Ильяс Есенберлин - Заговоренный меч (на каз.яз.)

Здесь есть возможность читать онлайн «Ильяс Есенберлин - Заговоренный меч (на каз.яз.)» весь текст электронной книги совершенно бесплатно (целиком полную версию без сокращений). В некоторых случаях можно слушать аудио, скачать через торрент в формате fb2 и присутствует краткое содержание. Жанр: Историческая проза, kk. Описание произведения, (предисловие) а так же отзывы посетителей доступны на портале библиотеки ЛибКат.

Заговоренный меч (на каз.яз.): краткое содержание, описание и аннотация

Предлагаем к чтению аннотацию, описание, краткое содержание или предисловие (зависит от того, что написал сам автор книги «Заговоренный меч (на каз.яз.)»). Если вы не нашли необходимую информацию о книге — напишите в комментариях, мы постараемся отыскать её.

Заговоренный меч (на каз.яз.) — читать онлайн бесплатно полную книгу (весь текст) целиком

Ниже представлен текст книги, разбитый по страницам. Система сохранения места последней прочитанной страницы, позволяет с удобством читать онлайн бесплатно книгу «Заговоренный меч (на каз.яз.)», без необходимости каждый раз заново искать на чём Вы остановились. Поставьте закладку, и сможете в любой момент перейти на страницу, на которой закончили чтение.

Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать
келтірілмейді. Тақтағы хан да, алтын табақтағы жылан да бір. Тием дегенді шағып алуға тиісті. Бабамыз салған қанды-жосықты жол бар. Сол жолдың сүреңі емес пе біз келе жатқан? Қара қазақ түгіл, әлем қожасы Шыңғысханның ұрпағы бірін-бірі аяп көрмеген. Мөңке ханның бір өзінің істегені неге тұрады?».

Шыңғысханның төрт ұлы болған. Жошы, Жағатай, Үгедей, Төле. Төртеуі әлем қожасы Шыңғысхан жаулап алған жерді төрт ұлысқа бөліп, әрқайсысы бір-бір ұлыстан басқарған.

Шыңғысхан өлісімен әлем қожасының төрт ұлының арасында жанжал басталған. Жанжал Шыңғыс ордасы — Қарақұрым Ұлы тағын кім иеленедіден шығды да, аяғы ұлыс арасындағы жер, атақ, бақ тартысына айналады. Жошы мен Төле ұрпағы бір жақ, Үгедей мен Жағатай ұрпағы екінші жақ. Шыңғысхан өлгеннен кейін Қарақұрым тағына Үгедей отырады. Үгедейден кейін ұлы хан оның баласы Күйік болады. Күйіктен кейін Жошының екінші ұлы — Алтын Орданың алғашқы ханы, атақты Батудың арқасында қазақтар Мөңке деп атап кеткен, Төленің үлкен баласы Меңгу Қарақұрымға хан сайланады. Мөңкені хан сайларда, өздерінің күшінің жетпейтінін білген Үгедей мен Жағатайдың балалары толып жатқан сылтау тауып, ұлы құрылтайға келмей қалады.

Тек бір жыл өткеннен кейін, Мөңкенің ызбарынан сескеніп, Үгедей, Жағатайдан тараған бір топ сұлтандар хан тағына құтты болсын айтқалы келеді. Хан оларды үлкен қошаметпен қарсы алады, атағат көрсетеді, бірақ түбінде менің ұрпақтарыммен хан тағына таласатын осылар болар деп, барлығын бір түнде қырғызып тастайды.

Бір мың үш жүз қырық екінші жылы Батудың ұрпағы Алтын Орданы ісләм дініне бағындырған Өзбек хан өлді. Содан кейін Дәшті Қыпшақ жеріндегі осы ханның атымен атала бастаған Өзбек ордасының тағына бір мың төрт жүз жиырма жетінші жылы Әбілқайыр ие болды. Бұл Жошының бесінші ұлы Сайбаннан тараған Дәулет-Шайхы сұлтанның баласы. Қазір оның Мөңке жолы деп отырғаны жоғарғы айтылған Мөңке ханның қанды оқиғасы. Расында да бұл қанды оқиға Шыңғыс ұрпақтарына белгілі сара жолға айналған.

Әбілқайыр теріс бұрылып түсті. «Мөңкеден кейін де бұл қанды жанжал өршелене түскен жоқ па еді? Иә, сөйтті ғой».

