Сонымен қатар, тек жағымсыз эмоцияларға жол беретін болсаңыз, айтарлықтай нәтиже болмайды. Теріс пікірдегі «қызметші» шексіз күңкілдей беретін әрі өзінің теріс ұстанымдарынан арылғысы келмейтін болады.
Сондықтан да ҚЖ әдісінің тағы бір артықшылығы – сіз қауіпсіздік және даму қызметтері арасында үлкен келіссөз ұйымдастырасыз.
Дамыту қызметі жарқын сезімдер туралы, ал қауіпсіздік қызметі жағымсыз сезімдер туралы «айта бастайды»! Сіз осы екі қызметтің арасында нағыз пікірталас ұйымдастырып, соңында «ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАМАНДЫҚТЫ ЖЕҢЕДІ» деген ұлы шындыққа көз жеткізесіз.
Қауіпсіздік қызметі бірте-бірте өзінің қатал болғанын және теріс тұжырымдарын тым қыңырлықпен ұстанғанын түсіне бастайды. Ал дамыту қызметі өзінің оң көзқарастарына сенімдірек болады. Нәтижесінде сіз бір оқпен екі қоянды атасыз: жамандық өледі, ал жақсылық жарқырай түседі. Алдыңғы тарауларда айтқан теорияны еске түсіріңізші. Естілік жамандықты жақсы етеді, ал жақсылықты одан да жақсыға әкеледі.
Енді іске көшейік. Нақты не істеу керек екенін егжей-тегжейлі қарастырайық. Егер сол ер адамға әжесінің қайтыс болғанын елестетуді бірнеше рет айта берсек, ол әжесінің орны толмастай екенін, өмірдің мәні жоқ екенін айтып екі сағат бойы жылар еді. Сондықтан да біз дамыту қызметін параллельді қосамыз да, кезекпен екі сұрақ қоямыз:
1) Әжеңіз тірі деп елестетіңіз.
2) Әжеңіздің енді жоқ екенін елестетіңіз.
Бұл жарты сағатқа созылуы мүмкін. Не бір сағат болуы да мүмкін, бірақ орташа есеппен бір жарым сағат жұмсалады. Егер әжесі өте жарқын және орны ерекше адам болған болса, онда бұл жоғалтумен үш-төрт сағат бойы жұмыс істеуге тура келеді. Бірақ, осы жаттығуды орындағаннан кейін, алдыңғы тарауларда сипаттаған бірнеше теорияларымның дұрыстығын бірден байқайсыз:
1) түпсана жан ауруынан арыла бастайды;
2) адам эмоциялар шкаласы бойынша қайғы мен апатия күйінен сүйіспеншілік, парасаттылық және тіпті жадырау күйіне көтеріле бастайды;
3) барлық жағымсыз және пессимистік ойлар біржола жойыла бастайды;
4) денесінде де өзгерістер болады: бет-жүзі бал-бұл жайнай бастайды, көзі ашылып, дене қалпы түзеледі.
Тағы бір маңызды мәселе. Адам сөйлеп жатқанда, сіз өте мұқият тыңдап, командаларды өте дұрыс беруіңіз керек. Бұл нені білдіреді? Бұл алдыңғы тарауда айтылған Кодекстің негізгі тармақтарын бұзбау керек дегенді білдіреді. Яғни, жанашырлық танытпауыңыз, өз пікіріңізді білдірмеуіңіз, жағдайға баға бермеуіңіз әрі кеңес берумеуіңіз керек. Сіз оны жәй ғана тыңдап, айтқанын растауыңыз керек! Мұнда растау деп мен нені айтып тұрмын?
1.12 тарау. Растаулардың күші
Растау деген – бұл әңгімелесіп жатқанда адамды тыңдағаныңызды және түсінгеніңізді көрсету үшін қолданатын сөздер. Бұлар: «жақсы», «түсіндім», «түсінем сізді», «жарайды», «түсінікті», «өте жақсы», «тамаша» деген және т.б. кәдімгі сөздер. Бәлкім сіз неліктен мұндай қарапайым нәрселер сөз етілуде, неге оларға сонша көңіл бөлінуде деп ойларсыз. Осы орайда бір шындықты айтайын. Бұл қарапайым формуланы өмірінде қолданатындар кемде кем! Ал негізі, растаудың күші орасан зор екені анық. Пейнхантинг туралы ештеңе білмесеңіз де, психолог болмасаңыз да, ілтипаттылық танытпасаңыз да, бірақ егер адамды мұқият тыңдап, соңында айтқандарын растап отыратын болсаңыз, бұл жағдайда да бір оқпен бірнеше қоянды атасыз. Сізбен әңгімелесеп отырған адам, біреудің оның сөзі мен ойын түсінгенінен керемет жеңілдік алады. Екіншіден, сіз оның ақыл-ойының сергек болуына және санасының тұмандануынан әрі жан жарасынан арылуға көмектесесіз. Үшіншіден, ол сізге сенім артады және сізді адал да сенімді дос деп санайтын болады.
Бүгін-ақ осыған қатысты эксперимент жасап көріңіз. Көп сөйлейтін, барлық нәрсеге теріс пікірді жиі айтатын бір жақын адамыңызды таңдаңыз. Бұл жолы онымен дауласпаңыз, оған бірдеңе үйретуге немесе жанашырлық танытуға да тырыспаңыз. Жәй ғана бірнеше рет растау сөздер айтыңыз. Сонда оның айтарлықтай өзгеретініне қатты таң қалатын боласыз! Оның негативті ой-пікірлері азайып, болмысы жақсара бастайды. Ол жағымсыз жағдайларға назар аударуды тоқтатап, позитивті нәрселерге көңіл бұрады, тіпті сізге, айналысатын істеріңізге шынайы қызығушылық танытатын болады.
Сонда бұл растау сөздердің пайдасы неде? Адам негативті нәрсе туралы айтқанда, оның ішінде қауіпсіздік қызметі сөйлейді. Бір компанияның үлкен кеңсесіне кіріп, акционерге жолыққыңыз келді делік. Ол үшін сізге алдымен күзетшімен, сосын ресепшн қызметкерімен, сосын менеджермен, кейін акционердің жеке көмекшісімен, содан соң дәлізде күтіп тұрып, оның басқа да қызметкерлерімен әңгімелесуге тура келеді. Тек 30—40 минуттан кейін ғана сіз акционердің өзіне жетесіз. Әлгі қызметкерлер, акционерлер емес, акционердің көмекшілері екенін нақты білесіз, сондықтан олардың талаптарын орындап шығуыңыз керек. Ал егер олармен айтысып, бірдеңені дәлелдейтін болсаңыз, акционерге жете алмайсыз!
Читать дальше