Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап

Здесь есть возможность читать онлайн «Қанат Жойқынбектегі - Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап» — ознакомительный отрывок электронной книги совершенно бесплатно, а после прочтения отрывка купить полную версию. В некоторых случаях можно слушать аудио, скачать через торрент в формате fb2 и присутствует краткое содержание. ISBN: , Жанр: Историческая проза, на русском языке. Описание произведения, (предисловие) а так же отзывы посетителей доступны на портале библиотеки ЛибКат.

Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап: краткое содержание, описание и аннотация

Предлагаем к чтению аннотацию, описание, краткое содержание или предисловие (зависит от того, что написал сам автор книги «Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап»). Если вы не нашли необходимую информацию о книге — напишите в комментариях, мы постараемся отыскать её.

Бұл кітап тектінің ұрпағы, Шоң Телқозыұлының өмірде қалдырған ізгілік, өмірі жайлы. Жазушы Қанат Жойқынбектегі «Ел Шоңы» деп аталған көп томдық романында Шоң Телқозыұлы туралы ел аузында сақталып жүрген естеліктер негізінде осы кітапты жазып отыр.Мазмұны тартымды кітап қалын оқырман қауымға арналады.Бұл еңбегімді осы кітаптарда аты аталған аруақтардың рухына бағыштадым. – Автор

Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап — читать онлайн ознакомительный отрывок

Ниже представлен текст книги, разбитый по страницам. Система сохранения места последней прочитанной страницы, позволяет с удобством читать онлайн бесплатно книгу «Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап», без необходимости каждый раз заново искать на чём Вы остановились. Поставьте закладку, и сможете в любой момент перейти на страницу, на которой закончили чтение.

Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

– Мен ертең Ақмолаға жүремін. Би болуға лайықты екі-үш адамды оязға апарып көрсетіп қайтпақшы едім. Жанкелді тұқымдарынан бір адамды би етіп сайлайық. Екеу етуге әзірге ертерек болады. Ертеңгі күні ел сөз етеді, ана жаңа болыс өз туыстарын би етіп жатыр дейді. Соған Жанкелді бабаның ұрпағынан кімді лайықты дейсіңдер?

Қарақозы мен Әнет отырып ана баласын, мына баласын айтып мақтай жөнелді. Әрқайсысы өзіне тартып отыр еді. Бұл адам жаратылысын қойыңыз, енді мынау бір қаннан жаратылып, бір жатырдан шыққан екеуі бөлініп әркім өзіне қарай тартып отыр. Есіне баяғыда Жанкелді бабасының айтқан сөзі түсті: «мал байлық, туысқандыққа қарамайды» дейтін. Атақ-дәрежені бөлуге келгенде сондай екенін ағайын екеуінің мына сөздері көрсетіп отырғандай еді. Бір мезгілде дастархан басында отырған Телқозы да әкелерімен жарыса сөйлеп кетті. Оны өзі де аңғармай қалғандай.

– Анау Жұман, Оң, Малайдың біреуіне билікті бермейсің бе? Бұл кісілер өз балаларын айтып отыр ғой. Сен, Шоң, мен айтқан үшеуінің бірін ояз алдына апар. – Шоң әкелерінің мына қылығына ренжіп қалды.

– Әрқайсыңыз өзіңізге қарай тартып отырсыздар. Ол болмайды. Би болу үлестіріп беретін дүние емес. Билік айту адамның ақылына, санасына байланысты. Сондықтан Жанкелді тұқымынан би болуға лайықты әзірге біреу болса, ол Қаспақ дер едім. Басқаларын қоя тұрыңыздар!

Қарақозы баласының атын атағанда «дұрыс, дұрыс» деген сөздің аузынан қалай шығып кеткенін де білмей қалды. Әнет Шоңның сөзін жақтырмаған күйде отырып қалған. Шоң оның бұл күйін байқады да, әдейі оны сөйлеткісі келді.

– Аға, сіз не айтасыз, Қаспақты ұсынғаныма? —деп сұрады.

– Сен болыссың, сенікі дұрыс қой. Мен не айтамын? – Әнеттің мына сөзінен оның ренжіп қалғанын білді Шоң.

– Сіз олай демеңіз, жөніне көшіңіз. Маған Жанкелді ұрпақтарының бәрі де бірдей. Мен ойымнан шыққанды айтып отырмын.

