Кеңес Оразбекұлы - ТҰРАН БАҺАДҮРЛЕРІ НЕМЕСЕ ЕР, БИ, НАРДЫҢ ЕРЛІК ЖОРЫҚТАРЫ

Здесь есть возможность читать онлайн «Кеңес Оразбекұлы - ТҰРАН БАҺАДҮРЛЕРІ НЕМЕСЕ ЕР, БИ, НАРДЫҢ ЕРЛІК ЖОРЫҚТАРЫ» — ознакомительный отрывок электронной книги совершенно бесплатно, а после прочтения отрывка купить полную версию. В некоторых случаях можно слушать аудио, скачать через торрент в формате fb2 и присутствует краткое содержание. ISBN: , Жанр: Историческая проза, Прочие приключения, на русском языке. Описание произведения, (предисловие) а так же отзывы посетителей доступны на портале библиотеки ЛибКат.

ТҰРАН БАҺАДҮРЛЕРІ НЕМЕСЕ ЕР, БИ, НАРДЫҢ ЕРЛІК ЖОРЫҚТАРЫ: краткое содержание, описание и аннотация

Предлагаем к чтению аннотацию, описание, краткое содержание или предисловие (зависит от того, что написал сам автор книги «ТҰРАН БАҺАДҮРЛЕРІ НЕМЕСЕ ЕР, БИ, НАРДЫҢ ЕРЛІК ЖОРЫҚТАРЫ»). Если вы не нашли необходимую информацию о книге — напишите в комментариях, мы постараемся отыскать её.

Ер, Би, Нар – бауырлар, қазіргі заман балалары. Үркерліктер оларға «Дәуір сағатын» сыйлайды. Сол «сағатпен» олар Алып Ер Тоңға, Анахарсис, Томирис, Шырақ, Сыпатай, Мөде тәңірқұт, Аттила, Тоныкөк – Күлтегін, Әл-Фараби, Қайыр хан (Отырар қорғанысы), Өтейбойдақ шипагер, Тәуке хан – Қожаберген батыр замандарына «сапар шегеді». Ата-бабаларымыздың тарихымен, өркениетімен танысып, мақтанышқа кенеледі. Өздері де тарихи, ерлік жорықтарға қатысып, отаншылдықтың үлгі-өнегесін көрсетеді.

ТҰРАН БАҺАДҮРЛЕРІ НЕМЕСЕ ЕР, БИ, НАРДЫҢ ЕРЛІК ЖОРЫҚТАРЫ — читать онлайн ознакомительный отрывок

Ниже представлен текст книги, разбитый по страницам. Система сохранения места последней прочитанной страницы, позволяет с удобством читать онлайн бесплатно книгу «ТҰРАН БАҺАДҮРЛЕРІ НЕМЕСЕ ЕР, БИ, НАРДЫҢ ЕРЛІК ЖОРЫҚТАРЫ», без необходимости каждый раз заново искать на чём Вы остановились. Поставьте закладку, и сможете в любой момент перейти на страницу, на которой закончили чтение.

Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать
Мінеки, қысқасын айтқанда ол осы аталған шығармада тарих әлеміне кейіпкерлерімен бірге саяхат жасайды. Тек қана саяхат жасамайды, ондағы оқиға-ларға үшем Ертөре, Битөре, Нартөре баһадүрлер өздері араласады. Өздері жаумен шайқасады. Мұндай әдіс шетел әдебиеттерінде бар. Олардың кейіпкерлері де өткен тарих әлеміне ғажайып қияли құбылыс арқылы шегініс жасап, ондағы кейіпкерлерімен бірге жүреді және оқиғаға араласады. Кейбіреулер ойлағандай бұл әрекет арқылы тарихқа қиянат жасалмайды. Бұл әдебиетте, өнерде, кинода бұрыннан бар әдіс. Кеңес оны тың жол – қазақи жолмен балаларға түсінікті оқиғалар арқылы әдемі өріп отыр. Ер, Би, Нардың ерлік жолдары үнемі «Ерлік алаңынан» басталады.

Біз Тұранның ұлдарымыз,

Ерлік – басты ұранымыз.

Ойын да соған дайындық.

Отаншылдық – жыр-әніміз! —

деген ұранмен тарих әлеміне сүңгиді. Бұл біздіңше сәтті қолданыс. Жақсы әннің қайырмасы іспеттес. Шығарманы оқып шыққанда таң қалғаным, сол оқиғалар ортасына өзің де еріксіз кіріп кетесің. Тілі жеңіл. Ойы ырғақты. Оқиғаларға жай кірмейсің, үш батырмен бірге ерлік жорықтарында ұран айтып, бірге шайқасасың. Бір оқиғадан соң бір оқиғаға араласуға, тарихи кейіпкерлермен кездесуге асығасың. Меніңше шығарманың құндылығы да осында. Бұл Кеңестің шығармашылығының хас шеберлігі дер едім.

