Мұхтар Сейтжанов - Қарсақбай және қарсақбайлықтар

Здесь есть возможность читать онлайн «Мұхтар Сейтжанов - Қарсақбай және қарсақбайлықтар» — ознакомительный отрывок электронной книги совершенно бесплатно, а после прочтения отрывка купить полную версию. В некоторых случаях можно слушать аудио, скачать через торрент в формате fb2 и присутствует краткое содержание. ISBN: , Жанр: Прочая документальная литература, popular_business, Биографии и Мемуары, на русском языке. Описание произведения, (предисловие) а так же отзывы посетителей доступны на портале библиотеки ЛибКат.

Қарсақбай және қарсақбайлықтар: краткое содержание, описание и аннотация

Предлагаем к чтению аннотацию, описание, краткое содержание или предисловие (зависит от того, что написал сам автор книги «Қарсақбай және қарсақбайлықтар»). Если вы не нашли необходимую информацию о книге — напишите в комментариях, мы постараемся отыскать её.

«Қарсақбай және қарсақбайлықтар» кітабы Қарсақбай мыс қорыту зауытын салу, өндірістік қуатын игеру және одан әрі дамыту тарихына арналған.Қарсақбай зауыты Қазақ елінің, Арқаның, Ұлытау өңірінің экономикалық және әлеуметтік дамуына игі ықпал жасады.Қарсақбайлықтардың 90 жылдық даңқты жолы, ұйымшылдығы мен жаңашылдығы, жоғары өндірістік мәдениеті мен тәжірибесі бүгінгі және ертеңгі ұрпақ үшін құнды мәдени-рухани қазына болып табылады.Кітап жалпы оқырманға арналған.

Қарсақбай және қарсақбайлықтар — читать онлайн ознакомительный отрывок

Ниже представлен текст книги, разбитый по страницам. Система сохранения места последней прочитанной страницы, позволяет с удобством читать онлайн бесплатно книгу «Қарсақбай және қарсақбайлықтар», без необходимости каждый раз заново искать на чём Вы остановились. Поставьте закладку, и сможете в любой момент перейти на страницу, на которой закончили чтение.

Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Байтасов Рахымбек(1908, Ақмола облысы, Атбасар уезі, Ұлытау болысы – 1982) 1927 жылы Жезқазған кенішінде жұмыскер. Қарсақбай байыту фабрикасында электр монтері, ауысым бастығы, фабрика бастығының орынбасары. 1931—1932 жылдары Свердловскідегі кен-металлургия институты жанындағы өнеркәсіп академиясының тыңдаушысы. 1939 жылы Жезқазған аудпарткомының бөлім меңгерушісінің орынбасары, 1940 жылы Жезқазған аудпарткомының кадрлар жөніндегі хатшысы, 1943 жылдың мамырынан 1945 жылдың сәуіріне дейін еңбекшілер депутаттары Жезқазған аудандық кеңесі атком төрағасы. Кейін Кеңес Одағындағы ең үлкен «Байқоңыр» қой кеңшарының директоры болды. Еңбек Қызыл Ту орденімен, «Ерлік еңбегі үшін» медалімен, ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің грамоталарымен марапатталған.

Байтасов Рахымбек Балбырауын темір кені Қарсақбай кентінен оңтүстікке қарай - фото 26

Байтасов Рахымбек

Балбырауын темір кені – Қарсақбай кентінен оңтүстікке қарай 5 км жерде орналасқан кен орыны. Барлау жұмыстары 1931—1949 жылдары Қ. Сәтбаевтің басқаруымен жүргізілген. Горизонтта 30-ға жуық кен денелері бар, олардың өлшемдері әр түрлі: бірнеше метрден 5 км-ге дейін жетеді. Ұсақ түйіршікті кварц және гематит агрегаттарынан тұратын темір-кварцит кентасындағы Ғе мөлшері 40%-ке жетеді. Барланған қоры 125,5 млн. т, оның 80%-ін ашық әдіспен өндіруге болады. Кенді байыту технология жоқтығынан Балбырауын темір кені игерілмей келеді.

«Ұлытау. Ұлытау ауданы» энциклопедия. Астана, 2018. 151-бет.

Балқыбаев Әбдірасыл(1931, т.ж.б. – 2010, Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы) Қарсақбай фабрика-зауыт мектебінде оқып, жөндеуші, флотатор мамандықтарын меңгеріп шығады. 1948 жылы Қарсақбай мыс қорыту зауытының байыту фабрикасына әуелі классификаторшы, кейін диірмен машинисі болып тағайындалды. Табиғатында сөзден гөрі еңбекке бейім жас жігіт бұл жұмысты қысқа мерзімде игеріп, дөңгелетіп әкетті. Өткен ғасырдың 60-жылдарының басында Жезқазғанда қуатты байыту фабрикасы салынып, Қарсақбайдағы фабрика өз жұмысын тоқтатты. Балқыбаев Жезқазғанға жұмысқа шақырылды. Жезқазғандағы байыту фабрикасындағы өндіріс технологиясы Қарсақбаймен салыстырғанда күрделі екен. Сондықтан да ішінде Балқыбаев бар бірнеше қарсақбайлық жігіттерді Балхаштағы комбинатта өндірістік тағлымдамадан өткізуге жіберді. Бұл жылы көп нәрсеге көзі қанығып, үйреніп, біраз нәрсені ой сарабынан өткізіп, көңілге түйіп қайтты. Жезқазған байыту фабрикасында да диірмен машинисі болып істеді. 1988 жылы зейнеткерлікке шыққанда осы мамандық бойынша еңбек өтелі барлығы 40 жыл болды.

