Анар Мешимбаева - Өмір – сынақ

Здесь есть возможность читать онлайн «Анар Мешимбаева - Өмір – сынақ» — ознакомительный отрывок электронной книги совершенно бесплатно, а после прочтения отрывка купить полную версию. В некоторых случаях можно слушать аудио, скачать через торрент в формате fb2 и присутствует краткое содержание. Год выпуска: 2022, Жанр: Биографии и Мемуары, Политика, на русском языке. Описание произведения, (предисловие) а так же отзывы посетителей доступны на портале библиотеки ЛибКат.

Өмір – сынақ: краткое содержание, описание и аннотация

Предлагаем к чтению аннотацию, описание, краткое содержание или предисловие (зависит от того, что написал сам автор книги «Өмір – сынақ»). Если вы не нашли необходимую информацию о книге — напишите в комментариях, мы постараемся отыскать её.

Он жыл мемлекеттік қызмет атқару, қуғын көру, тұтқындалу, жасөспірім қызынан қол үзу, бюджеттік ақшаны жымқырды деген жалған айыппен айыпталу. Мұндай сценарий детективті фильмге тап- тырмас сюжет болар еді. Бірақ бұл кітап өмірде болған шынайы оқиға- лардан тұрады – мың күндік сенім, сүйіспеншілік, үміт пен сынақтан құралған тағдыр.
Авторы – Анар Мешімбаева – Қазақстан Республикасы Стати- стика агенттігінің 2007-2009 жылдардағы басшысы.

Өмір – сынақ — читать онлайн ознакомительный отрывок

Ниже представлен текст книги, разбитый по страницам. Система сохранения места последней прочитанной страницы, позволяет с удобством читать онлайн бесплатно книгу «Өмір – сынақ», без необходимости каждый раз заново искать на чём Вы остановились. Поставьте закладку, и сможете в любой момент перейти на страницу, на которой закончили чтение.

Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Бірде Астанада серуендеп жүргенде, жасым тоғызда болатын, дәу қара ит мысыққа тап беріп, арс еткенде, анам қолымен көзімді жаба қойды. Иттің мысықты талағанын көрмей қалдым. Санамда сол қорқынышты образ қалмады. Анам жылдамдатып мені жетектеп әкетіп бара жатқанда асфальттағы қан-жоса болған жүнді көрдім. Сол нәрсе жадыма жазылды. Біздің өміріміздегі көп жағдай солай өрбіді. Анамның ісіне қатысты мен де дым білмедім. Анам жанымда жүргенде қандай жағдай болып жатқанын онша түсінбеуші ем. Ол менің көзімді қолымен көлегейлеп жүрді. Бірақ , соңында салдарын сезіндім.

2

–бөлім.

Қуғын-сүргін

Түркия

Содан, міне, таңғы бесте Астананың халықаралық әуежайында, шекаралық паспорт бақылауында, шекарашы офицердің телефонмен әлдекіммен сөйлесіп болуын күтіп тұрмыз. Ұзақ күттік. Жарты сағаттай өтті. Шамасы, оларға құқық қорғау органдарының басшыларын оятуға тура келді ғой деймін. Мені өткізді.

Ұшақ әуеге көтерілді. Арқадан ауыр жүк түскендей. Тыныстау жеңілдей салды. Төрт айлық тозақтан аулаққа ұшып кеттім.

Бірақ, ол кезде бұл тек бастамасы екенін білмедім…

Алғашқы күндері дым бітірмей ертеден кешке дейін құмда жата беретінмін. Бойыма жиналып қалған мазасыздық құмға сіңіп жатқандай.

Қызым теңізден гөрі бассейнді жақсы көретін. Сондықтан оқулықтарын алып шезлонгте жататын. Шомылу киіміндегі қызымның оқулық ұстағанын көрген туристер жаны ашып жымиятын. Тура мектептегідей оқы деуші ем. Тек өз бетіңмен ізденесің.

Ұялы телефон әрқашан жанымда болатын. Маған қоңырау шалып, кері қайт дейтіндей.

Түркиядағы соңғы туристік маусым – қазанда. Кішкентай бала көп. Билеп жүрген бөбектерге қарасам, жылағым келеді. Біржанның қызы мамырда дүниеге келді, ал оны маусымда түрмеге отырғызды. Көз жасым өз-өзінен төгіле берді…

Бір аптадан соң ешкім қоңырау шалмайтынын түсіндім. Мәскеудегі достарыма хабарластым. Ештеңе түсіндірместен Мәскеуге белгісіз мерзімге келуге мәжбүр екенімді айттым. Тұратын жер керек деп сұрадым. Бағымызға орай, достарымның қаланың шыға берісінде пәтері бос боп шықты. Бірнеше апта сонда аялдай тұруға тура келді.

