Айнур Аймурзина - Тәлімгерлер. Балалар үйі тәрбиеленушілерімен достық жайындағы боямасыз әңгімелер

Здесь есть возможность читать онлайн «Айнур Аймурзина - Тәлімгерлер. Балалар үйі тәрбиеленушілерімен достық жайындағы боямасыз әңгімелер» — ознакомительный отрывок электронной книги совершенно бесплатно, а после прочтения отрывка купить полную версию. В некоторых случаях можно слушать аудио, скачать через торрент в формате fb2 и присутствует краткое содержание. Год выпуска: 2022, Жанр: Прочая документальная литература, на русском языке. Описание произведения, (предисловие) а так же отзывы посетителей доступны на портале библиотеки ЛибКат.

Тәлімгерлер. Балалар үйі тәрбиеленушілерімен достық жайындағы боямасыз әңгімелер: краткое содержание, описание и аннотация

Предлагаем к чтению аннотацию, описание, краткое содержание или предисловие (зависит от того, что написал сам автор книги «Тәлімгерлер. Балалар үйі тәрбиеленушілерімен достық жайындағы боямасыз әңгімелер»). Если вы не нашли необходимую информацию о книге — напишите в комментариях, мы постараемся отыскать её.

Әр адам бала кезінен оны сүйетін әрі болашағына үлес қосатын ересектердің ортасында болады. Олар – ата-анасы, ағалары, тәтелері, ата-әжелері. Сол жандардың сүйіспеншілігі, кеңестері мен қолдауының арқасында бала сүйеу мен өзіне деген сенімділікті сезініп өседі. Алайда жанында мұндай ересектері жоқ жетімдер де бар ғой. Достықтың өлшемі бар ма? Құрылған жұптағы ересектің де, баланың да қол жеткізген нәтижелерін қалай анықтауға болады? Кітапта тәлімгерлер мен қамқорлықтағы балалардың жеке оқиғалары және жоба үйлестірушілерінің түсініктемелері топтастырылған. Жинақтан өзіңіз үшін маңызды жауаптар табарсыз деген үміттеміз. Егер «Тәлімгерлер» жобасына қатысу жайлы ойланған болсаңыз, бәлкім, шешімге келуіңізге кітаптың септігі тиер.

Тәлімгерлер. Балалар үйі тәрбиеленушілерімен достық жайындағы боямасыз әңгімелер — читать онлайн ознакомительный отрывок

Ниже представлен текст книги, разбитый по страницам. Система сохранения места последней прочитанной страницы, позволяет с удобством читать онлайн бесплатно книгу «Тәлімгерлер. Балалар үйі тәрбиеленушілерімен достық жайындағы боямасыз әңгімелер», без необходимости каждый раз заново искать на чём Вы остановились. Поставьте закладку, и сможете в любой момент перейти на страницу, на которой закончили чтение.

Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

3. Әлеуметтену.Бұл жерде Лениннің сөзін өзгертіп келтіруге болады: жасөспірімдер ескіше өмір сүргісі келмейді, бірақ жаңаша күн кеше алмайды. Бозбаланың әлеуметтік қажеттіліктері балаларға ұқсамайды, бірақ ол әлі ересек адам емес әрі ересектер тәрізді өмір сүру дағдысын білмейді. Күйзеліс осыдан басталады. Бойы ата-анасынан да биік, серейген бозбала сондай үлкен болса да, неліктен оларға бағыну керектігін түсінбейді, сөйте тұра іштей әлі де ересектерге тәуелді екенін сезеді. Бұл ішкі қайшылықты тудырады. Өз кезегінде көз алдында дене бітімі ересек адамды көріп тұрған ата-анаға да өздері сияқты ойлап, істей алмаған соң, оның әлі де бала екенін түсіну қиынға соғады. Мұндай күйзелісті өмірде маңызды бір өзгерісті бастан кешкенде сіз де сезінуіңіз мүмкін. Мысалы, ұзақ жылғы бойдақтық өмірден кейін жауапкершілігі мол отбасылық өмірге үйренісу оңай болмауы мүмкін.

Бұл факторлар кез келген ересек адамға кедергі келтіріп, өзін-өзі сезінуін өзгертуі мүмкін. Бұл ретте, ересек адамның жасөспірімге қарағанда маңызды артықшылығы бар: «Мені» қалыптасқан, яғни тұлға. Жеткіншек осы өзгерістер барысында өзі туралы тереңірек біліп, өзін тұлға ретінде танытады. Шын мәнінде, бұл кезеңнің негізгі міндеті – өзін-өзі тану. Бала өзін «іздеп» жүрген шақта ата-аналар, басқа ересек тәрбиешілер не істеулері тиіс? Олардың өзін қалай ұстағаны жөн? Жауабы тым оңай: жасөспірімнің өзіндік «МЕНІН» табу жолында оны қолдау қажет.

