Джан Амании - Даниялдың ғажайып әлемі

Здесь есть возможность читать онлайн «Джан Амании - Даниялдың ғажайып әлемі» — ознакомительный отрывок электронной книги совершенно бесплатно, а после прочтения отрывка купить полную версию. В некоторых случаях можно слушать аудио, скачать через торрент в формате fb2 и присутствует краткое содержание. Город: Almaty, Год выпуска: 2019, ISBN: 2019, Жанр: Сказка, foreign_children, Детские приключения, kk. Описание произведения, (предисловие) а так же отзывы посетителей доступны на портале библиотеки ЛибКат.

Даниялдың ғажайып әлемі: краткое содержание, описание и аннотация

Предлагаем к чтению аннотацию, описание, краткое содержание или предисловие (зависит от того, что написал сам автор книги «Даниялдың ғажайып әлемі»). Если вы не нашли необходимую информацию о книге — напишите в комментариях, мы постараемся отыскать её.

Психолог Джан Аманиидің өзінің cүйікті ұлы Даниялға арнап шығарған «Даниялдың ғажайып әлемі» атты ертегі кітабы – отандық жас жазушының тырнақалды әдеби шығармасы. Қазақстандық балалардың ұғымына түсінікті, жанына жақын келетін заманауи отандық авторлар жазған осындай ертегілердің жетіспейтіндігі сөзсіз. Мұндай ертегілер бүлдіршіндердің бойында жақын-жуықтарына, туған жеріне деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін тәрбиелейді. Кітап отбасылық оқуға арналған.

Даниялдың ғажайып әлемі — читать онлайн ознакомительный отрывок

Ниже представлен текст книги, разбитый по страницам. Система сохранения места последней прочитанной страницы, позволяет с удобством читать онлайн бесплатно книгу «Даниялдың ғажайып әлемі», без необходимости каждый раз заново искать на чём Вы остановились. Поставьте закладку, и сможете в любой момент перейти на страницу, на которой закончили чтение.

Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Даниялдың ғажайып әлемі.

Дүниеде Даниял есімді кішкентай бала бар Даниялды әкешешесі атаәжесі - фото 1

Дүниеде Даниял есімді кішкентай бала бар Даниялды әкешешесі атаәжесі - фото 2

Дүниеде Даниял есімді кішкентай бала бар. Даниялды әке-шешесі, ата-әжесі, аға-тәтелері, барлығы ерекше жақсы көреді. Даниялдың сиқырлы сандар туралы әңгімелерін көрші көшенің балалары да келіп тыңдайды. Себебі Даниял көзін жұмса болды, сол заматта құлағына «Бір-екі-үш – сиқырлы күш!» деген сөздер естіліп, ол ғажайып ертегі әлеміне тап болып, қызықты жайттарды басынан кешетін. Даниял сол балалардың арасынан көздері терең мұңға толы, аса көп күле бермейтін Ай деген сүйкімді қызды байқайды. Ол үнемі жалғыз келіп, Даниялды ойлы, жабырқау жүзбен тыңдап, елеусіз кетіп қалып жүреді. Даниял Айды қанша көңілдендіргісі келсе де, еш нәтиже шықпайды. Ақырында ол «Айды өзінің Ертегі әлеміне ертіп кетемін!» деп шешеді.

Тоңазытқыштағы қала

Сол күні Даниял достарымен ұзақ ойнап үйге кеш келді Қатты шаршап қарны да - фото 3

Сол күні Даниял достарымен ұзақ ойнап, үйге кеш келді. Қатты шаршап, қарны да ашты. Анасының кешкі асы дайын болғанша, жұмсақ орындыққа жайғасып, жоспарын қалай жүзеге асыру туралы ойлады. Анасының «Ниетің таза болса, тілегің міндетті түрде орындалады» деген сөздері есіне түскені сол еді, әлдебір дауыс «Бір-екі-үш – сиқырлы күш!» дегендей болды.

…Даниял анадайдан жарқыраған үлкен тоңазытқышты көрді. Оның жарқырап көз тартқаны соншалық, Даниял есігін қалай ашқанын байқамай да қалды.

