Мұхтар Бақытұлы - Мақалалар жинағы

Здесь есть возможность читать онлайн «Мұхтар Бақытұлы - Мақалалар жинағы» — ознакомительный отрывок электронной книги совершенно бесплатно, а после прочтения отрывка купить полную версию. В некоторых случаях можно слушать аудио, скачать через торрент в формате fb2 и присутствует краткое содержание. ISBN: , Жанр: История, на русском языке. Описание произведения, (предисловие) а так же отзывы посетителей доступны на портале библиотеки ЛибКат.

Мақалалар жинағы: краткое содержание, описание и аннотация

Предлагаем к чтению аннотацию, описание, краткое содержание или предисловие (зависит от того, что написал сам автор книги «Мақалалар жинағы»). Если вы не нашли необходимую информацию о книге — напишите в комментариях, мы постараемся отыскать её.

Кітапта автордың әр-түрлі тақырыпта өлкетанушылық бағытта жарыққа шығарған мақалалары жинақталған. Кітап Ұлытау өлкесінің тарихын білгісі келген оқырманға арналады.

Мақалалар жинағы — читать онлайн ознакомительный отрывок

Ниже представлен текст книги, разбитый по страницам. Система сохранения места последней прочитанной страницы, позволяет с удобством читать онлайн бесплатно книгу «Мақалалар жинағы», без необходимости каждый раз заново искать на чём Вы остановились. Поставьте закладку, и сможете в любой момент перейти на страницу, на которой закончили чтение.

Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Бұл саясат елді біріктіріп, жауға төтеп беруге мол мүмкіндік берді. 1710 жылы Ұлытаудың оңтүстік баурайында өткен Қарақұм құрылтайында қазақ жерін қорғауға бағытталған маңызды шешім қабылданып, жоңғарларға бірнеше шабуылдар жасалып, қазақ батырлары мен олардың жасақтары елге дүркін жеңістермен оралды.

1715 жылы Тәуке қан қайтыс болғаннан кейін Қазақ қандығында қайтадан бытыраңқылық кезең басталып, сұлтандар бір-бірімен қақтығысып, ел жік-жікке бөлінді. Мұндай жағдай жоңғарлар үшін көптен күткен сәт болды. 1723 жылы Түркстанды алған қалмақ әскері Кіші жүздің батысы мен солтүстігін, Орта жүздің шығысы мен солтүстігін және күллі Ұлы жүзді өз бақылауына алды. Олардың қарауылдары Терісаққанға дейін орнатылды.

Қазақ елі Қаратаудан асып, Қызылқұмға қарай көшті. Мал жайылымынан түгел айырылды. Сол кезде, сұлтандардың дәрменсіздігіне көз жеткізген батырлар әскери билікті өз қолдарына алды. Қанжығалы Бөкенбай мен Қаракерей Қабанбай (Ерасыл) төрелерге шарт қойды. Оның мағынасы: араларынан бір әскери қолбасшы сайлап, соған ғана бағынатындарын талап ету еді. 1726 жылы Ордабасыда қазақ жасағын Кіші жүздің қаны Әбілқайыр басқарады деген шешім қабылданды.

Қазақтың басы бірікті. Шешуші шайқас алаңы ретінде Білеуті өзенінің жағасында жатқан Бұланды жазығы таңдалып алынды. Ордабасыдан Бұландыға барар жолы қазақ руларының қолбасшылары Таңбалы Нұрада орналасқан көне тас тақтаға өздерінің таңбаларын қашап салды. Ертеңгі шайқаста жойылып кетсек, болашақ адамзат тарихында осындай ел болған деген мағынада ескерткіш болсын деген ниет еді.

Бұланды шайқасы 1726—1728 жылдары бірнеше қақтығыстан өрбіді: Теңіз, Қарасире және Қалмаққырылған шайқастары. Шайқасқа және жалпы Отан соғысына қатысқан әр қазақ ерлік көрсеткені сөзсіз. Бүгін қай қазақтың шежіресін ашсаңыз, ішінде жоңғарға қарсы соғыста ерлік көрсеткен талай батырлардың даңқы есімдеріне тап боласыз.

