Серік Асылбекұлы - Рәбиғаның махаббаты

Здесь есть возможность читать онлайн «Серік Асылбекұлы - Рәбиғаның махаббаты» — ознакомительный отрывок электронной книги совершенно бесплатно, а после прочтения отрывка купить полную версию. В некоторых случаях можно слушать аудио, скачать через торрент в формате fb2 и присутствует краткое содержание. Год выпуска: 2020, Жанр: Драматургия, на русском языке. Описание произведения, (предисловие) а так же отзывы посетителей доступны на портале библиотеки ЛибКат.

Рәбиғаның махаббаты: краткое содержание, описание и аннотация

Предлагаем к чтению аннотацию, описание, краткое содержание или предисловие (зависит от того, что написал сам автор книги «Рәбиғаның махаббаты»). Если вы не нашли необходимую информацию о книге — напишите в комментариях, мы постараемся отыскать её.

Мектеп партасынан басталатын коммунистік үгіт-насихат пен идеологияның советтік дәуірде мұғалімдердің сана-сезімдеріне мықтап орныққаны сондай, ол жас ұрпақты тәрбиелеуде күні бүгінге дейін өз үстемдігін жоя қойған жоқ. Пьесада махаббат деп аталатын тылсым сезіммен алғаш рет ұшырасқан мектеп оқушысы, жасөспірім Рабиғаның үлкендер әлеміне аяқ басқан сәттердегі басынан кешкендері және оны қазіргі тәрбие, білім беру жүйесінің қалай қабыл алғаны бейнеленеді. Сол кезден бері не өзгеріп, не нәрсе бұрынғы қалпында қалды, міне, бұл сұрақтардың жауабын шығармамен танысып шыққаннан кейін өздеріңіз беретін боласыздар, қадірлі оқырман мен көрермен. PDF-формат издания не отображает используемый в книге шрифт.

Рәбиғаның махаббаты — читать онлайн ознакомительный отрывок

Ниже представлен текст книги, разбитый по страницам. Система сохранения места последней прочитанной страницы, позволяет с удобством читать онлайн бесплатно книгу «Рәбиғаның махаббаты», без необходимости каждый раз заново искать на чём Вы остановились. Поставьте закладку, и сможете в любой момент перейти на страницу, на которой закончили чтение.

Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Қалаубай.Иә, сосын Рәбиға класта қалды ма, жоқ әлде шығып кетті ме?

Айжан.Рәбиға дір-дір етіп, орнына қайта отырды. Сол отырғанан қашан сабақ біткенше қыбыр етпестен қақшиды да қалды. Түрі кісі аяғандай: көздері мөлт-мөлт етеді.

Сабақ біткен соң балалар үйді-үйлеріне тарай бастады. Мен Рәбиғаны жалғыз тастап кете алмай, есіктің алдына – дәлізге шығып күтіп тұрдым. Іштен апайдың ашулы даусы естіліп жатты. Мен былайырақ ысырылып тұрдым, өйткені біреулердің әңгімесіне тыңшыға ұқсап сырттан құлақ түрген ұят сияқты. Осы кезде дәлізде мектептің үй сыпырушысы Жамал апай еден жуып жүрді. «Әй , қыз, сен неменеге қақиып тұрсың, қайтпаймысың?» деді ол маған дәліздің ана басынан айқайлап.Мен не айтарымды білмегендіктен, үндемей тұра бердім. «Мына қыздың тілі байланып қалған ба, қара тігілгір!…» деді ол кісі күңкілдеп…

Қамқа.Сонда айтып тұрғаныңның бәрі осы бүгін болған жағдай ма?

Айжан.Иә, бүгін түсте.

Қалаубай /шыдамсызданып /. Дұрыс. Жамал апайың сонан соң не істеді? Бәрін болған күйінде, қалдырмай айта бер.

Айжан.Ол кісі сол еденді жуған күйі бір кезде біздің кластың тұсына жетті. Сөйтті де жалма-жан қолындағы шелегін қоя салып, іштегілердің әңгімесіне құлақ түре қойды. Кәрі кісі емес пе. «Мыналар не деп жатыр? – деді сосын маған бұрылып. – Мынау әлгі көк көз бе шаңқылдап жатқан? Әйтеуір сол-ақ бүлінеді де жүреді екен».

Оның «көк көз» деп тұрғаны Роза апай екенін мен түсіндім, бірақ Жамал апаға «білмеймін» деп басымды шайқадым. Жамал апай дереу біздің кластың есігін ашып жіберді де: «Әй, неменеге быжылдап жатсың? Бол енді, «кләсті» босатыңдар, «пол жуам», – деді. Роза апай ол кісіге де бірдеңе деп дүрсе қоя берді, бірақ не айтқанын аңғармай қалдым. Жамал апай есікті сарт еткізіп қайта жапты да, бұрқылдап жүріп жұмысына қайта кірісті.

