Нариман Абылайулы - Кедей ұқсап ойлама (Не думай, как бедный)

Здесь есть возможность читать онлайн «Нариман Абылайулы - Кедей ұқсап ойлама (Не думай, как бедный)» — ознакомительный отрывок электронной книги совершенно бесплатно, а после прочтения отрывка купить полную версию. В некоторых случаях можно слушать аудио, скачать через торрент в формате fb2 и присутствует краткое содержание. ISBN: , Жанр: popular_business, на русском языке. Описание произведения, (предисловие) а так же отзывы посетителей доступны на портале библиотеки ЛибКат.

Кедей ұқсап ойлама (Не думай, как бедный): краткое содержание, описание и аннотация

Предлагаем к чтению аннотацию, описание, краткое содержание или предисловие (зависит от того, что написал сам автор книги «Кедей ұқсап ойлама (Не думай, как бедный)»). Если вы не нашли необходимую информацию о книге — напишите в комментариях, мы постараемся отыскать её.

Кітапта адамның жалпы көзқарасы мен қаржылық жағынан ереже-кеңестер келтіріліп, өмірдегі жеке басынан өткен тәжірибе мен өзгелердің қателіктері мен істері арқылы жарық көрген кітап

Кедей ұқсап ойлама (Не думай, как бедный) — читать онлайн ознакомительный отрывок

Ниже представлен текст книги, разбитый по страницам. Система сохранения места последней прочитанной страницы, позволяет с удобством читать онлайн бесплатно книгу «Кедей ұқсап ойлама (Не думай, как бедный)», без необходимости каждый раз заново искать на чём Вы остановились. Поставьте закладку, и сможете в любой момент перейти на страницу, на которой закончили чтение.

Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Жалпы мен ойымды қорытындылайтын болсам, «философияның рөлі, маңыздылығы»деген сұраққа қысқаша жауап қайтарайын. Негізгі айтпақ ойым, былай болмақ, философия бұл даналыққа құштарлық қана емес, бұл өмірге деген жалпы құштарлық. Мысал келтірсем, біздің елімізде және басқа елдерде өте ауыр, жаман жағдай – демографиялық апат десем қателеспеймін деп толық айта аламын, қылмыстар көбейіп, өзін-өзіне қол жұмсау дегендей, бұл масқара?!! Ал философияда экзестенциализм деген ұғым бар, яғни өмір сүру немесе өмір сүру философиясы десек, онда бұл жалпы философия пәнін мектепте, колледж, жоғарғы оқу орындарында пән ретінде оқыту керек. Мысалы 10 мен 11 сыныптағы оқытылатын пәндердің оқулықтары жіп-жіңішке, яғни ақпарат аз, себебі ол ақпараттар 5—9 сыныпта аралығында айтылып, қайталанылып болды. Бір нәрсені, бір ақпаратты көпірте бергенше, осын пәнді оқытса деп ойлаймын, онымен қоса мәдениеттану, социология (қоғамтану), тіпті дінтану болса тіпті керемет болар еді. Жаңа ғана мен айтқанымдай өмір сүру философиясы, дәлірек әрі жалпылама айтқанда «философия адамды адам қылып қалыптастырады және өмірді қалай қадірлеуін түсінуге көмектеседі» деп ойлап мен тұжырымға келемін. Кім біледі мүмкін мен қателесіп жатқаным да шығар, бірақ бұл менің ойым, сондықтан менің бұл тұжырымдамама дұрыс көзқараспен қарайтын шығарсыз деп үміттенемін. Өзімді айтатын болсам, бұрын «Гарри Поттер және философиялық тас» киноны көргенде, философияның не екенін түсінбей жүретінмін, сол кинода оның қандай рөлі бар деп? Ал бала кезімдегі ойыммен сендермен бөлісейін, философиялық тас қайда, неге киноның соңында оны тауып, көрсетпеді. Яғни мен философиялық тасты көз алдыма елестеткенде, мен оны алмаз секілді тас шығар деп ойлайтынмын.

Ал енді сендерге философия пәнімен танысқаннан кейінгі ойыма келген ойымды ортаға салайын. Кинода Гарри Поттердің және басқа оқушылардың даналыққа, білімге деген құштарлығын көруге болатынын енді түсіндім. Ал бала философияны оқып, философиялық ойларды миына тоқыса, онда ол өмірдегі қиыншылықтардан қашатын бір -ақ жол, ол «өлім» деген ойдан арылады деп ойлаймын. Ал енді менің соңғы сөзім, қазақ халқымыз текке айтпайды ғой, «ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле», немесе орыс халқы оны былай пайымдайды «думай, прежде чем говорить» дегендей, философияның және басқа да ғылымның салаларына деген көзқарасыңызды білдіріп айтар кезде ойланыңыз, және олардың біз үшін өмірде маңызы бар ма жоқ па?!

