Ильяс Есенберлин - Отчаяние (на каз.яз.)

Здесь есть возможность читать онлайн «Ильяс Есенберлин - Отчаяние (на каз.яз.)» весь текст электронной книги совершенно бесплатно (целиком полную версию без сокращений). В некоторых случаях можно слушать аудио, скачать через торрент в формате fb2 и присутствует краткое содержание. Жанр: Историческая проза, kk. Описание произведения, (предисловие) а так же отзывы посетителей доступны на портале библиотеки ЛибКат.

Отчаяние (на каз.яз.): краткое содержание, описание и аннотация

Предлагаем к чтению аннотацию, описание, краткое содержание или предисловие (зависит от того, что написал сам автор книги «Отчаяние (на каз.яз.)»). Если вы не нашли необходимую информацию о книге — напишите в комментариях, мы постараемся отыскать её.

Отчаяние (на каз.яз.) — читать онлайн бесплатно полную книгу (весь текст) целиком

Ниже представлен текст книги, разбитый по страницам. Система сохранения места последней прочитанной страницы, позволяет с удобством читать онлайн бесплатно книгу «Отчаяние (на каз.яз.)», без необходимости каждый раз заново искать на чём Вы остановились. Поставьте закладку, и сможете в любой момент перейти на страницу, на которой закончили чтение.

Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать
Бұлар енді бір кезде ұлы Қытай империясын Шыңғысханның күшпен жаулап алғанын, оның көп шаһарларын тып-типыл етіп қиратып, егістік даласын малға жайылым еткісі келгенін ұмытты. Ал монғол жеріндегі ұлы Қарақұрым хандығы да бөлшектене бастады. Өзара қырқыс, жанжал бір жағынан, күнгей үрдісінде пайда болған манчжур хандарының ұзақ жылғы ұрыстары екінші жағынан берекесін алып, бұлардың бұрынғыдай іргелі ел болып отыруына мүмкіндік бермеді. Оның үстіне негізгі кәсібі мал бағу болған, әр аулы әр бөлек қонған монғол шонжарларына қыс — қыстау, жаз — жайлау жетпей, елге қоныс, малға өріс тапшылығы тағы бір пәле болды. Әсіресе батыс монғол тайпалары — Чорас, Ойрат, Торғауыт, Төлеуіт рулары Қытай боғдыхандарының тегеурініне шыдай алмай атамекен қоныстарын тастап, жер іздеп босып кеткен. Бір бөлегі Сібір жеріне, қалғаны Ертіс бойына, Тарбағатай тауына қарай ойысты. Қалмақ аталған бір бөлегі жер іздеп, көше-көше тіпті Еділдің төменгі сағасына өтіп кетіп, Айдархан (Астрахань) маңайында көшпелі аймақ боп тұрып қалды. Батысқа қарай ығысқан бұл елдерді Қытай боғдыхандары Сібірге, қазақ жеріне және Орта Азияға өзінің ықпалын жүргізудегі алдыңғы шебі деп санады. Ал бұл зұлымдық саясатқа көнгісі келмей, өздеріне қарсы шыққан кей қонтайшыларды ауыл-аймағымен, бала-шағасына дейін қалдырмай қырып тастап отырды. Енді Қытай зардабынан қорыққан жұрт ойысып кеп, Тарбағатай тауын, Іле өзенінің сағасын, Жайсан (Зайсан) көлінің өңірін мекендеді.

Осы арада олар аман қалған руларын жинап көшпелі мемлекет — Жоңғар хандығын құрған. Бір мың алты жүз отыз төртінші жылы бұл хандықтың қонтайшысы боп Хара-Хұла батырдың баласы Батур сайланған. Бұл қонтайшының маңына енді Енисей, Ертіс өзендерінің жағасын жайлаған монғолдың басқа да ұсақ рулары жинала бастады. Өстіп Жоңғар хандығы үлкен күшке айналған. Ол өзінің ордасын Зайсан көлінің жағасына көшірген. Дәл қасында пайда бола қалған көшпелі жауынгер мемлекетке Қытай саясатшылары енді қобалжи қарады…

Батур қонтайшы өзі өлгенше орыс патшаларымен тату бола отырып, Жоңғар хандығын күшейтуді арман етті. Батур негізгі саясатын Қытай боғдыхандарының ақылымен Оңтүстік Сібір мен қазақ жерін алуға құрды. Алдымен ол Тәуекел ханмен, соңынан Есім ханмен сан айқасты, бірақ дегеніне жете алмады.

