М. Адейхан - Алланың 99 көркем есімдері. Қайталау, зікір ету, жаттау, дұғада айту артықшылықтары

Здесь есть возможность читать онлайн «М. Адейхан - Алланың 99 көркем есімдері. Қайталау, зікір ету, жаттау, дұғада айту артықшылықтары» — ознакомительный отрывок электронной книги совершенно бесплатно, а после прочтения отрывка купить полную версию. В некоторых случаях можно слушать аудио, скачать через торрент в формате fb2 и присутствует краткое содержание. ISBN: , Жанр: Религиозная литература, на русском языке. Описание произведения, (предисловие) а так же отзывы посетителей доступны на портале библиотеки ЛибКат.

Алланың 99 көркем есімдері. Қайталау, зікір ету, жаттау, дұғада айту артықшылықтары: краткое содержание, описание и аннотация

Предлагаем к чтению аннотацию, описание, краткое содержание или предисловие (зависит от того, что написал сам автор книги «Алланың 99 көркем есімдері. Қайталау, зікір ету, жаттау, дұғада айту артықшылықтары»). Если вы не нашли необходимую информацию о книге — напишите в комментариях, мы постараемся отыскать её.

Алланың көркем есімдерді қалай тез үйренуге болады? Олардың мағынасын түсіну және қайталау, дұғада қосып айту.Дұғада жасағанда қандай әрекеттерді сақтағаны дұрыс?Қайталаудың, зікір етудің қандай пайдасы бар?Неше рет, қайда және қалай қайталау керек?Бұл сұрақтарға жауаптар осы кітапта келтірілген

Алланың 99 көркем есімдері. Қайталау, зікір ету, жаттау, дұғада айту артықшылықтары — читать онлайн ознакомительный отрывок

Ниже представлен текст книги, разбитый по страницам. Система сохранения места последней прочитанной страницы, позволяет с удобством читать онлайн бесплатно книгу «Алланың 99 көркем есімдері. Қайталау, зікір ету, жаттау, дұғада айту артықшылықтары», без необходимости каждый раз заново искать на чём Вы остановились. Поставьте закладку, и сможете в любой момент перейти на страницу, на которой закончили чтение.

Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Алланың 99 көркем есімдері

Қайталау, зікір ету, жаттау, дұғада айту артықшылықтары

М. Адейхан

© М. Адейхан, 2021

ISBN 978-5-0053-9658-7

Создано в интеллектуальной издательской системе Ridero

Кіріспе

Әлемдердің Раббысы барлық нәрсеге шексіз күш иесі болғандықтан, Аллах көптеген керемет қасиеттерге ие. Әлемдердің Раббысының кез-келген есімінің Оның жоғарғы қасиеттерді сипаттайтын өзіндік ерекше мәні бар.

Бұл мақтауға лайық есімдер оларды еске алушылар үшін көптеген артықшылықтар беретіні белгілі. Оларды жаттаудың үлкен артықшылығы – Алланың есімдерін білу Алланы тануға әкелетіні ғалымдардан да белгілі.

Хақ Тағаланың ризашылығын білім арқылы іздейтін адамдар үшін Жаратушының 99 есімінің тізімі дайындалды. Және әр есімнің мағынасы, сипаттамасы, күнделікті қайталану саны және дұғада еске түсірудің артықшылықтары туралы мәліметтер берілген.

Біз Жаратушымызға сенушілердің Өзіне жақындауы жолдарын жеңілдеткені үшін және Өзінің есімдері арқылы сұрауға, жалбарыныға мүмкіндік бергені үшін алғыс айтамыз.

Алладан басқа ешкімде күш те қуат та жоқ.

Алланың көркем есімдерін қалай тез үйренуге болады

Барлығы Алланың 99 негізгі есімдері, сонымен қатар бірқатар қосымша есімдері бар. Бұл атаулардың барлығы Алла Тағалаға тиесілі және бір ғана Жаратушының бар екеніне куәлік етеді.

Күн сайын Алланың көркем есімдерінің мән мағынасына ой жүгіртіп, түсініп күнде қайталау, яғни зікір ету, есімдерді тез жаттауға көмектеседі. Сонымен қатар, дұғаларыңызда көркем есімдерді үнемі пайдалану есте сақтауға тағы жақсы ықпал етеді.

Мысалы, сіз кез келген есімінің мағынасын түсініп, оны күні бойы белгілі мөлшерде қайталау арқылы миыңызға қондыра алу әбден мүмкін. Ал, қайталағаннан кейін дереу осы көркем есімінің құрметіне дуа жасап тілек тілеу де өте сауапты істен болады.

