Кеңес Оразбекұлы - Қанатты сөз – қазына. 2-кітап

Здесь есть возможность читать онлайн «Кеңес Оразбекұлы - Қанатты сөз – қазына. 2-кітап» — ознакомительный отрывок электронной книги совершенно бесплатно, а после прочтения отрывка купить полную версию. В некоторых случаях можно слушать аудио, скачать через торрент в формате fb2 и присутствует краткое содержание. ISBN: , Жанр: Языкознание, на русском языке. Описание произведения, (предисловие) а так же отзывы посетителей доступны на портале библиотеки ЛибКат.

Қанатты сөз – қазына. 2-кітап: краткое содержание, описание и аннотация

Предлагаем к чтению аннотацию, описание, краткое содержание или предисловие (зависит от того, что написал сам автор книги «Қанатты сөз – қазына. 2-кітап»). Если вы не нашли необходимую информацию о книге — напишите в комментариях, мы постараемся отыскать её.

«Қанатты сөз – қазынаның» 2-кітабында халық арасына кең тараған мақал-мәтел, қанатты сөздердің 700-ден аса бірлігін жинап, қамтыдық. Олардың шығып-қалыптасу тегін танымал жазушылар, этнографтар, тарихшылар мен журналистердің, тағы басқа мамандық иелерінің халық салт-дәстүрлері мен этнографиясы, тарихы мен өмір-тіршілігіне қатысты ой-түйіндеу, мысал-деректері арқылы дәлелдеп көрсетіп, әр қайсысының мағыналарын ашып, түсіндірмелерімен толықтырып отырмыз.

Қанатты сөз – қазына. 2-кітап — читать онлайн ознакомительный отрывок

Ниже представлен текст книги, разбитый по страницам. Система сохранения места последней прочитанной страницы, позволяет с удобством читать онлайн бесплатно книгу «Қанатты сөз – қазына. 2-кітап», без необходимости каждый раз заново искать на чём Вы остановились. Поставьте закладку, и сможете в любой момент перейти на страницу, на которой закончили чтение.

Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

АЙ КӨРДІМ АМАН КӨРДІМ,

БАЯҒЫДАЙ ЗАМАН КӨРДІМ.

ЕСКІ АЙДА ЕСІРКЕДІҢ

ЖАҢА АЙДА ЖАРЫЛҚА

«…Алғашқы адамдар Айды, Күнді, жұлдыздарды немесе табиғат құбылыстарын жанды зат есебінде санап, өздерінің тағдыры, болашағы, істеген ісінің сәтті немесе сәтсіз болуы солардың мейірбандылығында деп ұққан. Бұған мысал дінге сенуші қарттардың жаңа Ай туғанда: „Ай көрдім аман көрдім, баяғыдай заман көрдім. Ескі айда есіркедің, жаңа айда жарылқа“ – дейтіні дәлел бола алады». (С. Мұқанов, 77.43-б.).

Халқымыз көне заманнан келе жатқан жоралғы бойнша, өткен күндеріне шүкіршілік, тәуба етіп, болашақ күндерден көп үміт күткен. Сол сенім бойынша жаңа туған айға қарап, алақан жая отырып, жоғарыдағы төрт жол өлеңді қайталап, алдағы өмірлеріне жақсы тілек, лебіздер айтып, бата қайыруды дәстүрге айналдырған. Сол дәстүр әлі де ұмытылмай келеді.

АЙ ҚЫРЫНАН ТУСА, АЙБАЛТАҢДЫ САЙЛА,

АЙ ШАЛҚАСЫНАН ТУСА, КҮРЕГІҢДІ САЙЛА

«…Онан соң:

Ай қырынан туса, айбалтаңды сайла,

Ай шалқасынан туса, күрегіңді сайла,

деген де мақал бар. Бұл ертеректе, шапқыншылық заманда шық-қан мақал. Ай қырынан (тігінен) туса, жаз шыға бастайды, жорыққа аттану да көбейеді. Ал шалқасынан туғаны қыстың белгісі». (Х. Әбішев, 18. 36-б.).

Бұл мақалды бүгінде былайша келтіреді:

Айдың тік тұрғаны

Өзіне жайсыз, халыққа жайлы.

Шалқасынан туғаны

Өзіне жайлы, халыққа жайсыз.

Яғни, Ай тігінен туса, ауа райы шаруаға жайлы, жылы болады. Ал, Ай шалқасынан жатса, ай суық, жайсыз болып өтеді. Оны көрген адам: «Ай шалқасынан жатыр, үскірік болады десейші», – деп үрейленеді.