Сондай деректер ғылыми жылнамаларда да сақталған. Мысалы, Шоқан Уәлихановтың бестомдық шығармалар жинағының бірінші томында Балталы Оразымбет батыр мен Бағаналы Баянбай батыр туралы жазылады. Бір күні екі батыр сегіз үйден тұрған жоңғарлардың ауылына шабуыл жасаған екен. Баянбай батыр екі үйдегі жоңғарларды өлтіргенше, Оразымбет қалған алты үйдегі жоңғарларды талқандап үлгерген. Міне, осындай әр қазақ батырының ерлігі елді жаудан аластауға жол ашып берді.

Жоңғарға қарсы Отан соғысы туралы жазатын болсақ, әрине, бұл тақырып бөлек кітап жазуды талап етеді. Ақсақалдарға жеткен аңыз бойынша Бұланды шайқасына ағайынды Аманғұл мен Жылкелді бабаларымыз да қатысқан. Тіпті кейбір әңгімелер бойынша екеуі де сол шайқас алаңында ерлікпен шейіт болған деп те айтады. Бірақ, біздер, яғни тарихшылар үшін дереккөзді дәлелі жоқ аңыз тек аңыз болып қала береді. Жылкелді бабамыз жоңғарларға қарсы Отан соғысына қатысқаны айдан анық. Бірақ, Бұланды шайқасында шеіт болғаны, немесе ауылға Аңырақай шайқасынан кейін аман оралғаны туралы ешқандай дерек жоқ.

Бабамыздың туған жылын санап көрсек, оны Жәнібек (Шақшақ) Қошқарұлының туған жылымен шығаруға болады. Ұлытау аймағының өлкетанушысы, қарсақбайлық Тоңболат Мұқанұлының айтуы бойынша, Сағындық батыр Ибескі бабамызға қырғыздың қызын алып берген екен. Сол қыздан, яғни Ибескінің тоқалынан Аманғұл, Жылкелді және Көбес туады. Сағындық батыр Жәнібек тарханнан 15—16 жас үлкен болса, туған жылы 1678—1680 жылдар шамасы болады, өйткені Жәнібек 1693 жылы туған деп жазылады. Сонда, егер де, қырғыздың қызын алып берген кезде Сағындық батырдың жасы жиырманың аржақ-бержағы болса, Жылкелді бабамыз шамамен 1700 жылы, немесе одан да кейінірек туған болып шығады.

Бабамыздың туған жері мен өмір сүрген өңірі Ұлытау мен Сыр бойының ортасындағы кең дала екені ешқандай дау туғызбайды. Жоғарыда ширатып келген тарихи ақпараттарға сүйене отырып, Жылкелдінің замандас бағаналылар осы өңірде көшіп-қонып жүргені тарихи шыңдыққа келеді. Егер де бабамыз XVІІІ ғасырдың басында туған болса, артынан қалған ұрпағы бес ұл баладан тарағанын білеміз. Демек, бәйбішесінен Есер, Жақал, Шуа, Доң Шоң, ал екінші әйелінен Бектемір туады. Өкінішке орай біз бабамызда қанша қыз бала болғанын білмейміз. Сондықтан, ешқандай жазбаша мәлімет қолда болмай, бабамызды Бұланды немесе Аңырақай шайқасында шейіт болды деуге еш негіз жоқ. Алайда бабамыздың жоңғарға қарсы Отан соғысында ерлік көрсетіп, қазақ жасағының қатарында жүргенін теріске шығаратын да ешқандай себеп жоқ.

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Похожие книги на «Мақалалар жинағы»

Представляем Вашему вниманию похожие книги на «Мақалалар жинағы» списком для выбора. Мы отобрали схожую по названию и смыслу литературу в надежде предоставить читателям больше вариантов отыскать новые, интересные, ещё непрочитанные произведения.


Лусі Мод Монтгомері - Джейн з Ліхтарного Пагорба
Лусі Мод Монтгомері
Владимир Тучков - Жинатый
Владимир Тучков
Олена Волинська - Повелителька ліхтарів
Олена Волинська
Отзывы о книге «Мақалалар жинағы»

Обсуждение, отзывы о книге «Мақалалар жинағы» и просто собственные мнения читателей. Оставьте ваши комментарии, напишите, что Вы думаете о произведении, его смысле или главных героях. Укажите что конкретно понравилось, а что нет, и почему Вы так считаете.

x