Баянғали Әлімжанов - Дариға қыз

Здесь есть возможность читать онлайн «Баянғали Әлімжанов - Дариға қыз» — ознакомительный отрывок электронной книги совершенно бесплатно, а после прочтения отрывка купить полную версию. В некоторых случаях можно слушать аудио, скачать через торрент в формате fb2 и присутствует краткое содержание. Год выпуска: 2014, Жанр: Поэзия, kk. Описание произведения, (предисловие) а так же отзывы посетителей доступны на портале библиотеки ЛибКат.

Дариға қыз: краткое содержание, описание и аннотация

Предлагаем к чтению аннотацию, описание, краткое содержание или предисловие (зависит от того, что написал сам автор книги «Дариға қыз»). Если вы не нашли необходимую информацию о книге — напишите в комментариях, мы постараемся отыскать её.

«…Жаз. Айлы түн. Өзен жағасы. Қос ға-шық Қасым мен Дариға оңаша кездесіп тұр. Ай сәулесі жастардың алаулаған жүзінде ойнайды…»

Дариға қыз — читать онлайн ознакомительный отрывок

Ниже представлен текст книги, разбитый по страницам. Система сохранения места последней прочитанной страницы, позволяет с удобством читать онлайн бесплатно книгу «Дариға қыз», без необходимости каждый раз заново искать на чём Вы остановились. Поставьте закладку, и сможете в любой момент перейти на страницу, на которой закончили чтение.

Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Баянғали Әлімжанов

Дариға қыз

Қатысушылар:

Дариға – 17-де.

Қасым – 17-де.

Әже –70-те.

Қаптал – Дариғаның ағасы, полиция сержанты, 25-те.

Бірінші акт

Бірінші көрініс

Жаз. Айлы түн. Өзен жағасы. Қос ғашық Қасым мен Дариға оңаша кездесіп тұр. Ай сәулесі жастардың алаулаған жүзінде ойнайды.

Қасым:

(Дариғаға үздіге тіл қатып:)

Өзіңмен қалсам кезігіп,
Ғажайып бір күй туатын,
Екеуміз ғана сезініп
Екеуміз ғана ұғатын!

Айтуым керек болса да,
Сөз табу қиын мұндайда,
Айым-ау мені қинамай
Айтқызбай білсең болмай ма?

Дариға:

( Толқығанын сездірмеуге тырысып, сабырлы тебіреніспен:)

Үлгілі жырың болмаса
Үндемей қалған көп жақсы,
Айқайлап жатқан әлемде,
Айтылмай қалған сөз жақсы!

Қасым:

Алаулап нұрың жүзіңде
Ботадай көзің мөлдіреп,
Жарқ ете қалған кезіңде
Кетеді жаным елжіреп!

Наздана күлсең сыңғырлай
Жадырар жаным жаңарып,
Жаңбырдан соңғы қырлардай
Дүние кетер тазарып!

Дариға:

Өмірдің әні махаббат
Өртіне қалай шыдарсың,
Жабырқап жүр ме жас жаның
Жаңбырға неге құмарсың!?

Қасым:

Жауынға тоссам кеудемді
Құйылғандай көктен нұр,
Жаныңа шипа болғандай
Тамшысы қандай мөп-мөлдір!

Дариға:

Аппақ тамшы,
Кіршігі жоқ,
Қай сәуледен жаралдың?

Тозып кеткен
Тіршілікке
Мөлдірлік боп таралдың,

Кейде, жаным,
Ұшып кеткің
Келмей ме осы ғарышқа,

Содан кейін
Аппақ нұр боп
Жерге қайта оралғың?!

