірі бір өзіңіздің қолыңызда тұр.

Асқар . Сонда да мен кісі өлтіре алмаймын. Былай істесек қайтеді – мен қазір Ғабдуррахманға барып тағы да сөйлесейін, стадиондағы адамдарды босат дейін. Мен оны көндіремін, мен оны қалай да көндіруге тиістімін!

Халел . (шыдай алмай столды алақанымен қойып қалады) Имам! Ояныңыз! Есіңізді жиыңыз! Қалай түсінбейсіз – ол ешқашан тұтқындарды босатпайды, өлсе де босатпайды! Өлсе бірге алып кетеді, бірақ босатпайды. Бұл жерде енді сөздің қажеті аз. Енді істің кезегі келді. Сіз сол істі қолға аласыз, сіз оны өлтіресіз! Өлтіресіз де он мың адамды аман алып қаласыз. (қалтасынан тапанша алып шығады) Мінеки, осы тапаншамен сіз шейхті атып тастайсыз!

Асқар . (екі қолын ала қашып) Жо-жоқ! Атамаңыз! Мен өмірі қолыма қару ұстаған емеспін, мен тапаншадан ату білмеймін. Адам түгіл итті де ата алмаймын.

Халел . Бұл шейх иттен де жаман болып тұран жоқ па! (пауза) Ал тапаншадан ату оп-оңай. Бұның оқтары уландырған, сіз әйтеуір шейхтің денесінің бір жеріне тигізсеңіз болды, жеңіл жараның өзі жеткілікті. Және дәл жанында тұрып адамға оқ дарытпау мүмкін емес. (тапаншаның тетіктерін көрсетіп үйрете бастайды) Міне, мына тетікше тапанша өз бетімен атылып кетпеуі үшін былай басылады, яғни, атардың алдына оны былай шегіндіресіз. Содан кейін тапаншаны шейхке көздеп шүріппесін бассаңыз болды оқ атылады. Және саусағыңызды шүріппеден алмасаңыз бұл тапанша оқ жаудыра береді. Түсіндіңіз бе? Мінеки, қолыңызға алып атып көріңіз, қорықпаңыз, қазір мұнда оқ жоқ.

Асқар . (тапаншаны алуға асықпайды) Бұл істі жүктейтін басқа адам табылмағаны ма?

Халел . Табылмады. Табылмайды да! Бұл іс тек сіздің қолыңыздан келеді. Шейх тек сізге кәміл сенеді. Сіздің киіміңізді тексермей, тінітпей оған кіргізеді. Біз оның бәрін анықтадық. Мына тапаншаны ішкі қалтаңызға салып алыңыз. Бұл тапаншаны ешқандай электронды аспап та сезбейді, ит те иісін алмайды.

Асқар . Жақсы, мен шейхты өлтірдім делік, ал сонда оның жанындағы жасақтары сол пультты іске қосып стадионды жарып тастамай ма? Шейхті өлтіргенмен біз мақсатымызға жете аламыз ба?

Халел . Ол үшін қам жемеңіз. Біз мынадай жәйтті анықтадық – пультты іске қосу үшін құпия кодты қолдану керек. Ал кодты шейх өзі ғана біледі екен. Одан басқа тірі жан білмейді. Яғни шейхтен басқа жан жарылғыш миналарды іске қоса алмайды. Сіздің міндетіңіз – тапаншаны шейхке кезеп шүріппесін басу – ар жағын тапанша өзі біледі. (тапаншаға оқтарды салады да, іске қосып, өз бетімен атылып кетпеу үшін тетікшені басып Асқарға ұсынады) Тек, атардың алдында мына тетікшені былай қайтаруды ұмытпаңыз.

Асқар . (тапаншаны қолына алады да сол тетікшені басады) Осылай ма?

Халел . Иә. Енді тапанша оқ атуға дайын. (имамның тапанша ұстап тұрған қолын кілем ілініп тұрған іргеге қарай бұрып) Ал, басыңыз шүріппені.

Асқар . Қалай, дәл осы жерде ме? Үйдің ішінде ме?

Халел . Ата беріңіз, бұл тапаншаның дауысы қатты шықпайды. Оқ бұл қабырғаны тесіп шыға алмайды. Басыңыз, басыңыз шүріпені! Қорқпаңыз. Қаттырақ басыңыз.

Асқар шүріппені басып қалады, тапанша сәл ғана шырт етіп оқ атады.

Асқар . Ойбай! (тапаншаны столға қоя салады)

Халел . Міне, көрдіңіз ғой – оп-оңай. Шейхті атып тастасымен тапаншаны ұстаған бойы қолыңызды қалтаңызға салыңыз да ақырын ғана шейхтің кабинетінен шығып кетіңіз. Сізді ешкім бөгей қоймас. Ал егер біреу-міреу бөгесе – тапаншаны қолданыңыз, ойланбастан қарсы келгенді де атып тастаңыз. Тапсырма орындалысымен біз сізге көмекке келеміз. Әрине, бұл қатерлі іс, сіз оны менсіз де түсінген боларсыз. Бәлен мың отандастарымыздың өміріне қатер төніп тұрғанда біз өзіміздің қауіпсіздігімізді ойлай аламыз ба.

Асқар . Иә, әрине, мен өзімнің қауіпсіздігімді ойлап тұрған жоқпын.

Халел тапаншаны алып қайтадан оқтап, имамға қайтарып береді. Асқар тапаншаны қолына алып, не істерін білмей, қайда қоярын білмей кідіреді.

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Похожие книги на «Төңкеріс. Пиесалар»

Представляем Вашему вниманию похожие книги на «Төңкеріс. Пиесалар» списком для выбора. Мы отобрали схожую по названию и смыслу литературу в надежде предоставить читателям больше вариантов отыскать новые, интересные, ещё непрочитанные произведения.


Отзывы о книге «Төңкеріс. Пиесалар»

Обсуждение, отзывы о книге «Төңкеріс. Пиесалар» и просто собственные мнения читателей. Оставьте ваши комментарии, напишите, что Вы думаете о произведении, его смысле или главных героях. Укажите что конкретно понравилось, а что нет, и почему Вы так считаете.

x