Олжас Сеитов - Бақыт жолы

Здесь есть возможность читать онлайн «Олжас Сеитов - Бақыт жолы» — ознакомительный отрывок электронной книги совершенно бесплатно, а после прочтения отрывка купить полную версию. В некоторых случаях можно слушать аудио, скачать через торрент в формате fb2 и присутствует краткое содержание. ISBN: , Жанр: psy_generic, на русском языке. Описание произведения, (предисловие) а так же отзывы посетителей доступны на портале библиотеки ЛибКат.

Бақыт жолы: краткое содержание, описание и аннотация

Предлагаем к чтению аннотацию, описание, краткое содержание или предисловие (зависит от того, что написал сам автор книги «Бақыт жолы»). Если вы не нашли необходимую информацию о книге — напишите в комментариях, мы постараемся отыскать её.

Бұл кітапта түпсанамен жұмыс жасайтын, қысқа мерзімде кез келген, дәстүрлі психологияда қиын шешілетін, психологиялық проблемаларды шешуге мүмкіндік беретін методика қарастырылған. Методика қайтарылымысыз, және теріс әсерсіз жұмыс жасайды, оны психологияның терең білімінсіз қолдануға болады. Алайда ең мықты әсер алу үшін, серіктеспен жұмыс жасау керек. Кітапта жазылған методика 5000-нан жоғары адамға өзінің тиімділігін көрсеткен және уақытпен тексерілген. Оқырмандардың кең ауқымына арналған.

Бақыт жолы — читать онлайн ознакомительный отрывок

Ниже представлен текст книги, разбитый по страницам. Система сохранения места последней прочитанной страницы, позволяет с удобством читать онлайн бесплатно книгу «Бақыт жолы», без необходимости каждый раз заново искать на чём Вы остановились. Поставьте закладку, и сможете в любой момент перейти на страницу, на которой закончили чтение.

Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Пейнхантер кодексінің негізгі тармақтары мыналар:

1) сеанс кезінде клиентке кеңес бермеу;

2) клиенттің ісіне субъективті баға бермеу;

3) клиенттің кез келген уайымы мен әңгімелерінің маңыздылығын кемітпеу не қадірін түсірмеу;

4) клиентке аяушылық танытпау;

5) пейнхантинг сеансы кезінде басқа әдістерді пейнхантингпен аралыстырмау;

6) өз пікірі мен көзқарасын тықпыштамау.

Осы тармақтарды есте сақтаңыз. Біз оларға жиі оралатан боламыз. Іс жүзінде қолданғанда, сіз кем дегенде бір тармақты бұзу, пейнхантингтің бар тиімділігін бірден жоққа шығаратынын түсінесіз. Бір рет жанашырлық танытып, аяушылықпен қарап көріңіз, клиент сіздің реакцияңызға ашуланады да, жабылып қалады! Клиенттің іс-әрекетіне қатысты жәй ғана өз пікіріңізді білдіріңіз, сонда ол әрі қарай сізге ашылмайтын болады! Клиент өз проблемаларын асырып жібергенін дәлелдеп көріңіз, ол бірден сізге ренжіп, бұдан былай проблемаларын сізге айтқысы келмейтін болады.

Бұл кодексті күнделікті өмірде қолданатын болсаңыз, басқалармен қарым-қатынасыңыз жақсы жаққа айтарлықтай өзгереді. Бітпейтін ұрыс-керістерден, келіспеушіліктерден аулақ боласыз. Адамды тереңірек түсінесіз, ал ол сізден дана адамды көре бастайды.

Ал енді қорытындылайық. Жұбату, мәселесінің маңыздылығын кеміту, жанашырлық таныту және сендіру адамға 100% көмектеспейді. Яғни, олар эмоционалдық күйіңізді аздап жеңілдеткенмен, жан азабынан арылта алмайды. Біз бұл әдістерді пайдалану қателік екенін және пейнхантингте мүлдем қолданылмауы тиіс екенін білдік. Олай болса жан жарасынан 100% арылуға не көмектеседі? Бұл орайда жақындарыңызға көмектесуді қатты қалағандықтан, не істей аласыз?