Мөңке өлгеннен кейін Шыңғыстан туған төрт ұл ұрпағы төрт дара болып кетеді. «Талас тек Шыңғыстан туған төрт ұл ұрпақтарының арасында болып қойды ма? Жошыдан туған балаларының арасының өзі де сан алуан қанды оқиғаларға айналған жоқ па?» Әбілқайыр ауыр күрсінді. «Иә, Шыңғысханнан кейін бүкіл әлемге аты шыққан Жошының ұлы Батухан мен Төленің балалары Құбылай мен Құлағу болды…

Батухан мен Құлағу бірігіп, Үгедей мен Жағатайдың ұрпақтарына қарсы шықты. Бірақ өздерінің арасы немен бітті? Екі қошқардың басы бір қазанға сыя ма? Егер әлем тоқты болса, бұл екеуі көкжал қасқырлар еді ғой, таласпай-тартыспай қос арлан қалай қисын орталарындағы жылы-жұмсақ бағланды? Түбі екеуінің жолы екі бөлінуге тура келді емес пе…»

Әбілқайыр тағы күрсінді. Кенет оның көз алдында, дәл бүгінгідей, сонау бір бабалар жыр қылған қанды оқиғалар елестей жөнелді.

Бір мың екі жүз отыз бесінші жылы, яғни Мешін жылы, Қарақұрымға бағынышты елге жар салып Үгедей бүкіл Шыңғыс ұрпағын жиды. Осы құрылтайда бүкіл Батысты жаулап алу мәселесі шешілді.

Міне, Батысқа қарай лек-лек боп монғол әскері аттанып бара жатыр. Бұны елу жылдық жаугершілік өмірінде жеңілуді білмеген Сүбітай баһадур мен жиырма сегіз жасар Батухан басқарып келеді… Бұлардың мінгендері кәкір-шүкір тай-тұяқ емес, он күн желіске шыдай алар аласа бойлы, тоқпақ жалды, құшақ құйрықты, кілең сайгүлік шабысты жылқы. Үстерінде сауытты, жалпақ бет, сығыр көз ноян, баһадурлар. Аттарына да тізелеріне дейін сауыт жабылған. Екі жағында жебеге толған екі-үш қорамса, белдерінде қисық жүзді қылыш пен ұзын сапты айбалта, қамал бұзатын тас атқыштарды сүйреу үшін ер қасына байлап алған жуандығы білектей қыл арқан. Әрқайсысында кем дегенде екі садақтан. Кейбір көрікті киінгендердің тақымдарында бір жақ ұшы пышақтай өткір найза. Жеберлерінің ұшы екі жүзді қанжардай өткір, сүйір. Ысылдап келіп қадалса, егер тәнің тастан жаралмаса, ар жағынан бір-ақ өтері хақ. Белге байланған қорамсалар, қазақ батырларыныкіндей емес, талдан иіп тоқылған. Жауынгерлерінің басына киген темір, қола дулығалары анадайдан күнге шағылысып жарқ-жұрқ етеді.

Лек-лек боп, борт-борт желген қалың қосынның будақтатқан шаңы алыстан жер бетінен көтерілген бұлт тәрізді.

Батысты алуға бұл жолы аттанған әскер үш жүз мың! Үш лек қол! Айбарлы да, сұсты да! Кім, оған шыдай алар! Иә, шыдай алған жоқ.

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Похожие книги на «Заговоренный меч (на каз.яз.)»

Представляем Вашему вниманию похожие книги на «Заговоренный меч (на каз.яз.)» списком для выбора. Мы отобрали схожую по названию и смыслу литературу в надежде предоставить читателям больше вариантов отыскать новые, интересные, ещё непрочитанные произведения.


Ильяс Есенберлин - Шесть голов Айдахара
Ильяс Есенберлин
Ильяс Есенберлин - Шестиглавый Айдахар
Ильяс Есенберлин
Ильяс Есенберлин - Гибель Айдахара
Ильяс Есенберлин
Ильяс Есенберлин - Схватка
Ильяс Есенберлин
libcat.ru: книга без обложки
Ильяс Есенберлин
libcat.ru: книга без обложки
Ильяс Есенберлин
Ильяс Есенберлин - Отчаяние
Ильяс Есенберлин
Ильяс Есенберлин - Хан Кене
Ильяс Есенберлин
Ильяс Есенберлин - Заговоренный меч
Ильяс Есенберлин
Ильяс Есенберлин - Мангыстауский фронт
Ильяс Есенберлин
Отзывы о книге «Заговоренный меч (на каз.яз.)»

Обсуждение, отзывы о книге «Заговоренный меч (на каз.яз.)» и просто собственные мнения читателей. Оставьте ваши комментарии, напишите, что Вы думаете о произведении, его смысле или главных героях. Укажите что конкретно понравилось, а что нет, и почему Вы так считаете.

x