Канат Нуров - Kazakstan - ұлттық идея және дәстүрлер

Здесь есть возможность читать онлайн «Канат Нуров - Kazakstan - ұлттық идея және дәстүрлер» — ознакомительный отрывок электронной книги совершенно бесплатно, а после прочтения отрывка купить полную версию. В некоторых случаях можно слушать аудио, скачать через торрент в формате fb2 и присутствует краткое содержание. Город: Алматы, Год выпуска: 2014, ISBN: 2014, Жанр: Публицистика, Политика, kk. Описание произведения, (предисловие) а так же отзывы посетителей доступны на портале библиотеки ЛибКат.

Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер: краткое содержание, описание и аннотация

Предлагаем к чтению аннотацию, описание, краткое содержание или предисловие (зависит от того, что написал сам автор книги «Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер»). Если вы не нашли необходимую информацию о книге — напишите в комментариях, мы постараемся отыскать её.

2011 жылдың мамырында Vox Populi баспасы Қ.И. Нұровтың «Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер» кітабының 2-ші басылымын шығарды. Монографияның мазмұны – Қазақстанның тарихи мұрасы және оның модернизацияға қабілеті жөніндегі этнографиялық зерттеу.
Кітап бұл сауалдарға жауап береді және қазақтардың этникалық мінезі негізінде барлық қазақстандықтардың ұлттық (жалпыазаматтық) миссиясын қояды – ақпараттық қоғамның үлгісі болу.
Тұтастай алғанда, қоғамның талғамына ұсынылып отырған монография барлық халықаралық ғылыми талаптарға жауап береді, Қазақстанның модернизациясына бағытталған және өз елінің тарихы мен болашағына жаны ашитын ойлы оқырманға қызық болар.

Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер — читать онлайн ознакомительный отрывок

Ниже представлен текст книги, разбитый по страницам. Система сохранения места последней прочитанной страницы, позволяет с удобством читать онлайн бесплатно книгу «Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер», без необходимости каждый раз заново искать на чём Вы остановились. Поставьте закладку, и сможете в любой момент перейти на страницу, на которой закончили чтение.

Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Орталық Азия – Орта Азия емес.

Азияның географиялық орталығы Батыс Түркістанда емес, Алтайда (Тыва, Қызыл).

Орталық Қазақстан мен Монголия Алтайдың Батыс және Шығыс жағындағы Ұлы Даланың бөлігі.

Қыпшақ Даласы, ең алдымен, – Еділдің арғы жағындағы Ұлы Даланың бөлігі.

Этнос – туысқандық емес, өмір дағдысы, мәдени тұрмыстық қоғамдастық.

Тіл – өз этносыңды танудың қажетті, бірақ жеткіліксіз шарты.

Мемлекеттілік – этнос болудың жеткілікті, бірақ қажетті емес шарты.

Сактар және көне үйсіндер – қазақтың арғы атасы емес.

Кейінгі ғұндар және көне түркілер – қазақтың арғы атасы.

Отырар – қазақ қаласы емес, оған көшпелі қазақтардың нағыз аталары өрт қойған.

Көшпелі қазақтардың нағыз аталары – көне монголдар, оларды татар казактары деп те атаған.

Йемек, кимак, телеуіт, қыпшақ сияқты жергілікті тайпалар ежелгі монгол суперэтносының қазақы өмір дағдысын қабылдаған, немесе, оларда ол бұрыннан болған.

Орталық Азиядағы қазақылық – ежелгі монгол суперэтносының және оның субэтносы қазақтардың ежелгі түркі монголдық өмір дағдысы.

Kaзak деген еркін жаугерлер және өз ру тайпаларынан бөлініп, өз отбасыларымен жекеше көшіп-қонып жүрген байлар.

Тайпадан тыс казактар әскери мұқтажда әрқашанда жүздік пен мыңдыққа біріккен, өздеріне рубасылар арасынан таңдап атамандар сайлаған, сөйтіп, әскері бар қолбасшылар ретінде ру-тайпаларды билеп отырған.

«Казакия» және «казак хандары» жөніндегі мәліметтер бірінші рет Х-XI ғғ. аталады.

Хан және хандардың ханы – қағандар рубасылар арасынан тайпалар үстінен жоғарғы билікке сайланған әскери қолбасшылар.

Қыпшақтардың Ел бөрі және қияттардың Борджигин (Бөрі тегін) бөрітектес рулары Ашинаның ежелгі түркілер руымен және алашмыңы сияқты өзінің шығу тегін бөріге апаратын уйшин, аргын және алшиндардың kaзak одақтарымен байланыста.