Батур өлгеннен кейін оның орнын үлкен ұлы Сэнгэ, содан кейін кіші баласы Қалден басты. Қалден Қытай императорының жарлығы бойынша осы кезде бас көтеріп ереуілге шыққан, өздерімен қандас Шығыс Монғолияның орта шарқы руларын аямай қырды. Бұл ара енді құлазыған қу далаға айналды. Сөйтсе де, жоңғардың қарақұрым боп өсіп келе жатқан мал басына жайылым тағы таршылық етті. Сонда барып Қалден Бошұқты Жоңғар хандығын Қалқа өңірін қосып алып, кеңейтпек болды. Осы саясатпен ол қонтайшы ордасын Іле өзенінің жағасына Тувадағы Хемчик өзенінің бойына, соңынан Қобда өзенінің төменгі сағасына көшірді. Бұл кезде Жоңғар хандығына Тибет, Енисей өзенінің өңіріндегі қырғыз рулары мен бүкіл Алтай тауының аймағы кірді. Осыншама жерге қожа болған Жоңғар қонтайшысы енді Қалқаны да қосып аламын деп жорыққа аттанды. Бірақ Қытайдың Манчжур (Цин) хандығынан жеңіліп қап, Қалқаны Қытай алды. Осы жорықтан тұрмастай болып күйреген Қалден өзін-өзі бауыздап өлтірді. Қалден өзінің үстемдігін жүргізіп тұрған кезінде, бақ күндесім болмасын деп ағайын-туыстарын да аяған жоқ. Бас көтергенін құртып жіберіп отырды. Осындай құртам деген жақынының бірі, немересі Сыбан Раптан Турфанға қашты. Қалден Қалқаны қосып аламын деп жорыққа аттанғанда, Сыбан Раптан өз еліне қайтып келіп, Буратал өзенінің бойын жайлады. Бірте-бірте ол бүкіл Жоңғар елін өзіне бағындырды. Қалден өзін-өзі өлтіргеннен кейін, бір мың алты жүз тоқсан жетінші жылы бүкіл Жоңғар қонтайшысы осы Сыбан Раптан болды. Сыбан Раптан Қытай еліне әкесінің інісі Қалденнен кем жау болған жоқ, Қытай императорымен сырт байланысы түзу саналғанмен, көршілес қалаларына шабуылын тоқтатпады. Ал Сыбан Раптан, баласы Қалден Церенмен қосылып, Халш дуанын тонаудан бастап Қытайға қарсы соғыс ашқанда, Джунгоның жаңа Цин династиясының императоры Канси сол жылы Жоңғар жерін бүтіндей бұрынғы өздерінің князьдарына қайтарып, Сыбан Раптанға Ертіс бойынан ғана шағын жайылым қалсын деп «Фимен» (жарлық) берді. Бұл жарлық бойынша Сыбан Раптан Қытай боғдыханы өкілін қатыстырып, Жоңғар елінің Құрылтайын шақыруға міндетті еді. Құрылтайдан кейін Қытай еліне шабуыл жасай берген Жоңғар хандығы енді қазақ жеріне беттеуге тиісті. Сөйтіп Қытай боғдыханы өзімен итжығыс түсіп жүрген қазақ халқын да мұқатпақ болды. Бұны істемесе, Қытайдың қалың әскерін Сыбан Раптанға қарсы аттандырып, Жоңғар ордасын біржолата күл-талқан етеміз деп қорқытты. Қытай мен Жоңғар хандығының арасында жойқын соғыс басталатыны мүмкін боп қалғандай еді, бірақ Қытай шекарасындағы Жоңғар рулары Кансидің қаһарынан ығып, енді Ілені құлдилай төмен көшіп, көбі Алтынемел тұсына келіп орналасқан. Қонтайшы Сыбан Раптан Іле өзенінің күнгейі, Сарын шаһарының күншығыс тұсына өзінің ордасын тікті.

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Похожие книги на «Отчаяние (на каз.яз.)»

Представляем Вашему вниманию похожие книги на «Отчаяние (на каз.яз.)» списком для выбора. Мы отобрали схожую по названию и смыслу литературу в надежде предоставить читателям больше вариантов отыскать новые, интересные, ещё непрочитанные произведения.


Ильяс Есенберлин - Шесть голов Айдахара
Ильяс Есенберлин
Ильяс Есенберлин
Ильяс Есенберлин - Шестиглавый Айдахар
Ильяс Есенберлин
Ильяс Есенберлин
Ильяс Есенберлин - Гибель Айдахара
Ильяс Есенберлин
Ильяс Есенберлин
libcat.ru: книга без обложки
libcat.ru: книга без обложки
Ильяс Есенберлин
Ильяс Есенберлин - Отчаяние
Ильяс Есенберлин
Ильяс Есенберлин
Отзывы о книге «Отчаяние (на каз.яз.)»

Обсуждение, отзывы о книге «Отчаяние (на каз.яз.)» и просто собственные мнения читателей. Оставьте ваши комментарии, напишите, что Вы думаете о произведении, его смысле или главных героях. Укажите что конкретно понравилось, а что нет, и почему Вы так считаете.

x