Джан Амании - Оқжетпес

Здесь есть возможность читать онлайн «Джан Амании - Оқжетпес» — ознакомительный отрывок электронной книги совершенно бесплатно, а после прочтения отрывка купить полную версию. В некоторых случаях можно слушать аудио, скачать через торрент в формате fb2 и присутствует краткое содержание. Город: Алматы, Год выпуска: 2020, ISBN: 2020, Жанр: foreign_contemporary, kk. Описание произведения, (предисловие) а так же отзывы посетителей доступны на портале библиотеки ЛибКат.

Оқжетпес: краткое содержание, описание и аннотация

Предлагаем к чтению аннотацию, описание, краткое содержание или предисловие (зависит от того, что написал сам автор книги «Оқжетпес»). Если вы не нашли необходимую информацию о книге — напишите в комментариях, мы постараемся отыскать её.

Талантты қазақстандық жазушы Джан Аманиидің ғажайып хикаясы бір ауылдың өмірі: оның тарихы, ауыздан ауызға тараған аңыздары мен риуаяттары және оның тұрғындары бастан кешкен таңғаларлық оқиғалар туралы баяндайды. Авторды әңгімені жазуға тазы тұқымды ит Оқжетпес шабыттандырды.
Жазушы иттердің осы тұқымына деген махаббаты мен құрметін кітап кейіпкерлері – Досжан қария және оның немересі Бақытбек арқылы жеткізді.

Оқжетпес — читать онлайн ознакомительный отрывок

Ниже представлен текст книги, разбитый по страницам. Система сохранения места последней прочитанной страницы, позволяет с удобством читать онлайн бесплатно книгу «Оқжетпес», без необходимости каждый раз заново искать на чём Вы остановились. Поставьте закладку, и сможете в любой момент перейти на страницу, на которой закончили чтение.

Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Джан Амании

Оқжетпес

© Джан Амании, мәтін, 2019

© Айгүл Хәкiмжанова, иллюстрациялар, 2020

© «Aspandau» баспасы қазақ тіліндегі басылым, 2020

© ARTQRAFT, безендіру, 2020

Ана бүркіт Өткіркөз

Аспанда ана бүркіт қалықтап жүр Күн сайын ауыл тұрғындары оған қарап - фото 1

Аспанда ана бүркіт қалықтап жүр. Күн сайын ауыл тұрғындары оған қарап, шақырайған күннен көздерін алақандарымен көлегейлеп, жоғарыға зер салатын. Қандай жағдай болса да ана бүркіттің қалқып ұшуы олардың ойларын тыныштандырады, ал адамдар қорғанышты сезінгендей өз істеріне оралады. Қанша жыл өтсе де ана бүркіт ауылдың үстінен күн сайын қалықтап жүретін.

Ақсақалдар ертеде осы ауылда даңқты әйел тұрғанын сөз етеді: оның мінезі момын, көздері мейірімге толы, шашы ұзын болған. Ол таңертең шаштарын өріп, ал түстен кейін оның жалғыз ұлы бұрымын әшекейлеген сыңғырлаған шаш- бауымен ойнайтын. Сәби анасының иығында ұйықтағанды жақсы көретін және оның ұйқыға берілгені соншалық балалардың айқайы да, иттердің үргені де баланы оята алмайтын. Әйел ұлын ерекше әлпештейтін. Алайда бір күні ол жоғалып кетті.

Баланы анасы ұзақ іздеді, ұлының тау көліне батып кеткенін білгенде, ол қайғыға шыдай алмады. Ана бүркіт те әйел қайтыс болғаннан кейін аспанға көтерілген еді, ал тұрғындар жұбаныш таппаған ананы дәл осы бүркітке айналды деп ойлады. Жылаған бала даусын естігенде ана бүркіт жақын жерде пайда болып, сәбилердің бетіндегі жас құрғағанша ұшып кетпейтін.

Қанша жыл өтсе де күн сайын адамдар көктегі ана бүркітті көріп, ол ауылды бәле-жаладан қорғайды, балалар жылап, аналар қайғырмас үшін туған жерінде бөгде жандардың құйтырқы ойларына жамандық жасауға жол бермейді деп сенді.

