Ертеректегі түсініктер бүгінгі таңдағы түсініктерге қарағанда керісінше жақсы, әрі дұрыс пайымдаған. Бір мақаланы оқығанымда былай жазыпты: «Егерде Әбу Ибн Синаны қазіргі ғалымдардың арасына қосып, яғни ғылыми конференция ұйымдастырса, ол қазіргі ғалымдардың ой-пікірлерін түсінбес еді», – дейді, яғни бүгіңгі таңдағы ғалымдардың ойларымен сәйкес болмайды, бір пікірге келмейді деп қабылдасақ болады. Алайда олай емес, мысалы 12 ғасырда өмір сүрген Омар Хайямның бізге қалдырған мұраларының бірі бұл оның жазған өлеңдері. Сол өлеңдерінің орыс тіліне аударған аударма жазбаларын оқыған. Сонда ол айтады: «Всевышнему богу не усы твои, ни борода твоя не нужна» деп жазылған. Ал қазіргі таңдағы көзқарастарға сүйенсек, Құранның сүрелерін оқып, намазға жығылсаң ғана жұмаққа барасың дейді. Онымен келісеімін, ал хиджабты неге киесіңдер, сақалдарын неге өсіреді?!Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі былай айтқан: «Жастардың Алла Тағалаға сеніп, ислам дініне бет бұрғандары жақсы, алайда сол киген хиджабтары сәнге айналып кетпесе болғаны» деп пайымдаған болатын. Алайда Елбасымыз орысша сұхбат берген болатын, сондықтан менің қазақшалап өз сөздеріммен жазғаным, елбасымыздың айтқан ой —толғауларынан алыстап кетпеген шығар деп ойлаймын. Қасиетті Құранда ұятты жерлерің жабық болсын дегені рас, ашық-шашық киінген дұрыс емес.
Тағы бір жайтты естеріңізге түсірелік, ақындарды – философ деп атаған болатынбыз. Бұны бүкіл дүниежүзі мойындаған, мысалы 1990 жылы Ресейдің Мәскеу қаласындағы типографиялық баспаханада «Разум сердце» деген кітап басылып шыққан. Сол кітапта экономисттердің, ақындардың, саясаткерлердің айтқан философиялық ойлары жазылған. Бүгінде аты шулы болмаса да, бәрімізге таныс Мұхамеджан Тазабековтың жазған өлең шумақтары «Дін- ислам діңгегім». Осы өлеңін алып оқысақ, философиялық ойлардан құрылған. «Бара алсаң адалдықтың ақ жолымен, бейіштің есігінде құлып болмайды, адамдар бейіш жаққа бару үшін Меккеде зыр жүгіруі міндетті емес» деген өлең жолдарына зер салсақ, Омар Хайяның ойымен жаналап (жанама) өтеді, яғни жұмаққа бару үшін хиджаб кию не болмаса сақалыңды өсіріп, Құранның сүрелері мен намазға жығылып оқудын қажеті жоқ. Ең бастысы шүкіршілік етіп, сауап қылу керек. Мұхамеджан Тазабеков ағамыздың осы өлеңінде былай жазған болатын: «Тәубе қылсаң, сауап қылсаң күнәңнан түк қалмайды». Бірақ біз бір Алланың құлы екенімізді және Оған қызмет етуіміз шарт.
Адам баласы өз қасиеттерінен айырылғандары соншалық олар өздерінен бұрын ақшаны ойлайды. Мысалы қазіргі таңда бір қауіп, қайғы —қасіреттің бірі Иранның АҚШ-пен соғысу қаупі, бұл жерде адамдардың өмірін сақтаудың әдістерін ойлаудың орнына басқа мемлекеттердің экономистері елдерінің экономикалық жағдайын қарастырып, талдап терең ойға батуда. Міне бүгінгі адамның қасиеттерінің көрінісі. Тағы бір нәрсе ойыма келгені, мүмкін бос сандырақ шығар дегенмен айтайын. Адамзат баласы соғысқа барса және тағы басқа да факторлардан мүгедек болады. Ал енді сұрақ неге адам дүниеге келгенде мүгедек болады, бұл жерде полигондарды айтса болады, алайда бұл полигондық жарылыстар басты фактор немесе түсінік бере алмайды. Адамдардың мүгедек болуы жер бетінде қанды төгістің болуы, яғни кішкентай қарапайым қылмыстан бастап мемлекет аралық соғыстарға дейін. Яғни менің ойымша Алла Тағалланың бізге айтайын деген сөзі шығар: «Құлдарым сендер жақсылыққа жорып, түзу жолмен жүріңдер, ешқандай соғыс немесе қылмыс жасамаңдар, өйткені соғыстар ештеңе де ұтпайсыңдар, тек жақындарыңнан айырылып, кейбіреулерің мүгедек болып өмірлеріннің соңына дейін қиыншылықпен өткізесіңдер, ал егер мен сендерде мүгедек қылып жаратсам, осыған не дейсіндер?!Мүмкін мүгедек болсаңдар соғысатын адамда болмайтын шығар?!» деген ой келді маған. Әрине дұрыс болсын, бұрыс болсын, дегенмен бұл менің ойым мен қиялым. Ақша деген адамдардың, яғни жалпы қоғамға пайдасы тию керек, одан зиян көрсе берекесіз ақша бұл. Әйгілі Эндрю Карнеги бизнесмен айтқан «Жинаған бар байлығың қоғам мен Құдайдың жолында жұмсамасаң, онда не пайдасы бар?!».
Өмірдегі бір қызық нәрсе барлығы да бір- бірімен байланысқан және байланыстыруға болады. Мысалы орыс халқының мынадай мақалы бар: «Чем выше поднимаешься, тем больнее падать». Былай қарасаң бұл физиканың заңдылығы, яғни кез- келген дененің биіктен құлағанда кинетикалық энергиясы артып, гравитация мен оның массасына қарай жоғарғы күшке ие бола отырып, жерге қатты соғылады, ал жерге соғылу нәтижесінде ол сынады немесе жарақат алады, яғни оның тірі не өлі заттық қасиетіне байланысты. Ал енді осы сөзді философия жағынан қарастырсақ, адамның өмірде белгілі бір деңгейге немесе статусқа ие болғанда, оның сол статусына я болмаса беделінен айырылу мүмкіндігі туған жағдайда, жағдайдың мәз емес екендігін анықтауға болады. Сондықтан естеріңізде жүрсін: «Өмір- толған философия».
Читать дальше