Күшті, мықты деген мағынадағы түркі және монгол деп аталатын тайпалар дүниеде ешқашан болмаған.

Бұл Ашина және Шыңғысхан тұқымына бағынған тайпалардың жалпы саяси атауы ғана.

XIII ғасырда Шыңғысхан барлық далалықтарды казактарға айналдырды, ол тайпалық әскерлерді жойды, ру мен тайпаларды бір-бірімен араластырып жіберді, оларды тұтас және маманданған әскер-ұлттың, орданың жүздік пен мыңдықтарына бөлді.

Осы жүздіктер мен мыңдықтар арқылы өздерінің әскербасылары ру-тайпаларының ежелгі түркі-монголдық атауларын сақтаған мүлде жаңа, саяси тайпалар пайда болды.

Өзінің үлкен ұлы Жошыға Шыңғысхан Қазақстанда ұлыс бөлді.

Жошы өлгесін Жошы ұлысының басшысы қылып Шыңғысхан Жошының бірінші ұлы Ордуды емес, оның екінші ұлы Батуды қойды.

Батухан Жошы ұлысының шекарасын Европа мен Литваға шейін жеткізді.

Еділ бойындағы Сарай қаласында Батухан Жошы ұлысының (Ақ Орда) астанасын салды және, Еділге қарағанда, оның оң жағындағы бөлігіне билік етті.

Батухан Орду Еженге Қазақстанды өзі басқарып отырған Жошы ұлысының сол қанатын (Көк Орда) ретінде қалдырды.

XIII ғасырдың екінші жартысында Батухан Қазақстанды үш ұлысқа бөлді. Орду Ежен ұлысының ішін ол тағы екі ұлысқа бөлді: шығыс пен батысқа дейінгі бөлігін ол Жошының бесінші ұлы Шибанға және он үшінші ұлы Тука Тимурге беріп, оларды Орду Еженге бағындырды.

Енді осы үш ұлыс төрелердің өзара жас үлкендігіне байланысты ең ірі ұлыстар саналатын болды.

XIV ғасырдың бірінші жартысында Өзбекханның өлуіне байланысты Ұлы Бүлік басталды.

Орду Еженнің тұқымы Урусхан XIV ғасырдың екінші жартысында Көк Орданы Алтын Ордадан тәуелсіз қылып, Жошы ұлысын біріктіру мақсатында Ақ Орданы басып алды.

Бірақ, Бату тұқымы құрыған соң, Алтын Орданы қалпына келтіру мүмкін емес еді.

Бату тұқымының оң қанаты жойылды, сондықтан Ақ Орда мен Көк орда Қазақстан төрелерінің иелігінде қалды.

XV ғ. басында шайбани Абулхайр Қазақстанның билігін тартып алып, халқын өзбек деп атады. Онысы Батудың өтірік ұрпағы Өзбек ханға тағзым еткені еді.

Сол ғасырдың екінші жартысында Урусханның немерелері Жәнібек пен Керей Орду Ежен династиясын қайта жандандырғасын, Орду, Шибан және Тука Тимурдың үш ірі ұлысы ОрдуУрус тұқымының бастауымен үш жүзге айналады.

Осы үш ұлыс жүздерге олардың жүзбасы мен мыңбасыларының Шыңғысханға жақындығына байланысты казак ру мен тайпалары қосылған.

Міне, осылай төрелердің жас үлкендігіне байланысты үш жүз пайда болды және ру-тайпалар да Шыңғысханға жақындығына байланысты түрлі статусқа ие болды.

Хорчи ата, өзге аты Усун Эбуген, бақсылардың басшысы, ежелгі монголдардың ең басшы тайпасы баариндерден шыққан және, мүмкін, уйшин одағын басқарған.

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Похожие книги на «Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер»

Представляем Вашему вниманию похожие книги на «Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер» списком для выбора. Мы отобрали схожую по названию и смыслу литературу в надежде предоставить читателям больше вариантов отыскать новые, интересные, ещё непрочитанные произведения.


Отзывы о книге «Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер»

Обсуждение, отзывы о книге «Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер» и просто собственные мнения читателей. Оставьте ваши комментарии, напишите, что Вы думаете о произведении, его смысле или главных героях. Укажите что конкретно понравилось, а что нет, и почему Вы так считаете.

x