Айнур Аймурзина - Тәлімгерлер. Балалар үйі тәрбиеленушілерімен достық жайындағы боямасыз әңгімелер

Здесь есть возможность читать онлайн «Айнур Аймурзина - Тәлімгерлер. Балалар үйі тәрбиеленушілерімен достық жайындағы боямасыз әңгімелер» — ознакомительный отрывок электронной книги совершенно бесплатно, а после прочтения отрывка купить полную версию. В некоторых случаях можно слушать аудио, скачать через торрент в формате fb2 и присутствует краткое содержание. Год выпуска: 2022, Жанр: Прочая документальная литература, на русском языке. Описание произведения, (предисловие) а так же отзывы посетителей доступны на портале библиотеки ЛибКат.

Тәлімгерлер. Балалар үйі тәрбиеленушілерімен достық жайындағы боямасыз әңгімелер: краткое содержание, описание и аннотация

Предлагаем к чтению аннотацию, описание, краткое содержание или предисловие (зависит от того, что написал сам автор книги «Тәлімгерлер. Балалар үйі тәрбиеленушілерімен достық жайындағы боямасыз әңгімелер»). Если вы не нашли необходимую информацию о книге — напишите в комментариях, мы постараемся отыскать её.

Әр адам бала кезінен оны сүйетін әрі болашағына үлес қосатын ересектердің ортасында болады. Олар – ата-анасы, ағалары, тәтелері, ата-әжелері. Сол жандардың сүйіспеншілігі, кеңестері мен қолдауының арқасында бала сүйеу мен өзіне деген сенімділікті сезініп өседі. Алайда жанында мұндай ересектері жоқ жетімдер де бар ғой. Достықтың өлшемі бар ма? Құрылған жұптағы ересектің де, баланың да қол жеткізген нәтижелерін қалай анықтауға болады? Кітапта тәлімгерлер мен қамқорлықтағы балалардың жеке оқиғалары және жоба үйлестірушілерінің түсініктемелері топтастырылған. Жинақтан өзіңіз үшін маңызды жауаптар табарсыз деген үміттеміз. Егер «Тәлімгерлер» жобасына қатысу жайлы ойланған болсаңыз, бәлкім, шешімге келуіңізге кітаптың септігі тиер.

Тәлімгерлер. Балалар үйі тәрбиеленушілерімен достық жайындағы боямасыз әңгімелер — читать онлайн ознакомительный отрывок

Ниже представлен текст книги, разбитый по страницам. Система сохранения места последней прочитанной страницы, позволяет с удобством читать онлайн бесплатно книгу «Тәлімгерлер. Балалар үйі тәрбиеленушілерімен достық жайындағы боямасыз әңгімелер», без необходимости каждый раз заново искать на чём Вы остановились. Поставьте закладку, и сможете в любой момент перейти на страницу, на которой закончили чтение.

Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Жоба үйлестірушілері баланың ересек досы пайда болғалы бері өзгергенін атап айтады: ол мейлінше ашыла түсті, бейтаныс адамдармен оңай байланысқа түсе алады. Мұның бәрі – қиындықтарға қарамастан, Ромамен кездесулерді тұрақты жалғастырған әрі Абраммен де бір мезетте қатар байланыста болып, оған да бейресми тәлімгер болған Женяның еңбегі. Шын достықжас талғамайды Оны ойламайтын күнім жоқ Тәлімгер Елена 54 - фото 7

Шын достықжас талғамайды

«Оны ойламайтын күнім жоқ».

Тәлімгер – Елена, 54 жаста

Қамқорлықтағы бала – Руслан, 16 жаста

3 жылдан бері жобада

Елена Шынымды айтсам тағдыр менің жолымды Русланнан ажыратпаса екен деймін - фото 8

Елена

Шынымды айтсам, тағдыр менің жолымды Русланнан ажыратпаса екен деймін. Қазір жасөспірімге айналған бұл бала мен үшін өте қымбат. Өзімнің балам сияқты алаңдаймын, дұғама қосамын. Тіпті, оны ойламайтын күнім жоқ.

Қазір Руслан жасөспірім жасқа жетті. Осы албырт шақтан аман-есен өтіп, оны кездестірген кезімдегідей елгезек, мейірімді қалпында қалса екен.

Әрі мүмкіндігінше қалауы не екенін, неге қызығатынын анықтап, сезінсе, түйсінсе екен, себебі оның кім болғысы келетіні, неге талаптанатыны жөнінде әзірге нақты мақсаты жоқ. Қазір оған үлгі-өнеге боларлықтай ер адамның достығы ауадай қажет.

Русланның бойында нағыз ерге тән сабырлылық, ұстамдылық, әділдік, жауапкершілік, көмектесуге әзірлік сынды қасиеттер бар болғанымен, теріс жолға түсіп кету қаупі де жоғары. Әсіресе, балалар үйімен қоштасқан соң.

