Кеңес Оразбекұлы - Гүлмінездің гүлдері

Здесь есть возможность читать онлайн «Кеңес Оразбекұлы - Гүлмінездің гүлдері» — ознакомительный отрывок электронной книги совершенно бесплатно, а после прочтения отрывка купить полную версию. В некоторых случаях можно слушать аудио, скачать через торрент в формате fb2 и присутствует краткое содержание. ISBN: , Жанр: Прочая детская литература, на русском языке. Описание произведения, (предисловие) а так же отзывы посетителей доступны на портале библиотеки ЛибКат.

Гүлмінездің гүлдері: краткое содержание, описание и аннотация

Предлагаем к чтению аннотацию, описание, краткое содержание или предисловие (зависит от того, что написал сам автор книги «Гүлмінездің гүлдері»). Если вы не нашли необходимую информацию о книге — напишите в комментариях, мы постараемся отыскать её.

Қайран, шіркін, балалық,(Келер ме еді оралып).Тал бойыңа сіңіпті,Ана сүтпен таралып:Риясыз аңғалдық,Кіршіксіз адалдық,Күлкі қыстар шалалық,Білім құштар даналық.Балалардың жоғарыда аталған мінез-қасиеттері осы әңгімелер жинағында толығымен көрініс тапқан. Ұстаздар мен тәрбиешілерге қосымша оқу құралы ретінде пайдалануға өте ыңғайлы.

Гүлмінездің гүлдері — читать онлайн ознакомительный отрывок

Ниже представлен текст книги, разбитый по страницам. Система сохранения места последней прочитанной страницы, позволяет с удобством читать онлайн бесплатно книгу «Гүлмінездің гүлдері», без необходимости каждый раз заново искать на чём Вы остановились. Поставьте закладку, и сможете в любой момент перейти на страницу, на которой закончили чтение.

Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Мұхамеджан қасқа бас шалдың бұл сөзіне іштей тіксініп, ұнат-пады. Бірақ сыр берген жоқ. Сөзді әріден өрбітті:

– Менің Әл Фараби, Ибн Сина, Беруни, Ұлықбек сынды ғұлама бабаларымды, мына беріде өмір сүрген Шоқан Уалихановты білетін шығарсыз?

– Әрине, білеміз.

– Міне, солар техникалық ғылымды игеріп қана қоймай, бұл ғы-лымды жоғары деңгейге көтеріп, іргелі жаңалықтар ашып, ілгері дамытты емес пе. Оларды қайда қоясыз?

– Олар, жарқыным, әр жүз, мың жылда бір келетін жеке тұлғалар ғой. Оларды қозғамасайшы, – деп, шал кеңк-кеңк күлген.

Мұхамеджан шалдың күліп болуын күтіп тұрды да:

– Кешіріңіз. Мен де сондай жүз жылда келіп қалған ұрпақтың бірі шығармын. Сол үшін де техникалық оқу орнына тайсалмай ұмтылып отырмын ғой, – деген. Бұл жолы екеуі де мырс-мырс етіп күліп алды.

– Болса, боларсың, бәрекелді! – деді қасқа бас шал.

– Құжаттарыңды қабылдадық, емтиханға дайындала бер, – деді институт ректоры, сол жымиған күйі Мұхамеджанға риза бол-ғанын сездіріп.

Мұхамеджанның тұла бойын бір ыстық сезім ду етіп билеп алды. Бұл жеңіс – алғашқы күшті тосқауылды күйреткен үлкен жеңіс екенін түсінген Мұхамеджан орнынан ширақ көтеріліп, еңсесін тіктеп шығар есікке беттеді.

ҰЛЫЛЫҚ – КІШІПЕЙІЛДІКТЕ

СЕГІЗ ЖАСТЫҚ

Бірде Дінмұхамед Ахметұлы ел аралайын деп жолға шығады. Орта жолда олардың машинасына бір әйел қол көтереді. Димаш ата машинасын тоқтатқызады. Оның да баратын жері Шелек болған соң, бірге алып кетеді.

Машина үйінің алдына тоқтағаны сол еді, әлгі әйел Дінмұхамед Ахметұлына:

– Үйге кіріңіз, шаңырағымнан дәм татыңыз, – деп қоймайды.

Сонда Дінмұхамед Ахметұлы:

– Жақсы онда, дәмнен үлкен емеспіз, кіріп өтейік, – дейді. Осы сөзді естігенде әйелдің қуанғаны сондай, үйіне жүгіре жөнелді.

