Осы орайда ескеретін нәрсе сіздің алдыңызда бірде-бір адам міндетті емес, сіз өз болашағыңызды өзіңіздің іс-әрекетімізбен бір Алла деп тіршілік етуіңіз шарт. Қоғамдағы байлар мен мемлекет сіздің алдыңызда қарыздар емес. Эндрю Карнеги айтқандай «Негізгі мақсатың өзіңе көмектесу болуы шарт. Жеке тұлғалар да, халықта зекеттен жақсармайды».
Ғылым дамыған сайын, әсіресе физикамен байланысты біз Алла Тағаланы жоққа шығара бастаймыз, алайда осы өмірдегі құбылыстар мен тіпті адамдардың тіршілігі мен олардың қасиеттерін Алланың өзі ұйымдастырған шығар?! Сол жағын ойлаңыз.
Бізді сынаққа салған шығар, егерде адамға жақсылық пен жамандық қасиеттерін бойларына беріп, олардың қай қасиетін таңдар екен?!Періштені таңдай ма, әлде шайтан жолын ба? Бірақ біз білмейміз шын мәнісінде шайтан менен періште бар ма, мүмкін Алла Тағалланың өзі шығар бізді сынаққа салған?!Бұның бәрі жұмбақ, алайда бір тылсым күштің бар екені анық.
Адамның қай қасиетіне тоқталсаң да, ең басты жағымсыз қасиет бұл- өз басын ойлаушылық, орысша айтқанда эгоизм болып табылады. Жалпы адам баласы өзін —өзі тани алмайды, оны сырттан ғана танып, білуге болады. Өйткені адамның өзіне өзінің кемшіліктері байқалмайды. Сондықтан естеріңізге Абай атамыздың сөзін қайталап, естерінізге салсам: «Оқып, үйрен ғалым бол, ең керегі адам бол». Ал өзімнің мынадай бір сөзімді, ойымды айтсам: «Бай болудың жолын іздегенше, адам болудың жолын ізде». Бай болу үшін әуелі адам бола білу керек. Ал осы гуманизмге байланысты мына бір өлеңімді оқысам деймін.
Біржолата- мәдениетті ұмыттық
Адам емес – ит болдық
Байыса да, аз болар
Адамның неге іші тар?
Аллаға жалбарынып, сиынып
Мойнына тақса, ол тұмар
Ақша деген бәлекет
Жасатады түрлі әрекет
Біресе біреуге жалынып
Өтірікке жүреді малынып
Алланы кетті ұмытып
Жолынан жүр ол тайынып
Уақыт келіп-кетіп, жетеді
Солай жүріп, өмірі де өтеді
Болар іс болды, не істейсің
Амал жоқ, күнәң көп
Енді неге терлейсің?
Жаныңа батты ма, мына сөздер
Кім біліпті, мүмкін, басқа біреу?!
Осыны ұғып, тереңірек түсінер… 31 наурыз 2011 жыл
Ал енді дінге көңіл бөлу арқылы адамның гуманистік қасиеттерінің өзгергенін анықтауға болатынын айта кетейін. Адам өзінің істеген қылықтарына, сөздеріне және сөздерінің мағынасына қарай пайдалана алмайтын секілді. Мысалы «Ежелгі Қазақстан тарихы» кітабында Мұхаммед пайғамбарымыздың жасаған жорықтары деп картада көрсетіп белгіленген болатын. Сонда Құранда немесе ислам дінінде не басқа діндерде адам Алла Тағалаға сенбесе, оны жоққа шығарса, оны қару- жарақпен қорқытып үркітіп сендіру керек пе?!Жорық – деген бұл соғыс, шабуыл сөздерімен синонимдес сөздер. Ал енді біздің пайғамбарымыз сонда соғыс ашқан ба?!Біздің пайғамбарымыздың адамгершілік қасиетінің жоғарлығы соншалық, ол намазға жығылған кезде, етегіне жатып, ұйықтап қалған мысықты оятпай, етегін кесіп, жүріп отырған. Ал біздің адамгершілік қасиеттеріміз қандай, мысықты біресе жұлқылап, тепкілеп жатамыз.
Біздің ата-бабаларымыздың адамгершілік қасиеттерінің жоғарлығы соншалық, олардың ұлы адамдар екеніне күмән келтіре алмаймыз. Мысалы, біздің ата-бабаларымыз кезінде айтқан: «Малды теппе, ақты төкпе». Және біздің ата-бабаларымыз ежелден бері ауыздарынан «Құдай» деген сөзді тастамайтын. Ал бүгінгі таңдағы әдебиеттердегі «Құдай» сөзін кіші әріппен жазады, бұл дұрыс емес. Ал біз болсақ оның үстіне мақтанып жатамыз: «Адамдардың жетістіктері мақтануға тұрарлықтай, ғылым деген дамып жатыр, ал адамдар білімді, сауатты деп», қайдағы білім, қайдағы сауаттылық?!
Тағы бір айта кетейін дегенім бүгінгі таңда үшінші дүниежүзілік соғыс ретінде діни соғыс дейді. Ей, адамзат бұл не қылғандарың?! Неше түрлі ұрандарында дайындап қойыпты, мысалы ретінде Ислам дініне байланысты: «На небе Аллах, На земле казах Ножь в кармане Вперед мусульманы». Бұл не масқара, Алла Тағаланың Құран Кәрім кітабында: «Қолыңа қару алда соғыс», – деп жазылған ба?!
Жалпы алғанда барлық діннің негізгі мақсаты адал болу, түзу жолмен жүру, алайда адамдардың өздері жаңадан заң қабылдап, дінге енгізіп жатыр. Қандай құқығы бар оның?!Мысалы түрлі терактілер болып жатыр, сондағы лаңкестік ұйымдар мен лаңкес адамдар адамды өлтіріп, соңында өздерін жарып өлтірсе, Алла Тағаланың алдына «сүттен – ақ, судан – таза болып», жұмаққа баратындай сенімді болатын адамдар бар. Мен өзім Алла Тағаламен сөйлесіп, көріспесем де, менің білетінім жамандық жасасаң оның арты жақсылық болмайды, яғни о дүниеге барсаң да, жұмаққа бармайсың, егерде жамандық жасаған болсаң, дегенмен бір Аллаға шешеді. Тек байлықты ойласаңыз, бизнес алға жүрмейді. Көптеген бизнесмендер ақша үшін емес, қоғамға деген өзінің бір пайдасы тисе деген ниетпен бастағандар үлкен жетістіктерге жеткені анық байқалады.
Читать дальше