Философия -бұл дүниенің пайда болуын үш негізде түсіндіреді, яғни пайда болу себептері ретінде аңыз, философия және дінді негізге ала отырады. Философия дегеніміз бұл білімге құштарлық, махаббат, яғни бірнәрсені жаттап айтып беру емес, түсіне білу, дұрыс қабылдау болып табылады. Мысалы ретінде Ұлттық Бірыңғай тестілеуге дайындалатын оқушыларды алсақ, олардың тестілеу алдында дайындалып жинаған 125 ұпай болса немесе төмен болса да, бұл оқушылардың білімінің деңгейін анықтап көрсете алмайды, себебі жаттап дайындалғанында. Тек оқушылар ғана емес, студенттердің жинаған жалпы ұпайлары олардың білімін көрсетпейді. Нағыз білім деп адамның кез – келген уақытта сол сұраққа жауап бере алу қабілеті. Ал бірнәрсені білу, я болмаса бір жұмбақтың сырын ашу, іздену бұл білімге деген құштарлық, яғни философия. Ал философия кәсіпорын немесе жалпы атау ретінде ұйым секілді алдына мақсат қойып, соған жетуге тырысады, және ол кез-келген ұйым сияқты ішкі және сыртқы факторларды қарастырып, ескереді. Сіз де өмірде де, бизнес те де, дін мәселесінде ақпаратты алған кезде, оны қорыта біліп басқа да факторларды ескере отырып қабылдап, керек кезінде оны дұрыс пайдалана білу. Себебі көп білімнен не пайда, пайдасыз іске немесе мүлдем қолданбаса? Бизнесті қалай істеу керектігін үйрететіндер көп, алайда шынымен тәжірибе жүзінде алған білі бар бизнесмендер аз.

Осы философиядағы гуманизм бағыты өз алдына екі ғылымның ажырамас бөліктеріне айналған, яғни әдебиет те, мәдениет те қарастырылады. Әлде мен қателесіп тұрмын ба?!Осы гуманиз, яғни адамның қасиеттеріне тоқталсам деймін. Адам дүниеге келгеннен кейін осы өмірде өз орнын тапқысы келеді, алайда адамзат баласы қанағат сөзін өмірі естімегендей, естісе де түп мағынасын білмейтіндей болады. Осы дүниенің немесе тіршіліктің иесі деп санайды, ал осы дүниеде тіршілік етіп жатқан тірі ағзаларды ығыстырады. Сонда біздің философиямыз қандай, мәдениетіміз, ал экология мен биологияны неге оқып оны зерттеп жатырмыз?!Мысалы құрбақаны алсақ, ол жануардан қандай пайда?!Пайдасы жоқ бір жануар дейміз, алайда оның терісі медицина ғылымында вич ауруынан алдын алу мақсатында профилактика ретінде қолданады, енді осыны дамытып, яғни зерттесек, түрлі-түрлі аурулардың емін табуға болады. Осы жерде еске түсірелік бір нәрсе, философия да дінді және діни факторларды ескере отырып, теориясын құрайды. Естеріңізде болса мақаламның басында айтқам болатынмын. Енді осы дінді ғылым ретінде қарастырсақ, ол ғылымда Алла Тағалла жайлы айтылған. Осы әлемді жаратқан жаратушы бір Алла, ал бұл әлемді жаратқаннан кейін түрлі-түрлі жануарларды жаратты. Сонда тектен текке жаратты ма, әлде адамға бәсеке болсын деп жаратты ма?!Мысалы тіпті жыланның уынан пайда бар. Бірақ Алла Тағалла дүниедегі бар жан-жануарларды бізге қызмет етсін деп жаратқан жоқ.

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Похожие книги на «Кедей ұқсап ойлама (Не думай, как бедный)»

Представляем Вашему вниманию похожие книги на «Кедей ұқсап ойлама (Не думай, как бедный)» списком для выбора. Мы отобрали схожую по названию и смыслу литературу в надежде предоставить читателям больше вариантов отыскать новые, интересные, ещё непрочитанные произведения.


Отзывы о книге «Кедей ұқсап ойлама (Не думай, как бедный)»

Обсуждение, отзывы о книге «Кедей ұқсап ойлама (Не думай, как бедный)» и просто собственные мнения читателей. Оставьте ваши комментарии, напишите, что Вы думаете о произведении, его смысле или главных героях. Укажите что конкретно понравилось, а что нет, и почему Вы так считаете.

x