Кеңес Оразбекұлы - Жарғақбас, Қылкеңірдек, Шибұттың шым-шытырық хикаялары

Здесь есть возможность читать онлайн «Кеңес Оразбекұлы - Жарғақбас, Қылкеңірдек, Шибұттың шым-шытырық хикаялары» — ознакомительный отрывок электронной книги совершенно бесплатно, а после прочтения отрывка купить полную версию. В некоторых случаях можно слушать аудио, скачать через торрент в формате fb2 и присутствует краткое содержание. ISBN: , Жанр: Прочая детская литература, на русском языке. Описание произведения, (предисловие) а так же отзывы посетителей доступны на портале библиотеки ЛибКат.

Жарғақбас, Қылкеңірдек, Шибұттың шым-шытырық хикаялары: краткое содержание, описание и аннотация

Предлагаем к чтению аннотацию, описание, краткое содержание или предисловие (зависит от того, что написал сам автор книги «Жарғақбас, Қылкеңірдек, Шибұттың шым-шытырық хикаялары»). Если вы не нашли необходимую информацию о книге — напишите в комментариях, мы постараемся отыскать её.

Бұл сериялы күлдіргі ертегі. Басты кейіпкерлері Жарғақбас, Қылкеңірдек, Шибұт – үшеуі ертеден келе жатқан ажырағысыз достар. Олар бүгінгі өмірге бейімделу үшін неше түрлі кәсіпті игеруге тырысады. Бірақ бәрінде де жол-дары болмайды. Ең соңында… Иә, ең соңында өздерінің қиындықтан қорық-пайтын табандылықтарының, үздіксіз ізденіс, талпыныстарының арқасында, мақсат-мұраттарына жетеді.

Жарғақбас, Қылкеңірдек, Шибұттың шым-шытырық хикаялары — читать онлайн ознакомительный отрывок

Ниже представлен текст книги, разбитый по страницам. Система сохранения места последней прочитанной страницы, позволяет с удобством читать онлайн бесплатно книгу «Жарғақбас, Қылкеңірдек, Шибұттың шым-шытырық хикаялары», без необходимости каждый раз заново искать на чём Вы остановились. Поставьте закладку, и сможете в любой момент перейти на страницу, на которой закончили чтение.

Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Балалар, халық аузында мынандай шағын ертегі бар екенін бәрің білесіңдер:

Ертеде Жарғақбас, Қылкеңірдек, Шибұт деген үш ұры болған екен. Бір күні олар ұрлыққа аттаныпты. Көздеген жеріне жеткен соң, ауылдың жатқан-жатпағанын бақылап, шолып келу үшін, олар біреуін жібермек болыпты.

Қылкеңірдек жанындағы серігіне:

– Ал, Жареке, ауылдың жатқан-жатпағанын бақылап, шолып келу үшін бұл жолы сен барып келесің бе? – дейді.

Жарғақбас орнынан тұрады:

– Барсам барайын. – Қолындағы қапшығын Шибұттың алдына қойып, қолына түкіреді. – «Күн жаз, ет аз» деген, нартәуекел!

Ол жөнеп береді. Жота басына шыққанда, ар жағынан ауыл оттары көрінеді. Етекке түсіп келе жатқанда, оның айға шағылысқан жарғақ басын жарық көзі деп қалса керек, бір жәндік айналшықтап шықпайды. Ол айналып-айналып келіп, Жарғақбастың жылтыр басына қонады. Жарғақбас қолымен жасқап, оны ұшырып жібереді. Жәндік шыркөбелек айналып-айналып барып, Жарғақбастың маңдай тұсына тағы қонады. Басы жыбырлап, ыза болған Жарғақбас «Тпу, иттің баласы!» деп, балғадай ауыр қолымен жәндікті өлтіремін деп басына бір қояды. Шытынап тұрған жарғақ басы қақ жарылып, өзі кескен теректей «гүрс» құлап, сол жерде жан-тәсілім етеді.

– Бие сауымдай уақыт өтті. Бұл сорлы қайтпады ғой, оған не болды екен ә? – деді Шибұт тыпыршып.

Иә, қатты кешікті. Сен барып жағдайын біліп келші.

– «Баланы іске бұйыр, соңынан өзің жүгір» деген осы. Барсам барып келейін.

Ол орнынан тұрып, қолындағы заттарын Қылкеңірдектің жанына қояды да, өзі жорта жөнеледі. Қыр асып, Жарғақбастың ізімен жүріп келе жатқанда, шөп арасынан серігінің басы жарылып өліп жатқаны үстінен түседі. Шибұт шошып:

– Астапыралла! Қа-ап!!! – деп, екі қолымен санын бір соққанда, шидей аяқтары «шарт» сынып, ол да сол жерде сеспей қатады.

