Мамлюк мемлекет құлы деген сөз. Шығыс адамдары мемлекет сатып алып гвардия құрғандықтан солай аталған.
Асат, әсет — июнь, июль айлары.
Есірей — қолға түскен тұтқын деген мағынада (ескі қыпшақ термині).
Қытай руы ол кездегі Жетісу маңындағы қазақ руларының бірі.
П а с б а н — (көне түркі тілі) күзетші деген сөз.
Ч и н г а Т ұ р а — қазіргі Тюмень қаласы.
А т а л ы қ, а т е к е — әке орнына әке болып, баланы тәрбиелейтін адам.
Х ұ н у — гунндардың қазақша аты.
А — л у н ь — Арғын деген сөздің қытай транскрипциясы.
Оңтүстік Венгрияда қазылып жатқан әтильдің астанасы Полонния қаласынан табылған өрнек, ескі мұра үлгілері қазақ, әсіресе Арғын руының үлгілерімен іспеттес. Қайсысы қайсысынан алды — белгісіз. Тек екі елдің бір мезгілде өмір сүргенін дәлелдейді.
Е т р а т — көне түркі тілі, жауынгер деген мағынада.
Қ о л а м а н — Комнин — Византия патшасы.
Б а с ы м е л і — «қырық ру» Арғынның арғы атасы.
Т а н — Қытайдың Тан династиясы (VІ—VІІ—VІІІ ғ.ғ)
А р ғ ы н (көне түркі тілінде Арғұн) — ұлы, көп санды деген сөз.
Т а — т а (қытай тілі) — Монғолия мен Манчжурияның күншығыс жағындағы жауынгер ел. Нағашы жұрты болса да Шыңғысхан жаулап алған, әйгілі татар деген сөз осыдан шыққан.
Қотан хан — орыс тарихында Котаян хан деп аталады.
К ө р е н — монғолша, бекінген әскер, лагерь.
К ө р е г е н — Күрен деген сөзден алынған Шыңғыс титулы, қазақ бөтен мағына берген.
Б а т п а н — салмақ өлшемі. Бір батпанда 200–300 грамм ауырлық бар.
Т ұ н ш ы қ п а — астма.
К ө к і л т а ш — бірге туыспаса да, хан шешімі бойынша жас балаға аға болып саналу. Кей көкілташтар өзіне іні еткен хан баласына туған ағасындай болып кеткен.
Х и в а с т е ң і з і — Каспий теңізінің аты.
К ө н е ж е р ө л ш е у м ө л ш е р і — бір тепеде екі шаршы шақырымдай.
Х а н б а л ы қ — осы күнгі Пекин.
Жағатайды қазақтар Шағатай деп те атайды.
Б а с м а л ы — кейде Басым елі деп аталады.
Ж е т е, я ғ н и ш е т е — қарақшы деген мағынада. Моғолдарды шағатайлықтар осылай атаған.
Қ а р б а н а с — қырық рудан жаратылған деген мағынада, моғолдықтар шағатайлықты осылай атаған.
Е с к і ш а ғ а т а й т і л і — уәзір деген мағынада.
П а р у а — көне түркі тілі, хан соңындағы адамдар.
М ү н ә з а р а — көне түркі тілі, талас, өзара шешім табу.
Т ұ т ғ ақ — көне түркі тілі, түнгі күзетші тобы.
М ұ з а л и м — көне түркі тілі, қызмет дәрежесі деген мағынада.
С і н і ш қ ұ с ы — шөл құсы.
Б а с а р — көне түркі тілі, тау жуасы.
Қарбас — көне түркі тілі, мата деген мағынада (сәтен).
М а й с а р ы, М а й м е н е — ханның оң жағында және сол жағында отыратын кеңесшілері. Ұрыс кезінде әскердің оң қолы, сол қолы.
Алтын хан деп көне заманда Қытайдың солтүстігіндегі негізгі көшпелі елдерден құрылған хандықты айтқан.
Қ а р и — құранды жатқа білетін діни адам.
Шыңғысханды бертін келгенше, Шыңғыс ұрпақтарының қазақтан алған әйелдері, қазақ дәстүрі бойынша, Шыңғысхан деп атын атамай, Тыңболат деп келген.
Е т р а қ — сары етрақ дала, сары дала деген мағынада. (Ескі түркі тілі).
А ғ р ұ қ — көне түркі тілі, әскер соңындағы көш. Азық-түлік артқан керуен, кейде жорыққа бірге ала жүретін гарем, хан қызметкерлері.
К е с т а м — көне түркі елі дайындаған ішімдік.
А р б а б — қаланың белгілі адамдары деген мағынада.
Д и й а р — облыc (Парсы тілінде).
Д и в а н (фарсыша) — бұл арада хан кеңесі деген мағынада.