Коллектив авторов - Мейрхан Абдильдин - Өнегелі өмір. Вып. 22

Здесь есть возможность читать онлайн «Коллектив авторов - Мейрхан Абдильдин - Өнегелі өмір. Вып. 22» — ознакомительный отрывок электронной книги совершенно бесплатно, а после прочтения отрывка купить полную версию. В некоторых случаях можно слушать аудио, скачать через торрент в формате fb2 и присутствует краткое содержание. ISBN: , Издательство: Казахский национальный университет имени аль-Фараби Литагент, Жанр: foreign_edu, Биографии и Мемуары, на русском языке. Описание произведения, (предисловие) а так же отзывы посетителей доступны на портале библиотеки ЛибКат.

Мейрхан Абдильдин: Өнегелі өмір. Вып. 22: краткое содержание, описание и аннотация

Предлагаем к чтению аннотацию, описание, краткое содержание или предисловие (зависит от того, что написал сам автор книги «Мейрхан Абдильдин: Өнегелі өмір. Вып. 22»). Если вы не нашли необходимую информацию о книге — напишите в комментариях, мы постараемся отыскать её.

В данной книге, приуроченной к 75-летию академика НАН РК, Заслуженному деятелю Казахстана М.М. Абдильдина, вниманию читателей представлены архивные материалы, уникальные фотографии, воспоминания современников, известных ученых, а также его интервью и статьи, опубликованные в разные годы в средствах массовой информации.
Книга предназначена для широкого круга читателей, преподавателей, студентов и магистрантов.

Мейрхан Абдильдин: Өнегелі өмір. Вып. 22 — читать онлайн ознакомительный отрывок

Ниже представлен текст книги, разбитый по страницам. Система сохранения места последней прочитанной страницы, позволяет с удобством читать онлайн бесплатно книгу «Мейрхан Абдильдин: Өнегелі өмір. Вып. 22», без необходимости каждый раз заново искать на чём Вы остановились. Поставьте закладку, и сможете в любой момент перейти на страницу, на которой закончили чтение.

Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

1944 жылы мен бірінші класқа бардым. Жәкең, ұмытпасам, бесінші класта. Келесі жылы, алтыншы класта, алты бала оқуы керек еді. Бұлар бес қыз және Жәкең. Осы алтыншы класта, оқу басталғанда, бес қыздың оқи алмайтындықтары әбден анықталды, үлгерімі жақсы жалғыз Жәкең. Сондықтан бұл оқу жылында алтыншы класты жауып, бес қызды бесінші класқа, ал Жәкеңді секіртіп жетінші класқа ауыстырды. Ол кезде мұндай жағдайлар болатын. Сөйтіп Жәкең бір жылда екі класс бітіріп, кейін онжылдықты он алты жасында бітіруге мүмкіндік алды. Осындай, бала кезден, жолы да болғыш болатын.

1945-1949 жылдар. Қызыл еңбек колхозы. Павлодар облысы, Май ауданының осы колхозында ағамыздың жастық өмірінің тағы да бір қызықты шақтары өтті.

Ең бірінші жәйт мектеп туралы. Жәкең 1949 жылы, он алты жасында, осы колхоздың «Қазақстан» орта мектебін бітірді. Қателеспесем, осы жылы мектепті бітірген балалар тұңғыш рет мемлекеттік емтихандарды өз мектебінің қабырғасында тапсырған. Себебі: бұрын біздің мектептің оқушылары мемелекеттік емтихандарды Павлодарда, не болмаса Ертістің арғы жағындағы Қызыл қоғам деген колхоздың Қызыл-Әскер атындағы орта мектебінде тапсыратын. Мектепті бірінші рет басқа жаққа бармай, өз ауылымызда бітіру, біздің колхоз үшін, Май ауданы үшін бір елеулі жағдай болды. Сондықтан мектеп әдемі той жасап, бұл тойға көп колхоздардың бастықтары, ауданның бастықтары (райисполкомның бастығы Қабашев бас болып), елдің қадірлі ақсақалдары, ата-аналар баршасы қатынасып, салтанатты жағдайда кәмелеттік аттестаттар беріліп, балаларға жарқын болашақ тілеген болатын. Осы тойда Қабашев Жәкеңе бас ұстатқан. Мектеп бітірген балалардың саны бар болғаны жетеу болатын және бұлар сондай ұйымшыл еді. Осы мектептің атағын шығаруда мектеп директоры Шүлембаев Шапағаттың үлесі де мол. Бұл кісі Абай өлеңдерін, жалпы қазақ әдебиетін жетік білетін. Мектепте, елде әдебиетке, әнге, биге үлкен құмарлық болатын. Мектеп балаларының концертіне үлкенді-кішілі лық болып жиылатын. Мектеп оқушысы, апамыз, Хамитова Дәметкен әнші Мұхиттың «Айдайын» салғанда халық ду қол шапалақтап, мәз-мейрам болып, бір сергіп қалатын.