Қылкеңірдек Жетіқарақшы жұлдызына қарап тұрып:

– Міне, ет пісірімдей уақыт өтті, екеуінен де хабар жоқ. «Қойшы көп болса, қой арам өлер» дейді, бұлар іс тындырып жарытпас, өзім барайыншы.

Ол орнынан тұрып, жердегі қапшық пен жүгенді иығына артып, серіктерінің соңына түседі. Қырқадан асып, із кесіп келе жатқан ол шөп арасынан екі серігінің тырапай асып, өліп жатқанын көреді.

Қылкеңірдек қатты шошып:

– Ой-ба-ай!!! – деп, бақырып қалғанда, қылдай кеңірдегі түйіліп, «бырт» етіп үзіліп, ол да сол жерге «гүрс» құлайды.

Сөйтіп, ұрлыққа аттанған үш бақыр мақсаттарына жете алмай, ауыл сыртында үш жерде тырапай асып, өліп қалыпты.

Әдемі, қызықты басталған ертегі осылай тез бітіп қалады. Өкінішті, ә?!

***

Дегенімен, мен сендерді қуантайын, балалар, олар өлмеген екен! Үшеуі ел арасында жүрген көрінеді. Мен солардың бастан кешкен қызықты оқиғаларына куә болып, қағазға түсірген едім. Кәне, онда, жақсылап жайғасып, оқиық, ә?!

Ал, жоғарыдағы оқиға былай өрбіген көрінеді: Бір күні біздің үш сайыпқыран ұрлыққа аттаныпты…

Жарғақбас, Қылкеңірдек, Шибұт үшеуі ай қараңғысында соқпақ жолмен жол жүреді. Жүргенде де мол жүреді. Төбе бөктеріне көтеріліп, ауыл іргесіне келгенде, қой тастарға отыра-отыра кетеді.

Қылкеңірдек жанындағы серігіне:

– Ал, Жареке, ауылдың жатқан-жатпағанын бақылап, шолып келу үшін бұл жолы сен барып келесің бе? – дейді.

Жарғақбас орнынан тұрады:

– Барсам барайын. – Қолындағы қапшығын Шибұттың алдына қойып, қолына түкіреді:

– «Күн жаз, ет аз» деген, нартәуекел!

Ол жөнеп береді. Жота басына шыққанда, ар жағынан ауыл оттары көрінеді. Ауылдың бергі шетіне вагон-арбалар мен үлкенді-кішілі шатырлар орналасқан екен. Жарғақбас бұлар не болды екен деп жақындап келсе, ауыл балаларына қаладағыдай қызықты ойын көрсетеміз деп, әр түрлі ойын аттракционын құрып қойыпты. Адамдары шаршап, шатыр не вагон-арбаның біріне жатып ұйықтап қалған болса керек, айналасынан бейсәубет ешкім көрінбейді. Ол вагон-арбаның біреуіне жақындап барып, есігін жайлап ашып, басын сұғып қарап еді, иесіз екен. Есік жақтауындағы қосқышты байқап, басып қалған – іші толған неше алуан айналар. Жарғақбас «Бетің қисық болса, айнаға өкпелеме» деп, біреуінің алдына жақындап, айнадан өзінің қызық кескінін көреді: Қазандай басы кеседей болып, есесіне денесі зорайып, алып балуан денелі болып шыға келгені. Жарғақбас соған риза болып, ұзағырақ қызықтады. Енді келесісіне өтіп еді, иығының, аяқ-қолдарының бұлшық еттері бұлт-бұлт етіп ойнақшып көрінгені. Жарғақбасқа ол да қызық болып, өз бейнесіне өзі сүйсініп қарай береді. Сөйтіп, келесісінен келесіне өтіп, айналардың алдынан шыға алмай қалады.

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Похожие книги на «Жарғақбас, Қылкеңірдек, Шибұттың шым-шытырық хикаялары»

Представляем Вашему вниманию похожие книги на «Жарғақбас, Қылкеңірдек, Шибұттың шым-шытырық хикаялары» списком для выбора. Мы отобрали схожую по названию и смыслу литературу в надежде предоставить читателям больше вариантов отыскать новые, интересные, ещё непрочитанные произведения.


Отзывы о книге «Жарғақбас, Қылкеңірдек, Шибұттың шым-шытырық хикаялары»

Обсуждение, отзывы о книге «Жарғақбас, Қылкеңірдек, Шибұттың шым-шытырық хикаялары» и просто собственные мнения читателей. Оставьте ваши комментарии, напишите, что Вы думаете о произведении, его смысле или главных героях. Укажите что конкретно понравилось, а что нет, и почему Вы так считаете.

x