Сонымен, біріншіден, сіз зікір арқылы Жаратушыны үнемі еске түсіріп отырасыз, екіншіден, назарыңызда үнемі алға қойған мақсат бен жоспарларды ұстап жүресіз. Өздеріңіз білетіндей, мақсат қою сүннет болып келеді.

Ең бастысы – жаттауға ниет етіп, Алладан көмек сұрап, әрекет ету – КҮНДЕЛІКТІ қайталау.

Күнделікті қайталаудың (дауыстап немесе іштей) келесі тәсілдері ұсынылады:

– Өзіңізге таңертең, түстен кейін және кешке немесе өзіңізге ыңғайлы уақытта ескерту қойып белгілі бір мөлшерде күні бойы қайталаңыз. Әрбір атаудың сипаттамасында қайталау саны көрсетілген. Бұған ең көп дегенде 15 минутты уақытыңызды жұмсайсыз. Және де сіз өзіңіздің қалауыңыз бойынша қайталау санын көбейте аласыз.

– жұмысқа немесе үйге бара жатқан жолда, бағдаршамда тұрған кезде.

– Көңілге, ойға жағымсыз теріс ойлар келгенде қайталаңыз.

– Қағазға жазу арқылы.

– Автоматты түрде әрекет жасаған кезде, мысалы, үй тазалағанда, тамақ пісіргенде, бір нәрсені жөндегенде кезде қайталаңыз.

– Кезекте тұрған кезде қайталаңыз.

– Табиғатқа тамсанып тұрып, күннің шығуы мен батуына, жаңбыр мен қардың жауғанына, даланың құлпырып гүлдегеніне, аспан мен ай жұлдыздардың әдемілігіне сүйсіне отырып көркем есімдерді қайталаңыз.

– Саябақта серуендеп жүру немесе жүгіру кезінде қайталаңыз.

– Кез-келген ыңғайлы уақытта, бос уақыт пайда болса, қайталаңыз, өйткені бұл әрекет толық дәрет, яғни ғұсылды қажет етпейді.

Егер сіз күн сайын бір есімді қайталап жаттап жүрсеңіз, үш ай және тоғыз күннің ішінде сіз барлық 99 көркем есімдерді жатқа жаттауға мүмкіндік бар.

Егер сіз одан да тез уақытта жаттағыңыз келсе, онда күніне үш есімнен жаттасаңыз не бар бір ай және үш күндебарлық 99 есімдерді жатқа білетін боласыз.

Тағы бір тамаша әдіс – бұл 99 көркем есімдерді жаттауды мақсат тұтып жүрген басқа адамдарға осы мақсатына жетуге қол ұшын беріп бар білімімен бөлісу арқылы өзіңізге де көмектесесіз.

Егер сіз тез үйренудің басқа тәсілдерін білсеңіз және өз жетістігіңізбен бөліскіңіз келсе molisprosi@mail.ruнемесе Инстаграмдағы @molisprosi парақшасына жазсаңыз болады.

Алланың көркем есімдерін қайталаудың тағы бір пайдасы – көркем есімдерді еске ала отырып дұға ету сіздің мақсатыңызға жетуге оң әсер етеді.

Дұға етудегі әрекеттер

Алла Тағала сенушілерге Оның көркем есімдерін дұғада қосу арқылы сұрауды, жалбарынуды бұйырды. Және бұл дұғаны қабылдаудың шарттарының бірі.

1. Ниетті – мақсатты анықтаңыз.

Алдымен нақты не сұрайтыныңызды анықтап алыңыз. Сіздің мақсатыңыз қандай? Қандай ниет бар?

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Похожие книги на «Алланың 99 көркем есімдері. Қайталау, зікір ету, жаттау, дұғада айту артықшылықтары»

Представляем Вашему вниманию похожие книги на «Алланың 99 көркем есімдері. Қайталау, зікір ету, жаттау, дұғада айту артықшылықтары» списком для выбора. Мы отобрали схожую по названию и смыслу литературу в надежде предоставить читателям больше вариантов отыскать новые, интересные, ещё непрочитанные произведения.


Отзывы о книге «Алланың 99 көркем есімдері. Қайталау, зікір ету, жаттау, дұғада айту артықшылықтары»

Обсуждение, отзывы о книге «Алланың 99 көркем есімдері. Қайталау, зікір ету, жаттау, дұғада айту артықшылықтары» и просто собственные мнения читателей. Оставьте ваши комментарии, напишите, что Вы думаете о произведении, его смысле или главных героях. Укажите что конкретно понравилось, а что нет, и почему Вы так считаете.

x