Туроператорға билетті Мәскеуге ауыстырып беруді өтіндім.

Әсел: Түркиядағы күн шуақ пен оқулықтар

Астанадан Түркияға қалай жеткенім есімде жоқ. Бірақ, Түркияда уақытты қалай өткізгенім есімде. Мен өте бақытты болдым. Күн жылы, су, қонақүйдің жанында шоколад қосылған тәтті құймақтар жасайтын. Қонақүйге жапсарлас салынған демалыс орындары, өрілген кресло, гамак, пальма. Бәрі әдемі. Тек оқулық онша емес. Анам мені мектеп бағдарламасынан қап кетпесін деп әдейілеп сатып алған. Мектеп деген бәле ізімнен қалмай қудалап жүргендей. Анам соның бәрін ақ ниетпен жасаса да, мен үшін оқулық деген таза тозақ еді. Химия мен физиканың заңдылықтарын жаттау, геометрияның теоремаларын білу, алгебраның есептерін шешу, орыс тілінің грамматикасын жаттау, түрлі афоризм мен эпитеттерді келтіруден миым атала болатын. Күн астында миым ашып жүретінмін. Мектептің елесі мәңгілік екенін түсіндім. Мектептің оқулығын мектептен тыс жерде оқу тіпті сұмдық. Мектепте тым құрымағанда жақсы мұғалімдер кездеседі. Оқулықтағы иероглифтерді түсіндіріп беруші еді.

Түркиядағы уақыт зымырып өтті. Тек сабақ оқыған сәттер болмаса. Сосын біз Мәскеуге ұштық. Міне, саған, рахат өмір! Мәскеуде анаммен бірнеше рет болғанмын. Көбіне ары-бері өтіп жүріп, тоқтайтынбыз. Мен үшін Мәскеу әдемі, жақсы, көркем қала болған еді. Жоспардың аяқ астынан өзгере бергеніне қуансам да, аздап үрейлендім. Неге үйге қайтпай жатқанымызды түсінбедім. Мәскеуде қала тұрамыз дегеннен тіпті қорықтым. Ары-бері өту бір бөлек, ал тұрақтап қалу бір бөлек. Адамы көп, үздіксіз қозғалысы бір толастамайтын үлкен қалада өмір сүру қандай? Өте күрделі. Әсіресе, кең даладай, тып-тыныш Астанадан кейін қиындау. Астанада бәрі түсінікті, бәрі қарапайым.

Қуғын-сүргін

Мәскеудегі екінші күн. Таң. Қоңырау шалынды. Сережа мен Оля келіпті. Кіруге уақыт жоқ, төменге түсші дейді. Жылы ақ курткамды киіп, сыртқа шықтым. Екеуі де сұр-қара киімде. Мәскеуде қыс түссе, елдің бәрі қара түсті киімдер киеді. Үнемі. Мәскеудің экологиясы нашар. Қыста оған мұз қатырмайтын зат қосылады. Бұл көшелерге тонналап себетін тұз кристалдары. Қармен араласып, соған сіңеді де, жолдың бәрі қара қошқыл лай боп жатады. Жусаң, әрең кетеді. Аяқкиімдегі, көліктегі, ағаштағы, ғимараттағы, әрине, киімдегі дақтарын кетіру өте қиын. Суық жел соғып тұр. Достарым суықтан дірдектеп тұр. Түрлері де мәскеуліктерге тән сұп-сұр. Ал, мен күнге күйіп келгем. Бір-бірімізді көріп күлеміз. Қайсымыздың басымызға күн туғаны белгісіз. Мені құшақтап, қолыма конверт ұстатты. «Шамамыз келгенше. Мықты болыңдар».

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Похожие книги на «Өмір – сынақ»

Представляем Вашему вниманию похожие книги на «Өмір – сынақ» списком для выбора. Мы отобрали схожую по названию и смыслу литературу в надежде предоставить читателям больше вариантов отыскать новые, интересные, ещё непрочитанные произведения.


Отзывы о книге «Өмір – сынақ»

Обсуждение, отзывы о книге «Өмір – сынақ» и просто собственные мнения читателей. Оставьте ваши комментарии, напишите, что Вы думаете о произведении, его смысле или главных героях. Укажите что конкретно понравилось, а что нет, и почему Вы так считаете.

x