Әр жастың өзіндік ерекшелігі, жетекші қызметі бар. Ол адамның жеке тұлға ретінде дамуына, өмірдің келесі кезеңіне өтуіне көмектеседі. Жасөспірімдерде бұл құрдастармен қарым-қатынас түрінде көрінеді. Бұл кезеңде қоршаған ортамен қарым-қатынас екі осьте құрылады:

1. Ересектермен қарым-қатынас.

2. Құрдастармен қарым-қатынас.

Бірінші жағдайда жасөспірім ересек адамдарға (ата-ана, мұғалім) белсенді еліктей отырып, олардың рөлі мен беделін іске алғысыз ете бастайды. Үлкендердің көзқарасы мен тәжірибесі ескірген, мәні жоқ деп есептейді, олардың өмір сүру салты мен құндылықтарын айыптайды. Жеткіншектің сырт келбеті өзгереді (қыздар боянады, ұлдар спортзалда бұлшықеттерін шынықтырады), темекі шегеді, мінез-құлқы өзгереді және өзінің саяси немесе гендерлік көзқарасын ашық айта бастайды. Бұл – жасөспірім кезеңнің ерекшелігі, одан қатты қорқудың қажеті жоқ. Бұл құбылысты Марк Твен жақсы сипаттаған: «Жасым он төртте болғанда әкем өте ақылсыз, ақымақ еді. Мен оған әрең шыдайтынмын. Ал менің жасым жиырма бірге келгенде, сол қарт әкемнің соңғы жеті жылда ақылы керемет толысқанына қатты таңғалдым».

Екінші жағдайда құрдастармен қарым-қатынас жасөспірімге өзі сияқтылармен бірге күш жинап, сенімді бола бастайтын, тіл табыса алатын, әлеуметтік нәрселерді түсініп, өзінің маңызына терең бойлай алатын белгілі бір кеңістік береді. Сол себепті жасөспірім кезде достарының болуы маңызды.

Егер үйіңізде жасөспірім болса, оған мынадай жағдайларды жасауға тырысыныз:

• Жасөспірімді жеке кеңістікпен қамтамасыз етіңіз. Баланың оңаша қалуына мүмкіндік беретіндей жер керек. Тіпті, сіз бір бөлмеде тұрсаңыз да, оны белгілі бір уақытта ешкім мазаламайтындай өзінің жеке бұрышы болсын.

• Жасөспірімнің өміріне араласпаңыз. Хат-хабарларын, күнделігін оқудың қажеті жоқ, рұқсатсыз жеке заттарына тиіспеңіз.

• Жұмыс ауыстыру, қоныс ауыстыру, түрлі отбасылық шаралар сынды маңызды оқиғаларға қатысты жасөспірімнің пікірін сұраңыз.

• Балаға таңдау құқығын беріңіз. Мысалы, жасөспірім өз бетінше киім сатып алуға немесе спорт секциясын таңдауға құқылы. Жасөспірімнен көмек сұраңыз. Бұл тұрмыстық міндеттерден гөрі әлеуметтік желілерден аккаунт ашу, логотип ойлап табу, дүкеннен киім таңдау сияқты тек одан ғана сұрай алатын көмек болуы керек. Бұл ретте, оның бас тартуға құқығы бар екенін де ұмытпаңыз. Ол үшін оған ызаланбаңыз.

• Жасөспіріммен сөйлесуге уақыт бөліңіз. «Есейіп кеткенімен», ол әлі де сіздің көңіліңізге, махаббатыңызға, қамқорлығыңызға зәру. Сіздердің қарым-қатынастарыңыз ата-ананың ақыл-кеңесі түрінде емес, екі адамның қызықты диалогы түрінде өрбісін. Мұндай әңгіме кезінде махаббат, жыныстық қатынас, достармен қарым-қатынас, хобби, болашақ мамандығы туралы тақырыптарды талқылауға болады. Оған бейжай қарамайтыныңызды білдіріп, әңгімені баланың өмірі туралы сұрақтардан бастаған абзал, содан кейін өзі сұраса ғана, ақыл-кеңесіңізді айта жатарсыз. Бұл жерде өз өміріңіздегі оқиғаны бөлісіп, баланың өзі сізге кеңес беретіндей мүмкіндік жасауға болады.

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Похожие книги на «Тәлімгерлер. Балалар үйі тәрбиеленушілерімен достық жайындағы боямасыз әңгімелер»

Представляем Вашему вниманию похожие книги на «Тәлімгерлер. Балалар үйі тәрбиеленушілерімен достық жайындағы боямасыз әңгімелер» списком для выбора. Мы отобрали схожую по названию и смыслу литературу в надежде предоставить читателям больше вариантов отыскать новые, интересные, ещё непрочитанные произведения.


Отзывы о книге «Тәлімгерлер. Балалар үйі тәрбиеленушілерімен достық жайындағы боямасыз әңгімелер»

Обсуждение, отзывы о книге «Тәлімгерлер. Балалар үйі тәрбиеленушілерімен достық жайындағы боямасыз әңгімелер» и просто собственные мнения читателей. Оставьте ваши комментарии, напишите, что Вы думаете о произведении, его смысле или главных героях. Укажите что конкретно понравилось, а что нет, и почему Вы так считаете.

x