АЙ МҮЙІЗДІ АЛТЫ КҮН,

ҚАҺАРЛЫ КЕЛСЕ – ҚАТТЫ КҮН,

ҚЫРЫНА АЛСА – ҚЫРЫҚ КҮН

«Кейбір жылдары, мысалы ақ қоян жылы қыс қатты болып, көпке дейін күннің сағы сынбай тұрады. Малға жайсыздау тиетін мұндай кездегі амалды „ай мүйізді алты күн, қаһарлы келсе – қатты күн, қырына алса – қырық күн“ дейді». (Н. Уәлиұлы. 9.).

Бұл қыс мезгілінде, әсіресе ақпан айында келетін қарлы-боранды амалдың бірі. Бұл амал кей жылдары ақпаннан наурызға дейін созылып кетеді. Қыс қатты болған жылдары жұтқа ұрындыруы мүмкін.

АЙНАЛАЙЫН

«Көңіл хошын білдіретін осы бір сөз көне заманғы салттан қалған, бұл салт бойынша науқас адамды емдеу үшін оның басынан бір нәрсе айналдыратын, сонан соң оны – мал болса, соятын, зат болса, кедейлерге садақаға беретін болған», – деп жазады да (Ә. Диваев – К.О.), дәлелі ретінде Будаговтың сөздігіне сүйенеді…

Бұл жерде автор бұрын аурудың басынан айналдырып әкетілген малды не затты садақа етіп берудің болғанын меңзейді, расында да «айналайын», «садағаң кетейін» деген сөздер, сөз тіркестері осындай әдеттен туған болса керек». (Ф. Оразаева, 30.27-б.).

Сол мал сияқты айналып, садағаң болайын деген ойдың қысқарған мәні. Бүгінде бұл сөз тіркесі еркелету, ерекше жақсы көру мағынасында ұғынылады. Қаратпа сөз ретінде де айтылады.

АЙЛЫАДЫР

«Айлыадыр (Айдадыр) – Маңғыстау қазақтарының тіліндегі Түрікменстанның, сондай-ақ түрікмендердің атауы.

«…Елдің арты – Айладыр.

Айладырды аударып,

Маңғыстаудың қара ойын

Адай халқы жерлеген…»

(Сәттігұл «Досан батыр»).

Түрікменстан территориясының негізгі бөлігін құмды жертараптар (ландшафтар) алып жатыр, сондықтан да түрікмен тілінде құмға қатысты жағырапиялық атаулар көп. Маңғыстаулықтар бархан деген құмды бедердің қазақша баламасы болмағандықтан, оның сыртқы пішініне қарап «айлы», «айпішінді» деп, ал жалпы құм бетінің ойлы-төбелі тегіс еместіктерін қатты тілімделген «адырларға» балап, тұтас аймақты «Айлыадыр» деген поэтикалық атаумен атаған». (С. Қон-дыбаев, 9. 6.10.1994.)

Бархан деген сөздің орнына «айлыадыр» деп қолдануға болатын сияқты.

АЙ ТОЛҒАНЫН БІЛМЕС, ЖІГІТ БОЛҒАНЫН БІЛМЕС

«Жырау соңында жүрген кісі Айға көзі түсіп кеткенде:

Ай толғанын білмес,

Жігіт болғанын білмес, —

деп айдың ортасы болып қалғанына, уақыттың тез өтіп бара жатқанына таңырқайды. Ай 15-інде толып, одан кейін орталап, кеми береді.

…Ортасы (15-і) кезінде Ай тура күнге қарама-қарсы тұрады да, бізге толған Ай болып көрінеді. Міне, сондықтан бұл мезетте – Айдың 15-інде Күн де батады (ұясына қонады), Ай да туады. Күн батып бара жатқанда, Ай туып келе жатады, сонда оның шарасы толық болады». (Х. Әбішев, 18. 37-б.).

Өмір өткінші, айдың қалай лезде өткенін, құлдыраңдап ойнап жүрген баланың қалай ер жетіп, азамат, жігіт болғанын аңғармай да қаласың дегенге меңзейді.

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Похожие книги на «Қанатты сөз – қазына. 2-кітап»

Представляем Вашему вниманию похожие книги на «Қанатты сөз – қазына. 2-кітап» списком для выбора. Мы отобрали схожую по названию и смыслу литературу в надежде предоставить читателям больше вариантов отыскать новые, интересные, ещё непрочитанные произведения.


Отзывы о книге «Қанатты сөз – қазына. 2-кітап»

Обсуждение, отзывы о книге «Қанатты сөз – қазына. 2-кітап» и просто собственные мнения читателей. Оставьте ваши комментарии, напишите, что Вы думаете о произведении, его смысле или главных героях. Укажите что конкретно понравилось, а что нет, и почему Вы так считаете.

x