Досжан ата және оның оқиғасы Мейірімді және адал жан Досжан ақсақалдың - фото 2

Досжан ата және оның оқиғасы

Мейірімді және адал жан Досжан ақсақалдың көптеген бастан кешкен оқиғалары - фото 3

Мейірімді және адал жан Досжан ақсақалдың көптеген бастан кешкен оқиғалары болатын. Досжан бүкіл өмірін туған ауылында өткізді және өткен-кеткеннің бәрін есінен шығармайтын. Бүркіт пен көл туралы аңызды ол ерекше махаббатпен айтатын: ол ана бүркіт Өткіркөздің қарапайым құс емес екеніне шын жүректен сенді…

Қария Көксу көлі туралы айтқанды да ұнататын. Биік тауда орналасқан көлді ауыл тұрғындары қастерлейтін. Ақсақалдар бұл жерде бұрын терең шатқал болғанын, бірақ жер сілкінісінен кейін ол көлге айналғанын айтатын. Түсі көк болғандықтан, ол аспанмен бірігіп, көлдің қайдан аяқталып, аспанның қайдан басталатынын әрдайым анықтау мүмкін болмады…

Тек жел соғып, судың беті шымырланып бұжырланған кезде ғана аспан мен толқыған тау көлін адамдар ажырата алатын еді. Мөлдір көк суы үшін тұрғындар көлді Көксу деп атады.

Кейде күннің ыстығы басылған кезде жастар Досжан ақсақалдың дастарқанында жиналып, балалар өз сүйікті ауылы туралы әңгімелерді тыңдауға жүгіріп келетін.

Досжан атаның қазақи тазы тұқымды өте ақылды иті болды, ол оны Алапар деп атайтын. Итсіз аңшылықтың өзі ақсақалға қуаныш сыйламай, ауланың іші де бос көрінетін. Досжан ата итін шақырып алып, жотасын жаймен сипап тұрып, өз әңгімесін бастайтын:

– Әр ауылда мешіт пен мектеп бола бермейді, бұл – шындық. Қымбаттыларым, біздің жолымыз болды. Ал егер ана бүркіт пен мына менің итім болмаса, тіптен басқаша өмір сүруші едік…

Ол кезде жас болдым пысық білімқұмар едім Мен тау көліне барып құстарды - фото 4

Ол кезде жас болдым, пысық, білімқұмар едім. Мен тау көліне барып, құстарды тыңдап әрі ауасымен тыныстағым келді. Итім Алапарды шақырып, атқа мініп, тау соқпағымен жоғары тарттым. Менің көзіме күн сәулесінің төгілгені соншалық, қалпағыммен тасалауға тура келетін. Қалпағымды көзіме түсіріп, оның астынан жолға қарадым, ал Алапар болса қасымда жүгіріп жүрді, мені қалдырмады… Кенет ол қатты қобалжып, қыңсылай бастады. Содан соң күн бұлттар арасында ғайып болды, мен өзімді жайсыз сезіндім, ал жылқым болса қатты кісінеп жіберді… Айнала лезде қараңғыланды…

Жаңбыр жауайын деді ме деп ойлай бергенде жоғарыда бірдеңенің ұшып бара - фото 5

«Жаңбыр жауайын деді ме», – деп ойлай бергенде жоғарыда бірдеңенің ұшып бара жатқанын естідім. Қанаттарын қатты соғып, жақындай түсті… Мен асығуым керек екенін түсіндім. Ауыздықты тарттым, атым шаба жөнелді. «Менің итім жақын жерде, оның жанында онша қорықпаймын», – деп ойладым.

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Похожие книги на «Оқжетпес»

Представляем Вашему вниманию похожие книги на «Оқжетпес» списком для выбора. Мы отобрали схожую по названию и смыслу литературу в надежде предоставить читателям больше вариантов отыскать новые, интересные, ещё непрочитанные произведения.


Отзывы о книге «Оқжетпес»

Обсуждение, отзывы о книге «Оқжетпес» и просто собственные мнения читателей. Оставьте ваши комментарии, напишите, что Вы думаете о произведении, его смысле или главных героях. Укажите что конкретно понравилось, а что нет, и почему Вы так считаете.

x