Рустем Сауытбай - Қиял Әлемі. Ертегілер

Здесь есть возможность читать онлайн «Рустем Сауытбай - Қиял Әлемі. Ертегілер» — ознакомительный отрывок электронной книги совершенно бесплатно, а после прочтения отрывка купить полную версию. В некоторых случаях можно слушать аудио, скачать через торрент в формате fb2 и присутствует краткое содержание. ISBN: , Жанр: Прочая детская литература, на русском языке. Описание произведения, (предисловие) а так же отзывы посетителей доступны на портале библиотеки ЛибКат.

Қиял Әлемі. Ертегілер: краткое содержание, описание и аннотация

Предлагаем к чтению аннотацию, описание, краткое содержание или предисловие (зависит от того, что написал сам автор книги «Қиял Әлемі. Ертегілер»). Если вы не нашли необходимую информацию о книге — напишите в комментариях, мы постараемся отыскать её.

Сіздерді қиял әлеміне жетелейтін, шексіз армандауға ерік беретін таңғажайып ертегі әлеміне қош келдіңіз. Бұл ертегілер жас бүлдіршіндердің ой-өрісін дамытып, өмірге деген көзқарасын кеңейтеді.

Қиял Әлемі. Ертегілер — читать онлайн ознакомительный отрывок

Ниже представлен текст книги, разбитый по страницам. Система сохранения места последней прочитанной страницы, позволяет с удобством читать онлайн бесплатно книгу «Қиял Әлемі. Ертегілер», без необходимости каждый раз заново искать на чём Вы остановились. Поставьте закладку, и сможете в любой момент перейти на страницу, на которой закончили чтение.

Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Бұл жауаптардан кейін Тоқашайдың көңілі түсіп, Рүшенге бұрылып:

– Осылар қызық, сыйлықтарды кім жіберіп жатқанын білмейді, хайуан деген ең болмаса рахмет айту керек қой. Мен сыйлықтарды кім жіберетінін тапқанша тынышталмаймын, кім екенін тауып, алғысымды білдіремін. Осыншама жақсылықты кім жасап жүр, білу керек қой, – дейді.

Сөйтіп, олар «көп жерді аралап, саяхатқа көп шығады ғой» деп түйеге жолығады.

– Түйе апа, бізге осы сыйлықтарды кім жібереді? – деп сұрайды Рүшен.

– Бааааа, қайдан білейін, – дейді түйе асықпай басын көтеріп.

Түйеден үмітін үзген екеуі енді жылқыға барады. Талай жердің шаңын көтеріп жүрген жылқы білетін шығар деп ойлайды.

– Жылқы ата, бізге осы сыйлықтарды кім жібереді? – деп сұрайды Тоқашай.

Сол кезде жылқы:

– Ииииооооо, оны қайтесің? – дейді.

– Рахметімізді айтайық деп едік, көңіліміз тыныш таппай жүр, – дейді екеуі қосылып.

– Оны аспанда самғап жүрген бүркіт біледі, – дейді жылқы.

Осылайша, енді екеуі таудың басындағы бүркітке жолығуға барады. Олар бүркітті тауып алып:

– Бүркіт ата, бізге осы сыйлықтарды кім жібереді? – деп сұрайды Тоқашай соңғы күшін салып.

– Ия, кім жіберетінін мен білемін, – дейді бүркіт.

– Кім ол айтыңызшы, біз сыйлықтары үшін рахметімізді айтайық деп едік, – дейді екеуі.

– Мен кім екенін білемін, бірақ көрген емеспін. Ол сыйлықтардың иесі бұлттардың артында, кемпірқосақтың үстінде Жалдан деген сиқырлы елде тұрады. Сол елдің Әрес деген патшасы жібереді, – дейді қара бүркіт.

– Оған бізге жіберген сыйлықтары үшін рахметімізді қалай жеткізсек болады? – деп сұрайды тышқан.

– Ол елге сендер түгілі менің өзім ұшып жете алмаймын, өте қиын. Бірақ түннің ортасында сол елге қарай қатты жел соғады. Сол жел арқылы хат жазып ұшырып жіберсеңдер болады, хат иесіне жетеді, – дейді бүркіт.

– Мына қоржынымды жіберсем жел алып бара ма? – деп сұрайды бір кезде Тоқашай.

– Ия, әрине, желдің күші сондай қатты, – дейді бүркіт.

Осылайша, Тоқашай мен Рүшен ақ қағазға «Рахмет» деп жазады. Хаттарын сәлеммен бастап, жіберген сыйлықтары үшін бүкіл жануарлардың атынан шын жүректен лебіздерін білдіріп, ризашылықтарын айтады. Көңілдері қимаса да, тоқаштарды да хатпен бірге қоржынға салып бүркітке береді. Бүркіт көкке көтеріліп, қоржынды желмен қоя береді. Қоржын түнгі аспанға самғап, желмен бірге патшаға қарай ұшады.

Тоқашай мен Рүшен үйлеріне оралғанда, өздерін батыр сезінеді. Олар бастарынан кешкен барлық оқиғаларды жақындарына айтып береді. Көршілері мен жақындары олардың ерліктеріне қатты сүйсінеді. Шынында, олардың жасағандары ешкім жасамаған ерлік еді. Тоқашайдың көңілі жай тауып өзін бақытты сезінеді. Өйткені, ол аспанның арғы жағында Әрес патшаның тоқаш жеп жатқанын көріп жатқандай әсерде болады.

Конец ознакомительного фрагмента.

Текст предоставлен ООО «ЛитРес».

Прочитайте эту книгу целиком, купив полную легальную версию на ЛитРес.

Безопасно оплатить книгу можно банковской картой Visa, MasterCard, Maestro, со счета мобильного телефона, с платежного терминала, в салоне МТС или Связной, через PayPal, WebMoney, Яндекс.Деньги, QIWI Кошелек, бонусными картами или другим удобным Вам способом.

Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Похожие книги на «Қиял Әлемі. Ертегілер»

Представляем Вашему вниманию похожие книги на «Қиял Әлемі. Ертегілер» списком для выбора. Мы отобрали схожую по названию и смыслу литературу в надежде предоставить читателям больше вариантов отыскать новые, интересные, ещё непрочитанные произведения.


Отзывы о книге «Қиял Әлемі. Ертегілер»

Обсуждение, отзывы о книге «Қиял Әлемі. Ертегілер» и просто собственные мнения читателей. Оставьте ваши комментарии, напишите, что Вы думаете о произведении, его смысле или главных героях. Укажите что конкретно понравилось, а что нет, и почему Вы так считаете.

x