Сонымен не керек, Қазақстанның болашақ жалғыз академик философы, Қазақстан ғылым академиясының вице-президенті, сенатор Жәкеңнің өмір жолы осылай қуанышпен сәтті басталып, халықтың батасын алып еді.

Екінші жәйт ел туралы. 1945-1949 жылдары біздің Қызыл еңбек колхозында, жалпы Май ауданында, еліміздің өсіп даму бағытында бір үлкен дұрыстық бар сияқты еді. Бірінші – бұл еңбек. Жас та, кәрі де, жапа-тармағай еңбек ететін, адал еңбек ететін. Колхозға еңбегі сіңген Қопай, Бықия, Молдажан ақсақалдарды, әкелеріміз Дүйсенбай, Мүтәлда, насыбай Төкенді, ағаларымыз Тәукенді, шешелеріміз Күмісті бүкіл ел шын құрметтейтін, сыйлайтын. Екінші – ауылымызда Қайырбек атамыздай ауыл ақсақалы, жуан Шөкендей білімдар, әңгімеші адам, Дүйсенбай ағамыздай жомарт, кезінде Әйтейдің қара ұстасы аталған Хамит ақсақал сияқты талай қадірлі де, қасиетті де адамдар өмір сүрген еді. Үшінші – елдің оқуға, білімге, ән-биге, өнерге деген құштарлығы зор болатын. Абайдың: «Ғылым таппай мақтанба …», Лениннің: «Оқы, оқы және оқы» – деген өсиеттерінің өмірде орындала бастаған кезі еді. Жақсы оқитын баланың, әнші жігіт пен қыздың, балуан жігіт пен сұлу қыздың есімдері ел аузында көп айтылатын. Тоқа, Дәмелі, Жидебай, Мерғалым, Ерсайын, Қанапия, Амангүл т.б. аттарды ауыл жастары жақсы білетін. Төртінші – арақ деген пәле жоқтың қасы. Әсіресе, жастардың арасында болмайтын. Сондықтан ба, кішінің үлкенді сыйлауы, жастардың ара қатынасы, ауылдағы тойлар бір түрлі ерекше болатын. Міне, осы айтылған елдегі жағдайлар Жәкеңнің азамат болып қалыптасуына өз әсерін тигізгені сөзсіз деуге болады.

Үшінші жәйт – Жер, Су, мал туралы. Осы уақытқа дейін мен Жәкеңнің жас кезінде мектептің, елдің халқының жақсы болғанын сөз қылдым. Бұл шынында да осылай еді. Бірақ сол кездегі халықтың күнделікті өмірінің көп кемістігі, қиыншылықтары да болатын. Үстіне киетін киімнің тапшылығы. Электр жарығының жоқтығы, біздің электр – жетінші, оныншы шамдар болатын. Ауылда телевизор түгіл радио болмайтын. Бүкіл бір колхозда бір машина болған емес, техника деген атымен жоқ. Жегетіні ат, өгіз, тіпті сиырды да жегетін. Шөп машинаға өгіздерді жегетін.

Тырнауышқа да өгіз жегілетін. Біз кино көріп өскен балалар емеспіз. Жәкең айтады: «Ауылға бір кино келіп, соны көруге бүкіл ауылдан үш сом ақша таба алмадым» – деп. Елде ақша болмайтын. Колхозшылардың балалары болса киноға әке-шешелерінің еңбек күнінің есебінен тізім арқылы жіберілетін, ал Жәкең мал дәрігерінің баласы болғандықтан, ақша төлеуі керек. Қорытып айтқанда, бізді цивилилизацияның, XX ғасырдың, техника ғасырының баласы деп айту қиын. Біз табиғаттың балаларына ұқсаймыз.

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Похожие книги на «Мейрхан Абдильдин: Өнегелі өмір. Вып. 22»

Представляем Вашему вниманию похожие книги на «Мейрхан Абдильдин: Өнегелі өмір. Вып. 22» списком для выбора. Мы отобрали схожую по названию и смыслу литературу в надежде предоставить читателям больше вариантов отыскать новые, интересные, ещё непрочитанные произведения.


Отзывы о книге «Мейрхан Абдильдин: Өнегелі өмір. Вып. 22»

Обсуждение, отзывы о книге «Мейрхан Абдильдин: Өнегелі өмір. Вып. 22» и просто собственные мнения читателей. Оставьте ваши комментарии, напишите, что Вы думаете о произведении, его смысле или главных героях. Укажите что конкретно понравилось, а что нет, и почему Вы так считаете.

x