Үйге кіргенде, әйел сегіз жастықты Қонаевтың жолына қаз-қатар тізіп қойған екен. Дінмұхамед Ахметұлы осыған таң қалып, жастықтан өте алмай дағдарып тұрғанда:

– Менің сегіз балам бар. Мына жастықтарды солар жастанады. Сіз осы жастықтардан аттап өтіп төрге озсаңыз. Сонда мен бұл жастық-тарды сіз аттаған қасиетті жастықтар екенін елге, балаларыма айтып, мақтаныш көріп жүрер едім, – дейді. Сонда Дінмұхамед Ахметұлы:

– Жо-жоқ! Сіздің сегіз балаңыз жатқан бұл жастықтарды атта-маймын. Қайта әрқайсысын маңдайыма тигізіп, тәу етейін. Балала-рыңыз мақтаныш көріп жатсын, – деп жол тауып кетіпті.

ҚОНАЕВТЫҢ АРҒЫМАҒЫ Бірде бір кеңшардың жұрты Дінмұхамед Ахметұлына ақ боз - фото 1

«ҚОНАЕВТЫҢ АРҒЫМАҒЫ»

Бірде бір кеңшардың жұрты Дінмұхамед Ахметұлына ақ боз арғы-мақ сыйлайды. Әлгі аттың тұлғасының сұлулығы, сыр-сымбатының келіскендігі сондай, қарасаң көз тоймайды екен. Қонаевтың өзі де сүйсінгенін жасыра алмапты. Дегенмен ол кеңшар басшысын бір шетке шығарып тұрып:

– Мақұл, мен бұл әсем арғымақты жұрттың алдында сый ретінде қабылдап алған болайын, – депті. – Бірақ оны өзіммен бірге әкетпей, сіздің кеңшарыңызда қалдырып кетемін. Өйткені, өзі нағыз бәйгеге қосатын жел аяқ тұлпарға ұқсайды. Сіздер оны бәйгелерге қосы-ңыздар. Бәйгенің алдын бермей, жеңімпаз шыққан кезде: «Бұл – Қонаевтың арғымағы!» – деп айтып жүрсеңіздер, маған соның өзі жеткілікті, – деген екен.

ЕРЕКШЕ БАЛА

Алтай Едіге атасымен қыдырыстап жүріп, ауыл орталығындағы ескерткіштің тұсына келді. Сол арадағы орындыққа жайғасқаннан кейін екеуінің де назары бірден алдарындағы ескерткішке түскен. Тастан қаланған биік тұғырда – бойында бес қаруы түгел алып батыр басын көтере ұстап, қияндағы көкжиекке тігілген күйі сесті көрінеді. Батырдың оң қолы – алдаспан қылышының сабында, ал сол қолы, жанына аңшы ит сияқты ерткен қызыл жолбарыстың желкесінде. Олар сол күйлерінде елдің тыныштығын қорғап тұр ма, әлде алыс қиырдан келе жатқан жауларын көріп, соларды күтіп алуға сайланып тұр ма, белгісіз.

– Ата, – деді Алтай ескерткішке ойлана қараған күйі. – Батыр-лардың жан серігі ат болады емес пе. Мәселен, Алпамыс – Шұбар ат, Қобыланды Тайбурыл мініп жауға шапқан. Ал, мына Ескелді бабамыз аттың орнына қызыл жолбарыс мінген бе?

– Олай емес, құлыным, – деді Едіге ақсақал немересінің басынан сипап. – Ескелді де кәдімгі батырлардай ат мінген. Ал, мына қызыл жолбарыс Ескелді батырдың пірі болған. Бұл ескерткішті тұрғызған мүсінші ағалар өзге ат мінген батырлардан ерекшеленіп тұрсын деп, батырды қолдаушы пірі қызыл жолбарыспен бедерлепті ғой.

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Похожие книги на «Гүлмінездің гүлдері»

Представляем Вашему вниманию похожие книги на «Гүлмінездің гүлдері» списком для выбора. Мы отобрали схожую по названию и смыслу литературу в надежде предоставить читателям больше вариантов отыскать новые, интересные, ещё непрочитанные произведения.


Отзывы о книге «Гүлмінездің гүлдері»

Обсуждение, отзывы о книге «Гүлмінездің гүлдері» и просто собственные мнения читателей. Оставьте ваши комментарии, напишите, что Вы думаете о произведении, его смысле или главных героях. Укажите что конкретно понравилось, а что нет, и почему Вы так считаете.

x