Бір кезде шиедей қып-қызыл болып кеткен Рәбиға есіктен атып шықты. Ол менің өзін күтіп тұрғанымды көрсе де, көрмеген боп, жанымнан жүгіріп өтті. Мен қуа жөнелдім. Екеуміз мектептің сыртқы есігіне қатар жеттік. Осы кезде қарсы алдымыздан Мадрид ағай ұшырасты. Рәбиға бір секундқа қалт тұра қалды да, оған көздерін жиренішті ұшқын атып, жалт қарады. Сонан соң қайтадан жүгіре жөнелді.

Интернатқа келсем, ол төсегінде бүк түсіп, солқылдап жылап жатыр екен. Мен әрі-бері жұбатып едім көнбеді. «Айжан, сен асханаға бара берші, мен артыңнан барам. Құдай үшін, баршы, жалынам!.. – деді даусы қалтырап. Мен амалсыздан асханаға кеттім. / Айжан осы араға келгенде қайтадан көздері мөлтілдеп, жылап қоя берді. / Сол үшін өзімді ешқашан кешірмеймін!…

Асханаға барып қайтып келсем, Рәбиға еденде сұлқ түсіп, құсып жатыр… Қасында сірке суының бос құтысы… Мен қорыққаннан шыңғырып жібердім, тәрбиеші апайларға қарай жүгірдім. Одан кейінгісін несін айтам, бәрі белгілі ғой…

Бөлмедегілер бір сәтке тым-тырыс тына қалды. Жым-жырт. Осы жым-жырт тыныштықты бірінші болып бұзуға ешкімнің батылы жетпейтіндей. Кенет есік сарт ашылып, ішке ентіге басып Роза жетіп келеді. Өңі құп-қу. Ол салғаннан біресе бөлменің орта тұсында жылап тұрған Айжанға, біресе ауыздарына су ұрттап алғандай сам-саэ болып қалған әріптестеріне – мұғалімдерге күдіктене қарайды.

Қалаубай/ қипақтап /. Айжан қарағым, сен енді боссың, бара ғой…/ Айжан кетеді. Қалаубай мұғалімдерге бұрылып ./ Ал енді тездетіп ауруханаға баруымыз керек екі-үшеуіміздің. Ана баланың артынан… Соған кімді жіберуді ойласқалы шақырып отырмын. Мектепте барларыңызды.

Мұғалімдер жалтақтап бір-біріне қарайды.

Қамқа.Өзің бастап барғаның дұрыс қой. Сосын мына Ұлықпан мен Розаның барғаны мақүл болар. Біреуі класс жетекшісі, біреуі…

Қалаубай./ Қамқаның сөзін бөліп /. Дұрыс. Басқа ұсыныс жоқ па?

Роза. /көздері ашу отымен жарқырап, біресе Қамқаға, біресе Қалаубайға қадала қарап алып./ Жоқ , мен бармаймын . Барғыш болсаңдар өздерің бара беріңдер, білдіңдер ме!.. Неге мен баруға тиіспін?!. /Еріндері дір-дір етіп жылап қоя береді./ Бармаймын мен!..

Қамқа/ шытынап/. Неге бармайсың? Сен бармағанда кім барады сонда?

Роза/ Қамқаға қарап шаңқылдап /. Жайыңа отыр, білдің бе? Білем сенің ойыңды! Әнеукүнгі өшіңді алмақсың ғой! Ол қыздың алдында менің ешқандай кінәм жоқ.

1-мұғалима.Роза, қойсаңшы енді!… Сені кінәлап жатқан кім бар?

2-мұғалима.Сен бармасаң, басқа біреу табылар, көпшілік қой.

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Похожие книги на «Рәбиғаның махаббаты»

Представляем Вашему вниманию похожие книги на «Рәбиғаның махаббаты» списком для выбора. Мы отобрали схожую по названию и смыслу литературу в надежде предоставить читателям больше вариантов отыскать новые, интересные, ещё непрочитанные произведения.


Отзывы о книге «Рәбиғаның махаббаты»

Обсуждение, отзывы о книге «Рәбиғаның махаббаты» и просто собственные мнения читателей. Оставьте ваши комментарии, напишите, что Вы думаете о произведении, его смысле или главных героях. Укажите что конкретно понравилось, а что нет, и почему Вы так считаете.

x