О керемет Ішінде нағыз ғажайып көрініс түрлітүсті тәтті мұзкәмпиттер - фото 4

О керемет Ішінде нағыз ғажайып көрініс түрлітүсті тәтті мұзкәмпиттер - фото 5

О, керемет! Ішінде нағыз ғажайып көрініс: түрлі-түсті тәтті мұзкәмпиттер төселген жол тура ертегілер қаласына дейін созылып жатыр. Қандай тамаша! Шыр айналған әткеншектер! Жарқыраған шарлар мен ойыншықтар! Көңілді күлкі сыйлаған кейіпкерлер! Шаттана жүгірген балақайларға жарқырай нұрын шашқан алтын күн! Кенеттен Даниял жан-жағына жалтақтап қарап тұрған Айды көріп қалды. Қуанышы қойнына сыймаған Даниял қыздың қасына жетіп келді. Екеуі қол ұстасып, таңғажайып тәтті сүрлеумен шапшаң жүгіріп өтіп, көзді ашып-жұмғанша қалаға жетті.

Осы кезде қайдан екені белгісіз алдынан дүкен сөресі пайды болды бірақ - фото 6

Осы кезде қайдан екені белгісіз, алдынан дүкен сөресі пайды болды, бірақ дүкеннің өзі көрінбейді. Сөренің жанындағы күлімсіреген сатушы балаларды көре сала әндете жөнелді:

Батыл келіп, балалар!
Бәрі тегін, таңдап ал.
Бәліштер мен тоқаштар,
Шырын, кола, фанта бар.
Балмұздақ, кәмпит сан түрін,
Қалағанша ал бүгін!

Айдың сәл күлімсірегенін байқап қалған Даниял сатушыға Шоколад қосылған - фото 7

Айдың сәл күлімсірегенін байқап қалған Даниял сатушыға:

– Шоколад қосылған шұжық беріңізші! – деді.

Сатушы ризашылықпен басын изеді:

– Тамаша! Мүмкін, тағы бірдеңе қаларсың?

– Иә, балмұздақ қосылған түшпара, – деді де, Даниял Айға қарап:

– Сен не қалайсың? – деді.

– Мен… гамбургер,.. бүлдірген қосылған гамбургер жегім келеді, – дей сала, өзінің тапқырлығына масаттанған Ай Даниялға қарап жымиды.

Даниялдың жүзі бақыттан бал-бұл жайнады.

Сатушы түк те таң қалмастан тәтті наннан жасалған қоңырауды қақты Солақ - фото 8

Сатушы түк те таң қалмастан тәтті нан-нан жасалған қоңырауды қақты. Сол-ақ екен, ортаға дөңгелектері бар үлкен қазан келе қалды. Қазанның ішінен шұжықтан алқа таққан аспазшы мен балмұздақтан жасалған қалпағы бар он көмекші атып шықты. Тапсырыс қабылданды.

Бес минут өтпестен дүкен сөресінде ыстық шоколадқа малынған шұжықтар, бүлдірген қосылған гамбургер, бірер сәттен кейін балмұздақты түшпара да пайда болады. Ай осындай ғажайыптарды көргеніне мәз-мейрам болды.

Осы кезде Даниял сұраулы жүзбен Сіздерде тауық еті қосылған мәнпаси бар ма - фото 9

Осы кезде Даниял сұраулы жүзбен Сіздерде тауық еті қосылған мәнпаси бар ма - фото 10

Осы кезде Даниял сұраулы жүзбен:

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Похожие книги на «Даниялдың ғажайып әлемі»

Представляем Вашему вниманию похожие книги на «Даниялдың ғажайып әлемі» списком для выбора. Мы отобрали схожую по названию и смыслу литературу в надежде предоставить читателям больше вариантов отыскать новые, интересные, ещё непрочитанные произведения.


Отзывы о книге «Даниялдың ғажайып әлемі»

Обсуждение, отзывы о книге «Даниялдың ғажайып әлемі» и просто собственные мнения читателей. Оставьте ваши комментарии, напишите, что Вы думаете о произведении, его смысле или главных героях. Укажите что конкретно понравилось, а что нет, и почему Вы так считаете.

x