1.11 тарау. ҚЖ әдісі – жан ауруын қалай біржола жоюға болады

Сонымен, бізде негіздер бар. Біз жұбаныш, жанашырлық пен кеңестер жан азабынан арылуға көмектеспейтінін түсіндік. Кез келген жағымсыз оқиғада, жағымсыз өзгерістер төрт векторда: денеде, эмоцияда, ойда, есте сақтауда қатар болатынын және олардың жадымызда терең із қалдырып, ешқайда жоғалып кетпейтінін түсіндік. Біздің түпсанамыз бір кездері өзіміз жалдап, үйретіп, белгілі бір функцияларды тапсырып, кейін қараусыз қалдырған бағынышты қызметшілерден тұратын үлкен корпорация тәрізді екенін білдік. Сондай-ақ біз бұл бағынышты жұмысшылар өз функцияларын қажетсіз жағдайда да, қыңырлықпен орындай беретінін түсіндік. Біз бұл бағынышты қызметшілерді қауіпсіздік және даму қызметтері деп бөлуге болатынын және біздің барлық проблемаларымыз, қиындық болмауы керек жерден, қауіпсіздік қызметінің ақымақ жұмысының кесірінен туындайтынын түсіндік.

Ал енді корпорация, қажетсіз команданы орындайтын осы бағынышты қызметшілердің пайдасыз, тіпті зиянды әрекеттерінен зардап шекпеуі үшін, не істеуіміз керектігін қарастырайық.

Мүмкін, не істеу керектігін түсініп те қойған боларсыз. Дұрыс шешімі – сол қиындық тудырып тұрған қызметшіні табу, оны жұмыстан босату не оған басқа функцияларды тапсыру. Сонда ғана түпсана бос, пайдасыз ойларға кететін энергияның артық мөлшерде жұмсалуынан, асыра ойлап, қорқынышқа тым берілуден және өткенді еске түсіріп уайымға салынудан босатылады. Бұл біз үшін нені білдіреді? Біз осы әркеттерді өз түпсанамызбен қалай жасай аламыз?

Тура корпорациядағыдай! Біз түпсанамызда не нәрсенің дұрыс болмай жатқанын іздейміз. Теріс тұжырымды табамыз, өйткені барлық проблемаларымыз соның салдарынан болып отыр. Өмірімізде осы жағымсыз ұстанымды санамызға қашан орнатқанымызды анықтаймыз. Осы ұстаным пайда болған оқиғаны, жан азабынан арылу мақсатында, қайта қарастырамыз. Сол кезде түпсана пайдасыз әрекеттер, ойлар мен эмоциялардан босатылады. Сонымен қатар дене де, лас жасушалар мен жағымсыз энергиядан арылып, жаңарып, жасарады да, күш-қуаты артады.

Түп-тамыры болып табылатын оқиғадағы жан ауруын қалай жою керектігін үйренейік. Біз жан ауруын жоюдың бір әдісін зерттеген болатынбыз. Бұл – жан азабы толықтай жойылмайынша және күйіміз эмоциялар шкаласымен өте жоғары деңгейге көтерілмейінше оқиғаны бірнеше рет қарастыру. Ал қазір жан ауруын жоюдың одан да күштірек әдісімен бөлісейін. Кітаптың осы бетін ерекше түрде сақтап қоюыңыз керек, өйткені мен сізді пейнхантингтің жүрегімен таныстырмақпын.

Мен бұл әдісті қарама-қарсы жағдайлар әдісі деп атадым немесе қысқаша айтқанда – ҚЖ әдісі.

Бұл әдістің мәні неде? Сіз ауыр жағдайға тап болған «қызметкеріңізді», сол оқиғаға қайта әкелу арқылы түпсанаңыздағы тұжырым мен ұстанымды өзгертесіз, бірақ сіз оны оқиғаның керісінше болып жатқанына сендіруіңіз керек. Сонда кезінде теріс қорытындыға келген «қызметкер», жаңа позитивті ұстанымдарды жасайды. Бәлкім сіз: «Мұның таң қалдыратын несі бар, бұл туралы жүздеген бизнес-тренерлер айтады ғой және бұған визуализация мен аффирмация арқылы оңай қол жеткізуге болады емес пе?» дерсіз. Жоқ, олай емес!

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Похожие книги на «Бақыт жолы»

Представляем Вашему вниманию похожие книги на «Бақыт жолы» списком для выбора. Мы отобрали схожую по названию и смыслу литературу в надежде предоставить читателям больше вариантов отыскать новые, интересные, ещё непрочитанные произведения.


Отзывы о книге «Бақыт жолы»

Обсуждение, отзывы о книге «Бақыт жолы» и просто собственные мнения читателей. Оставьте ваши комментарии, напишите, что Вы думаете о произведении, его смысле или главных героях. Укажите что конкретно понравилось, а что нет, и почему Вы так считаете.

x