• «Қазақтелеком» АҚ финанстық басқару саласында ғылыми тәсілдің енгізілуінің қалың жұртшылық мойындаған табысы:
– финанстық есеп, жоспарлау және негіздеудің халықаралық стандарттарын біртұтас бюджеттік саясатқа біріктіру;
– SAP жөніндегі Басқару комитетінің төрағасы ретінде ресурстарды басқаратын біріккен жүйені енгізу жөніндегі проблемаларды зерделеу (ERP), осы жобаны реабилитациялау және оның табысты жүзеге асуы.
• «Қазкоммерцбанк» АҚ басқарушы директоры, Коммерциялық дирекция (Орталық офистің Кредиттік комитеті) мүшесі ретінде логистика мен әкімшілік шаруашылық мәселелерді бақылау.
Білімі
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Германия Мемлекеттік шенеуніктер Одағының неміс академиясы (Бонн, ГФР), Маастрихт менеджмент мектебі (Маастрихт, Нидерланды), ICMA (АҚШ); Йоркск университетінің Ph.D – historical sciences (АҚШ), DBA (Ресей, РАНХиГС)
Ғылыми жарияланымдары
Нұров Қ.И. Қазақстанның дәстүрлі құрылымының құқықтық және экономикалық модернизациясы. Ғылым: Алматы, 1995. 201 б.
Жұмыс тәжірибесі
Алматы менеджмент мектебі, ҚР Экономика министрлігінің кәсіпкерлікті қолдау қоры, «Делойт&Туш» халықаралық аудиторлық-консалттық компаниясы, «Қазақтелеком» АҚ Вице-президенті – бас қаржы директоры, «Қазкоммерцбанк» АҚ Басқарушы директоры.
Өзі жөнінде
«Қазақтелеком» АҚ жұмыс істеген кезінде «Құрметті байланысшы» медалімен және «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде сөйлейді.
Қызығатын нәрселері
Құқық және экономика, тарих, білім беру салаларындағы ғылыми зерттеулер. Музыка, поэзия, футбол, теннис, бокс.
Қанат Нұровтың кітабына алғысөз
Әуезхан Қодар
Мен біздің отандық ғалымдарымыздың еңбектерін оқығанда бір нәрсеге тан қалатынмын. Маған олардың ғылымы өзгеше де, әлемдік ғылым мүлде бөлек көрінетін. Өйткені біздің ғылымның мақсаты: қазақта бар барлық нәрсені ғажап қып көрсету еді. Мұндай зерттеулерде бір мысқал сыни пікір болмайтын, тек атақты есімдерді тізе беріп, солардың көлеңкесінде бір нәрсе айтқан болу. Қ. Нұровтың еңбегімен танысқанда, маған қайта таң қалуға тура келді. Бұл жолы оның еңбегінің ғылыми еңбекке қоятын барлық әлемдік талаптарға сай екеніне. Бір қызығы, ол кітабына тіпті өзіне қарсы жазған рецензияларға дейін енгізіпті. Бұл да бір ғылымға деген ішкі адалдықтың жарқын көрінісі емес пе? Сонымен бірге, мұнда мынандай талап жатқандай – алғашқы жолы, кітаптың бірінші басылымы шыққанда, мені ешкім түсінуге тырыспады, бәріңіз маған дүрсе қоя бердіңіздер, тіпті, диссертациямды қорғатпадыңыздар, ал енді мен сол жұмыстың екінші басылымын шығарып отырмын. Докторлық диссертациямды Америкадан қорғап келдім, ал енді тағыда сөйлессек қайтеді? Егер мен осы тақырыпты осы уақытқа дейін тастамай келе жатсам, демек, оның маңызды болғаны ғой; мүмкін, енді еш дау-дамайсыз, бос айқай-шусыз, осы тақырыпты қайтадан талдап көрсек қайтеді, – дегендей бізге есейген, біраз нәрсенің парқын біліп үлгірген Нұров.
Байқасақ, оның бұл тақырыпты ұсынғанына 20 жыл болып қалыпты. Шынымен, егер ол үшін осынша уақытта бұл тақырып сонша қызық болса, ол қандай тақырып екен? Және біздің авторды қандай құдыретімен тартты екен? Меніңше, ол Қазақстанның ерекшелігі, өзгеше табиғи болмысы, ғасырдан ғасырға мұра боп келе жатқан қазақы мінезімен қазақы жолы туралы тақырып. Ау, мұндай жұмыстар бізде жүздеп, мыңдап жазылып жатқан жоқ па? – дейсіз ғой сіз. Иә, біздің ғалымдарымыздың тек осымен айналысып жатқаны рас, бірақ олар әр жазған сайын тақырыптан алыстайтын сияқты. Өйткені, Қазақстан тарихын ту Көне Мысыр, Шумер тарихынан бастайды. Олардың ойынша, тарихымызды неғұрлұм ескіртсек, адамзаттың ежелгі тарихтан бұрынғы кезеңіне жақындатсақ, онда қазақтың бәрінен ұлы болғаны, биік болғаны деп түсінеді. Сөйтіп, біз өзімізге жақындаудың орнына тек алыстай беретінбіз. Ал қазір нақты тарихта өзіміздің қандай болғанымызды тіпті мүлде ұмытып кеткендейміз. Міне, Нұровтың өзгешелігі, ол бізді өзіміздің нақты тарихымызға жолды ашып, тек «қазақ» сөзі пайда болған кезеңдерден бастайды. Соның өзіндеде біздің тарихымыз IX-шы ғасырдан басталып, XIII–XIV-ші ғасырларға дейін, Шыңғысхан империясы дәуірлеп тұрғанда, өзінің шырқау шегіне жетеді екен. Міне, бұл араға біз көбірек тоқталауымыз керек. Біз бұл арада автордың басты ойына жақындадық. Өйткені, Нұровтың ойынша, қазақтар қазақылық рәсімінен шыққан және кейін «қазақ» атауын өз этнониміне шейін көтерген. Қазақтар қайталанбас болмысы бар дегдар халық және оның дегдар болатыны, ол өз бастауында Шыңғысханның «қазақы» империясынан шыққан. Сондықтан, қазақтар – Алтын Орданың тікелей мұрагерлері.
Читать дальше