Серік Асылбекұлы - Күзгі романс

Здесь есть возможность читать онлайн «Серік Асылбекұлы - Күзгі романс» — ознакомительный отрывок электронной книги совершенно бесплатно, а после прочтения отрывка купить полную версию. В некоторых случаях можно слушать аудио, скачать через торрент в формате fb2 и присутствует краткое содержание. Год выпуска: 2020, Жанр: Драматургия, на русском языке. Описание произведения, (предисловие) а так же отзывы посетителей доступны на портале библиотеки ЛибКат.

Күзгі романс: краткое содержание, описание и аннотация

Предлагаем к чтению аннотацию, описание, краткое содержание или предисловие (зависит от того, что написал сам автор книги «Күзгі романс»). Если вы не нашли необходимую информацию о книге — напишите в комментариях, мы постараемся отыскать её.

Белгілі қазақ жазушысы, драматургы Серік Асылбекұлының пьесалары 1990 жылдардан бері Қазақ және Қырғыз академиялық драма театрларының сахналарында табыспен қойылып келеді. Оның Сіздердің назарларыңызға ұсынылып отырған «Күзгі романс» атты туындысына 2005 жылы Қазақстан республикалық конкурсында бас жүлде берілген. Бұл өмірде адамдар нені көксейді? Әрине, әркім ең алдымен тіршіліктен өз бақытын іздесе керек. Ал бақыт дегеніміз не өзі? Жұмыр басты пенде шіркін оған қайткенде қол жеткізбек? Әлде біздің бәріміз мына күнаhар тіршіліктен табиғатта мүлде жоқ нәрсені, ешқашан қолға түспейтін құр сағымды қуалап босқа арамтер болып жүрміз бе? Міне, «Күзгі романстың» кейіпкерлері осы жұмбақтың шешімін іздеп, басын тауға да, тасқа да ұрады. PDF-формат издания не отображает используемый в книге шрифт.

Күзгі романс — читать онлайн ознакомительный отрывок

Ниже представлен текст книги, разбитый по страницам. Система сохранения места последней прочитанной страницы, позволяет с удобством читать онлайн бесплатно книгу «Күзгі романс», без необходимости каждый раз заново искать на чём Вы остановились. Поставьте закладку, и сможете в любой момент перейти на страницу, на которой закончили чтение.

Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Назым.( Екі бүйірін таянып, Сайлауға жақындай түсіп ). Мен саған дальше деп тұрмын ғой! Қалай ұрсуды сен маған үйретпе, білдің бе?! (Тістеніп). Дальше деймін мен саған!..

Сайлау.Дальше болса… Кәдімгі күз болатын. Сары ала жапырақтар жерге төгіліп жатқан. Дәл осы кездегідей, тамыз ба, қыркүйек пе, анық есімде жоқ…

Назым. Оны бағана айтқансың. Сары ала жапырақтар дейді ғой маған!..

Сайлау. Енді кісінің сөзі бөле бермесеңші! Өзі айт-айт дейді де…

Назым.Ойпырмай-ә?! Жарайды. Жалғастыр.

Сайлау.Әйтеуір Медеуде «Азия дауысы» фестивалі жүріп жатқан Жексен, Мұрат, мен – үшеуміз концерт көріп отырғанбыз. Стадионда. Бір кезде Жексен мен мұрат буфеттен сыра әкелуге кетті де, мен орнымызды біреулер алып қоймас үшін күзетте қалдым.

Назым.( Кекетіп ). Әбден шөлдеп қалған екенсіңдер ғой!..

Сайлау. Күн ыстық болатын.

Назым. Саған сол сыраны қақаған қыста әкеп берсе де, бас тартпайсың. Білеміз ғой жайыңды.

Сайлау.Сен мені тыңдайсың ба, жоқ әңгімені осы жерден тоқтатайын ба?

Назым. ( Кекетіп ). Жо-жоқ, неге тоқтатасың, тоқтатпа, қызық жеріне жаңа ғана келе жатырмыз ғой.

Сайлау.Сонымен арасында сахнаға фестивальдің құрметті қонағы ретінде шақырылған Алла Пугачева шықты да, өзінің әлгі жиі айтатын әні бар ғой, «Күзгі романс» деген, соны орындай бастады.

Назым.Қандай-қандай?!. «Күзгі сүйіс» деген әні бар еді, мүмкін сол шығар… Так, сонымен…

Сайлау.Білмеймін, әйтеуір сол әнді Сюзанна «Күзгі романс» деп атайтын.