Сол себепті менің басты әрі жалғыз мақсатым – қылмыс жасамауына және ішімдік пен есірткінің арбауына түспеуіне көмектесу.

Қарым-қатынас барысында біз материалдық әрі қаржылық тұрғыдағы бірсыпыра күрделі мәселені шештік. Балалар үйінің тәрбиеленушілерінде «менікі» деген түсінік жоқ, оларға бәрі ортақ.

Олар ақшаның құнын білмейді. Мұны біз бірге реттедік. Шешілмеген мәселелерден қалғаны – қандай да бір нәрсеге ынтаның, ниеттің, қызығушылықтың жоқтығы, сондай-ақ кітаптар.

Тәрбиеленушілер мүлде кітап оқымайды, оқыса да амалсыз, қиналып оқиды.

Жұптағы қиын сәттерді баламен бірге, ересектер де сезінеді. Мен үшін қиындық басқа тәлімгерлермен салыстыру еді. Әрине, балалардың ешқайсысы «сенің тәлімгерің жақсы, маған да сондай адам болса ғой» деп айтпады, бірақ араларында өзара бәсекелестік бар.

Жоба барысында өзімді таныдым, сезімім мен мүмкіндігімді бағамдадым. Әрі маған толық емес және тұрмысы қиын отбасынан шыққан баланы түсіну, оған шамам келгенінше көмек көрсету, оның бәрінен мақұрым қалған шектеулі емес, толыққанды адам екенін көрсету маңызды еді.

Руслан

Елена – мейірімді, өте жауапты, көңілді, ақжарқын жан. Менен көмегін аямайды. Сол кісі сияқты мен де төзімді болғым келеді. Егер біреу мені түртпектесе, шамданып шыға келемін. Лена сондай сәтте өзін басқаша ұстар еді. Оны байыппен тыңдап, шешімін табар еді. Әзірге мен олай жасай алмаймын.

Десе де, мен мейірімдірек бола түстім, бірдеңе істемес бұрын асықпай ойлануды, жан-жақты талдауды үйрендім. Ленаның тау бөктеріндегі үйіне барған ұнайды, онда бәрі тамаша: таза ауа, көңілді отбасы дегендей. Балалары мен немерелеріне де жақсы тәрбие берген. Біз Үлкен Алматы көліне бардық, «Монополия», боулинг ойнадық. Ал оның үйінің ауласында кәуап жасағанымыз да есімде. Бәрі тамаша, көңілді күн болды.

Елена менің жан досым, жақыным, туысым сияқты. Мен онымен әрдайым кез келген тақырыпта ашық сөйлесемін. Бір маңызды жайтты анық түсіндім – досың өзіңнен үлкен болуы мүмкін, алайда шын достық жас талғамайды.

Жоба үйлестірушісінің пікірі

Екі жылда Елена мен Руслан тығыз қарым-қатынас құра білді. Руслан әрдайым Еленаға оп-оңай жүгінеді, себебі бір-біріне деген сенім әбден қалыптасқан, екеуі кез келген мәселені талқылай алады. Елена да оған туған ұлындай қарайды. Әрдайым оған шынайы алаңдайды, өмірлік ақыл-кеңесін аямайды. Русланға Ленамен және оның балаларымен, немерелерімен бірге уақыт өткізген ұнайды.

Мұның бәрі ол туралы

«Адамдарға көмектесетінін айтады».

Тәлімгер – Карина, 40 жаста

Қамқорлықтағы бала – Вагиб, 17 жаста

2 жылдан бері жобада

Карина Вагиб есімі арабша әлУаһһаб есімінің түркілік нұсқасы Алланың 99 - фото 9

Карина

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Похожие книги на «Тәлімгерлер. Балалар үйі тәрбиеленушілерімен достық жайындағы боямасыз әңгімелер»

Представляем Вашему вниманию похожие книги на «Тәлімгерлер. Балалар үйі тәрбиеленушілерімен достық жайындағы боямасыз әңгімелер» списком для выбора. Мы отобрали схожую по названию и смыслу литературу в надежде предоставить читателям больше вариантов отыскать новые, интересные, ещё непрочитанные произведения.


Отзывы о книге «Тәлімгерлер. Балалар үйі тәрбиеленушілерімен достық жайындағы боямасыз әңгімелер»

Обсуждение, отзывы о книге «Тәлімгерлер. Балалар үйі тәрбиеленушілерімен достық жайындағы боямасыз әңгімелер» и просто собственные мнения читателей. Оставьте ваши комментарии, напишите, что Вы думаете о произведении, его смысле или главных героях. Укажите что конкретно понравилось, а что нет, и почему Вы так считаете.

x