Қасым:

Күннен шуақ аламыз, жерден қуат,
Тасқа қына бітеді, көлге құрақ.
Жаратылып жан біткен жақсылықтан
Жан сарайын ашады мөлдір бұлақ…

Дариға:( іліп әкетіп:)… Жамандық у жаяды неге бірақ? ( Сәл бөгеліп, айнала жүріп:)

Өзенді бойлап өлкені кезгім келеді,
Мекен ғып біраз қауырсын қанат кемені,
Ақша бұлттарға орана кетіп кей-кейде
Мұхитқа барып мұңымды шаққым келеді!

Қасым:

Сүйгенінен үміт күткен күн – түнде,
Ғашық болған түсінеді кім кім де,
Бұл өмірде махаббатын тапқан жан
Өзге жұртты жек көруі мүмкін бе!?

Шолпандай боп туған аппақ таңдарда,
Қандай ғажап мынау әлем сен барда,
Бақыт деген немене деп ойлаушы ем
Бақыт деген сен екенсің жалғанда!

Дариға:

Мәңгі бірге жалын болып жанамыз,
Бақыт атты бай әлемге барамыз,
Жер мен көктің арасында айналған
Дүниеде тек екеуміз ғанамыз!
Тек екеуміз ғанамыз!

Қасым:

Айдай балқып айдынға кеп қонатын,
Аққудай боп келші жайған қанатын,
Пәктігіне бұл пәнидің қызығып
Кірпік қақпай қарасыншы қара түн!

Ай нұрына бөленген екі аққудай бір-біріне ақырын-ақырын жақындай береді…

Екінші көрініс

Әжесі мен Қасым өз үйлерінде отыр.

Әже:( айран құйғалы жүріп, немересін мейірлене иіскеп қояды:) Өй, құлыным-ау сол! Әжесінің баласы! Әжесінің баласы! ( Айран құйып беріп:) Әжесінің баласы-ау, соңғы кезде ылғи түн ортасы ауа келетін боп жүрсің…Бүгін тіпті кешігіп келдің ғой… Түнімен көз ілгем жоқ…сені уайымдап…

Қасым:Ә-ә, кітапханада отырып қалып…

Әже:( қуақыланып:) Сондай қызық кітап па екен?

Қасым:Иә, тіпті уақыттың қалай өткенін байқамай қалыппын…

Әже:Кітапхана түнімен жұмыс істейтін болған ба қазір?

Қасым:Ә-ә…не… иә…жоқ! Кітапханадан шыққан соң жатақханаға барып, жолдастармен бірге тағы оқыдым…

Әже:О-о, кітапқұмар құлыным сол! Айтпақшы, бұл қызық кітабың не туралы екен?

Қасым:Енді… әр нәрсе туралы ғой…

Әже:Дұрыс-ақ! Ақыл-ой, білім-ғылым кітапта! Ал, бірақ, түнгі сағат он бірден кейін жатақханадан бөгде адамдарды үйлеріне қарай аттандырып жіберетін тәртіп бар ма емес пе еді?

Қасым:Ә-ә, иә…жатақханадан кейін өзен жағалап, серуендеп жүрдім біраз…

Әже:Өй, ақылыңнан айналып қана кетейін сол, әжесінің баласы! Сарылып сабақ оқи бергенше, бір мезгіл бой сергітіп алғаның қандай жақсы! Бірақ, серуендегеннің жөні осы екен деп, жалғыз өзің жын қаққан адам құсап, жағада арлы-берлі, арлы берлі таң атқанша сенделіп жүре бердің бе?

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Похожие книги на «Дариға қыз»

Представляем Вашему вниманию похожие книги на «Дариға қыз» списком для выбора. Мы отобрали схожую по названию и смыслу литературу в надежде предоставить читателям больше вариантов отыскать новые, интересные, ещё непрочитанные произведения.


Отзывы о книге «Дариға қыз»

Обсуждение, отзывы о книге «Дариға қыз» и просто собственные мнения читателей. Оставьте ваши комментарии, напишите, что Вы думаете о произведении, его смысле или главных героях. Укажите что конкретно понравилось, а что нет, и почему Вы так считаете.

x