Назым. Сюзаннасы кім тағы?

Сайлау.Енді айтайын да…

Назым.( Ызалана мырс етіп ). А-а-а, әлгі жалбыр шаш екен ғой! Сюзанна-мюзанна!.. Немене еді әлгі… Жаман иттің атын Бөрібасар қояды деп. О баста Салима ма, Сақыш па – әйтеуір сондай бірдеңе шығар. Сюзаннашылдарын өздерінің!..

Сайлау. Жоқ, паспортында да солай – Сюзанна…

Назым. Ім-м, паспортына дейін тексердім де…

Сайлау.Жо-жоқ. Бір рет аялдамада тұрғанбыз. Кісі көп. Соның арасынша троллейбус келіп қалда да, біздің кісілерді білесің ғой, жұрт бірін-бірі итере-митере есікке қарай лап қойды. Біреу Сюзаннаның сумкасын байқамай қағып кетті. Оның ішіндегілері жерге шашылып қалды. Сол шашылған заттардың арасында паспорты да бар екен. Мен шашылған заттарды жинастырып жүргенде, әлгі паспорттағы жазуға көзім түсіп кетті.

Назым. Шашылып қалған заттарына дейін жинастырып жүремін де. Менің заттарым шашылып қалса ғой, еңкеюге де ерінер едің. Ал қайдағы бір албастының заттары шашылса…

Сайлау. Сен біреудің арына тимей сөйлей алмайсың ба осы?!

Назым.Кімнің-кімнің?!

Сайлау.(Даусын көтеріп, орнынан ұшып түрегелді). Албастың не енді?! Ол да кәдімгі … Сен секілді… нормальный әйел…

Назым.Ойбай, мынау қайтеді-әй! Әй, сенің не қимаң қышып бара жатыр, а? Айтсам, мен сені емес оны айтып тұрмын ғой. Айтпақшы, осы жаңа сен не дедің?

Сайлау.Ол да сен секілді нормальный әйел дедім. Тіпті…

Назым. Тіпті?!. Ал сонан соң… Тіпті менен де артық демексің ғой. Кәне, жоғал, қараңды батыр бұл үйден! Қазірден бастап табаныңды жалтырат!.. Ойбай-ау, бұл бүгіннен бергісі аздай, тіпті дейді ғой маған!..

Сайлау.Сен шын айтып тұрсың ба?

Назым.Болды, сөйлеме! Қазір ана киім-кешектеріңді ал да, қайқай!..

Сайлау.Енді айтып болайын да аяғына дейін…

Назым.Өшір үніңді!.. Керек еді маған сендердің любовный историяларың. Мүмкін сенің маған онымен бірге қалай жатып шыққаныңды да айтып бергің келіп тұрған шығар?!

Сайлау.Түһ, сен де бір!.. Егер сенсең, екеуміздің арамызда дәл сен ойлағандай ештеңе болған жоқ! Қандай мнительный адамсың…

Назым.Немене-немене?..

Сайлау.Мнительный, күдікшіл деймін…

Назым . Ал сенің өзің ше? Сен сондай идеальныйсың, ә!?. Кереметсің, ә?! Сендей еркек дүние жүзінде жоқ, ә?! Ой, қандай противныйсың!.. Мен саған шық дедім ғой бұл үйден!

Сайлау.( Кенет батылданып ). Қазір-қазір… Өзімнің де осы үйден қарамды батырғым келіп жүр еді…

Сайлау стенканың есігін ашып, біртіндеп киім-кешектерін, өзіне тиесілі басқа да заттарын жинастыра бастады. (Назымға бұрылып). Менің ана командировкаға шыққанда ұстайтын польский қара чемоданым қайда?

Назым.Мен сенің чемоданыңның күзетшісі ме едім? Тап өзің керек болса! Вообще, енді сен менен бірдеңе сұрағаныңды қой, біз екеуміз бүгіннен бастап айырылысқан адамдармыз!..

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Похожие книги на «Күзгі романс»

Представляем Вашему вниманию похожие книги на «Күзгі романс» списком для выбора. Мы отобрали схожую по названию и смыслу литературу в надежде предоставить читателям больше вариантов отыскать новые, интересные, ещё непрочитанные произведения.


Отзывы о книге «Күзгі романс»

Обсуждение, отзывы о книге «Күзгі романс» и просто собственные мнения читателей. Оставьте ваши комментарии, напишите, что Вы думаете о произведении, его смысле или главных героях. Укажите что конкретно понравилось, а что нет, и почему Вы так считаете.

x