Балқыбаев Әбдірасыл Балқыбаев Еңбек Қызыл Ту орденімен Ерлік еңбегі үшін - фото 27

Балқыбаев Әбдірасыл

Балқыбаев Еңбек Қызыл Ту орденімен, «Ерлік еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

Балтабаев Байжан(1910, Ақмола облысы, Атбасар уезі, Жезді болысы, Бала Жезді – ө.ж.б.) Еңбек жолын 1932 жылы Қарсақбай мыс қорыту зауытының металлургиялық цехында қара жұмысшы болып бастаған. 1932—1934 жылдары Орталық электростанциясында шуровшы. 1934—1936 жылдары Қарсақбай темір жолында жұмысшы. 1936 ж. металлургиялық цехке жұмысшы болып ауысты. 1936—1937 жылдары сол цехте жүк тиеуші. 1937—1939 жылдары кіші горновой, ал 1939—1946 жылдары аға горновой болды. 1939 жылдан бастап БК (б) П мүшесі. Алдына қойылған еңбек жоспарын күн сайын орташа 107% орындап отырды. Қарсақбай мыс қорыту зауытында Б. Балтабаевтың адал еңбегі жоғары бағаланды. «1941—1945 Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлік еңбегі үшін» медалімен, бірнеше рет ақшалай сыйлықтармен марапатталған.

Бапов Әйтен(1920, Қостанай губерниясы, Торғай уезі, Қайдауыл болысы, №5 ауыл – 1986) – ІІ дүниежүзілік соғысының ардагері. 1944 жылдан бастап Қарсақбай кенттік кеңесі атком төрағасы, кейін Қарсақбай мыс қорыту заводының кадр бөлімінің бастығы, Қарсақбай МТС-да, «Байқоңыр» кеңшарында партком хатшысы, «Шеңбер» кеңшарының директоры қызметтерін атқарды. 1976 жылдан өмірінің соңына дейін «Жайремтяжстрой» тресінің кадр бөлімінің бастығы. Бапов І және ІІ дәрежелі «Отан соғысы» ордендерімен, медальдармен марапатталған.

Бәйменов Әлихан Мұхаммедияұлы(1959, Қарағанды облысы, Жезқазған ауданы, Қарсақбай кенті) – мемлекет және қоғам қайраткері, Техника ғылымдарының кандидаты (1988), доцент (1991). Жаратылыстану ғылымдары Ұлттық Академиясының мүшесі. Қарағанды политехникалық институтын (1981) бітірген. 1981—1992 жылдары ҚарПТИ Жезқазған филиалында ассистент, аға оқытушы, доцент, Жезқазған тау-кен технология институтында деканның орынбасары болып істеді. Кейін әкімшілік-басқару жұмысына ауысып, Жезқазған облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. 1995—1999 жылдары ХІІІ шақырылған ҚР Жоғары кеңесінің депутаты. 2003—2007 жылдары ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты, 1997—1998 жылдары ҚР Еңбек министрінің орынбасары, бірінші орынбасары, Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары, ұйымдастыру-бақылау бөлімінің меңгерушісі. 1997—1998 жылдары Премьер-министр кеңсесінің жетекшісі. 1998—1999 жылдары Президент Әкімшілігінің жетекшісі болды. 1999—2001 жылдары ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі. 2011 және 2014 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің төрағасы. 2001 жылдан «Қазақстанның демократиялық таңдауы» қоғамдық бірлестігі саяси кеңесінің мүшесі, «Ақжол» демократиялық партиясының тең төрағасы – саяси атқару комитетінің төрағасы болды. Ә. Бәйменов 2014 жылғы қыркүйектен мемлекет қызмет саласы бойынша өңірлік хаб басқарушы Комитетінің төрағасы. «Ұлытау» қоғамдық қозғалысына жетекшілік (1989) етті. Тоғызқұмалақ бойынша халықаралық және республикалық федерациялардың президенті. Бірқатар ғылыми, ғылыми-көпшілік және әдеби-көркем шығармаларының авторы.

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Похожие книги на «Қарсақбай және қарсақбайлықтар»

Представляем Вашему вниманию похожие книги на «Қарсақбай және қарсақбайлықтар» списком для выбора. Мы отобрали схожую по названию и смыслу литературу в надежде предоставить читателям больше вариантов отыскать новые, интересные, ещё непрочитанные произведения.


Отзывы о книге «Қарсақбай және қарсақбайлықтар»

Обсуждение, отзывы о книге «Қарсақбай және қарсақбайлықтар» и просто собственные мнения читателей. Оставьте ваши комментарии, напишите, что Вы думаете о произведении, его смысле или главных героях. Укажите что конкретно понравилось, а что нет, и почему Вы так считаете.

x