– Шоң сенің сөзіңде жан бар ғой, қалай қарсы шығамын, – деді Әнет. Шоң оның жүзінде реніш барып байқап қалды. Сонан кейін қайта сұраған:

– Бұл сөзді шын көңілден айтып отырсыз ба? Маған өз балаңның бірін биге ұсынбағаныма өкпелеп отырсыз ба? Олай болса Жанкелді тұқымынан ешкім би болмай-ақ қойсын!

– Жоқ, Шоң, бәрі дұрыс. Ақыл жастан демекші, дәл үстінен түстің, – деді Әнет.

Әнеттің мына айтқаны қорытынды сөздей болды. Бұдан кейін ешқайсысы сөзді әрі қарай дамытқан жоқ. Әңгіме осымен біткендей еді. Сол арада ауыл іргесіндегі Қаспақ ауылына ат шаптырып, оны шақырып алған. Ол келіп дастархан басына жайғасқан соң Шоң:

– Ендеше, Қаспақ балаларыңызға баталарыңызды беріңіздер, – деді. Бәрі бірауыздан бата берген еді, сол арада.

– Мен ертеңіне Ақмолаға жүруге дайындалып жатырмын. Мына әкелерің сені би болуға лайықты деп отыр. Сен де әкелеріңнің сеніміне лайықты болуға тырыс.

– Әкелерім сенім көрсетіп отырса, неге болмасқа!

– Мына сөзің көңілімнен шығып отыр. Ендеше, жолға дайындал, – деді. Ол көп отырған жоқ, жүзін қуаныш жайлаған Қаспақ үйден шығып кетті.

Ертеңінде қасына Қаспақты ертіп алып Шоң жүріп кетті. Жолай Әлсенге соқты. Ол елеңдеп күтіп, дайын отыр екен. Үшеуі де салт атта еді. Шоң атының басын Қожамжар ауылына бұрғанда Әлсен:

– Шоң Құлымбеттер ауылы алыс емес, күн әлі ерте, сонда барып қонайық, – деді.

Әлсен Қожамжардың өзін де, оның өзімен жасты баласы Түсіпті де жақтырмайтын. Мына сөзді содан кейін айтып отыр еді. Шоң оны түсіне қалды, бірден ашығын айтқан:

– Мен Түсіпті де би сайлағым келеді. Сондықтан да оны да ала кетпекпін.

Мына сөзді естігенде:

– Түсіп би болса, мен болмаймын, – деп, ат үстінде келе жатқан Әлсен бұлқан-талқан ашуланды.

– Сені би бол деп ешкім зорлаған жоқ. Сенің би болуың әлі белгісіз. Ояз не дейді екен. Алдымен соны тыңдайық. Содан кейін ауыл билерінің алдынан өтесің. Саған әлі би ауылы алыста тұр. Есіңде болсын Әлсен, Түсіптің сенен көп артықшылығы бар.

Әлсен мына сөзге тіптен шамданып:

– Ол Жабағының менен не артықшылығы бар?

– Біріншіден, ол елдің сөзіне қарап сөйлейді. Сөз тосады. Сен тәрізді өзім білемінмен көпірмеге кетпейді. Ондай көпірме мінез онда жоқ. Сонымен елге ұнап жүр.

Шоңның мына сөзі жанына қатты тиіп тұрса да, Әлсен үндемеді. Егер Шоңды ашуландырып алсам, сайлатпай қояды деп қорыққан еді. Содан сөзді мойындағандай үнсіз келе жатты. Оның қатты ренжіп келе жатқанын Шоң сезіп, әлден уатқытта әдейі:

– Тілен, сен неге үндемей қалдың?

– Не айтамын, ана жаман Жабағыны менімен теңестіргелі отырсың…

– Адам би болғанымен тенеспейді. Өзінің артықшылығын ісімен көрсетеді. Сен де соны жаса. Сонда сені ел бағалайды.

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Похожие книги на «Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап»

Представляем Вашему вниманию похожие книги на «Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап» списком для выбора. Мы отобрали схожую по названию и смыслу литературу в надежде предоставить читателям больше вариантов отыскать новые, интересные, ещё непрочитанные произведения.


Отзывы о книге «Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап»

Обсуждение, отзывы о книге «Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап» и просто собственные мнения читателей. Оставьте ваши комментарии, напишите, что Вы думаете о произведении, его смысле или главных героях. Укажите что конкретно понравилось, а что нет, и почему Вы так считаете.

x