Әрине, біздің балалар әдебиеті жетімнің күйін кешіп жүргенін жақсы білеміз. Мемлекетіміз осы Кеңес тәрізді талантты жазу-шыларға қамқорлық жасамай отырғаны бізді қатты қынжылтады. Әйтпесе осы шығарманы әдемі суреттермен безендіріп, үлкен кітап етіп шығарса, біздің балаларымыз қалай қуанар еді, шіркін! Бұл кітаптан сериалды кино шығарса біз қалай ұтар едік. Әрине, мен бұл шығарма жайлы қып-қысқа ғана тұжырымды ойымды білдірдім. Шығарманы болашақта кеңінен таныстырып, оның бағасын беру сыншылардың еншісінде. Мен әзірге Кеңес бауырыма балалар әлемін өзіне баурап алатын, тәуелсіздігіміздің ұландарын тәрбиелей білетін ғажайып туынды тудырғанына алғысымды айта отырып, зор шығармашылық табыс тілеймін.

Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ,

«Қазақстан-Zaman» газетінің бас редакторы, Қазақстан Жазушы-лар одағының мүшесі.

«Өз тарихын білген халық бақытты ғұмыр кешеді».

Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.)

«Орыстың ұлы ғалымы Ломоносовтың қиянатқа

шыдамай, қыруар жұмысын жинап қойып, тарих-пен шұғылданғаны бар. «Неге бұлай істедің?» деген

әріптестерінің сауалына: «Ұлттық сананы қалып-тастыруда тарихтың атқаратын міндетін өзге бірде-бір ғылым атқара алмайды» деп жауап қайырған».

Б. Д. Греков «Ломоносовисторик.

Историкматериалист» кітабынан.

«Сауатымызды ашсақ, оның үстіне шет жұрт-тың бірер тілін біліп, азды-көпті жазба мәде-ниеттермен таныссақ болғаны, үш мың жылдық тарихы бар халқымыздан отыз жастағы өзіміз білгір болып шыға келеміз. Халықта ештеңе

жоқ және ештеңе білмейтін секілді».

Әзімхан Тышанұлы, доцент, ғалым,

Шыңжаң халық баспасының аға редакторы.

Үркерліктер

Сарыағаш кентінің орталық көшесі саябаққа келіп тіреледі. Жазда демалыс кезі болғандықтан, балалардың көбі осы саябақта. Майда балалар ойын алаңындағы әр түрлі әткеншек, сырғанақтарды ермек етсе, ересектері көбіне спорт алаңы мен шағын стадионды айналшықтайды. Балалардың тағы бір сүйіп ойнайтын жері – саябақ төріндегі «Ерлік алаңының» маңы. Шеңберлене салынған алаңның бір бүйірінде – ескерткіш-монумент. Онда дала қаһармандары, Тұран ерлері – Алып Ер Тоңға, Тұмар ханым, Шырақ батыр, Мөде қаған, Еділ патша, Қайыр хан, Бейбарыс сұлтанның қоладан құйыл-ған сом бейнелері қаһарлы да сұсты көрінеді. Ескерткіш-монумент «Тұран қаһармандары» деп аталғанымен, балалар ескерткіш алдын-дағы алаңды өздерінше «Ерлік алаңы» деп атап кеткен. Бұл алаңды әсіресе бір үйдің үшем егіздері – Ертөре, Битөре, Нартөре сүйікті орындарына айналдырған. Үйлері саябақтың іргесінде болған-дықтан, уақыттарының көбін осы алаңда өткізеді. Семсерлесу, күрес, тир ату, асық ойындарын ойнайды немесе үшеуі ескерткіш алдындағы орындыққа жайғасып алып, кітап оқиды. Әке-шешелері олардың ел тарихын сүйіп оқитынын және ерлікқұмарлықтарын ескеріп, күні кешегі 13 жас – мүшел тойларында үшеуіне «Дала қаһармандары», «Қазақ батырлары», «Тарихи тұлғалар» атты көркем суретті әдемі кітаптар сыйлаған. Міне, осы кітаптар соңғы кездері олардың қолдарынан түспейді. Ұзынша орындыққа жайғасып алып, біреуі кітапты дауыстап оқыса, қалғандары оны ұйып тыңдағанды сүйеді. Тіпті үйлерінде де жастанып оқуды әдеттеріне айналдырған.

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Похожие книги на «ТҰРАН БАҺАДҮРЛЕРІ НЕМЕСЕ ЕР, БИ, НАРДЫҢ ЕРЛІК ЖОРЫҚТАРЫ»

Представляем Вашему вниманию похожие книги на «ТҰРАН БАҺАДҮРЛЕРІ НЕМЕСЕ ЕР, БИ, НАРДЫҢ ЕРЛІК ЖОРЫҚТАРЫ» списком для выбора. Мы отобрали схожую по названию и смыслу литературу в надежде предоставить читателям больше вариантов отыскать новые, интересные, ещё непрочитанные произведения.


Отзывы о книге «ТҰРАН БАҺАДҮРЛЕРІ НЕМЕСЕ ЕР, БИ, НАРДЫҢ ЕРЛІК ЖОРЫҚТАРЫ»

Обсуждение, отзывы о книге «ТҰРАН БАҺАДҮРЛЕРІ НЕМЕСЕ ЕР, БИ, НАРДЫҢ ЕРЛІК ЖОРЫҚТАРЫ» и просто собственные мнения читателей. Оставьте ваши комментарии, напишите, что Вы думаете о произведении, его смысле или главных героях. Укажите что конкретно понравилось, а что нет, и почему Вы так считаете.

x