Наталья Попова - Тинейджерлерге арналған қаржы. Балалар мен ата-аналарға арналған кітап

Здесь есть возможность читать онлайн «Наталья Попова - Тинейджерлерге арналған қаржы. Балалар мен ата-аналарға арналған кітап» — ознакомительный отрывок электронной книги совершенно бесплатно, а после прочтения отрывка купить полную версию. В некоторых случаях можно слушать аудио, скачать через торрент в формате fb2 и присутствует краткое содержание. ISBN: , Жанр: Детская образовательная литература, popular_business, на русском языке. Описание произведения, (предисловие) а так же отзывы посетителей доступны на портале библиотеки ЛибКат.

Тинейджерлерге арналған қаржы. Балалар мен ата-аналарға арналған кітап: краткое содержание, описание и аннотация

Предлагаем к чтению аннотацию, описание, краткое содержание или предисловие (зависит от того, что написал сам автор книги «Тинейджерлерге арналған қаржы. Балалар мен ата-аналарға арналған кітап»). Если вы не нашли необходимую информацию о книге — напишите в комментариях, мы постараемся отыскать её.

Ақша – бұл құрал. Жеткіліксіз оларда бар, олармен байланысу керек. Бұл кітап – бірінші қадам осы тапсырманы орындау. Оның беттерінде күрделі заттар туралы айту оңай: ақшаның нақты бағасы, макро- және микроэкономика, инфляция, кредиттер мен кірістер. Кітап жасөспірімдердің қаржылық білім беру қорында алғашқы кірпіш болады, іздеуге басқа да маңызды білімді құруға және болашақ молшылықта және сенімділік өзінің ертеңгі күні ұсыныс жасайды.

Тинейджерлерге арналған қаржы. Балалар мен ата-аналарға арналған кітап — читать онлайн ознакомительный отрывок

Ниже представлен текст книги, разбитый по страницам. Система сохранения места последней прочитанной страницы, позволяет с удобством читать онлайн бесплатно книгу «Тинейджерлерге арналған қаржы. Балалар мен ата-аналарға арналған кітап», без необходимости каждый раз заново искать на чём Вы остановились. Поставьте закладку, и сможете в любой момент перейти на страницу, на которой закончили чтение.

Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Сонымен, қосайық материал + еңбек = шоколадты батончик!

Күрделірек мысал Электрондық кітап Қалай ойлайсың кітап жасағанда материал - фото 6

Күрделірек мысал

Электрондық кітап.

Қалай ойлайсың кітап жасағанда материал қолданыла ма, әлде тек еңбек қана бар ма?

Негізінде электрондық кітапта да материал қолданылады. Бұл материалды автор еңбегімен жасалынады. Кез келген материалды жасау әрдайым еңбекпен бірге жүреді. Тап осы жағдайда материал – автор жазған текст.

Электрондық кітап жасау үшін авторлық еңбекпен жасалынған ғана материал аз болады. Материалға кітапты цифрлау, иллюстрациялар жасау, электрондық үстеме жасау сияқты қосымша еңбектер қосылады.

Сонымен, қорытындылап келсек:

Материал + еңбек = электрондық кітап.

Мына заттардың құны неден тұратынын ойланып жауап бер

– Iphone. Жақсылап ойлан, неге Iphone онымен фунцкионалы бірдей басқа ұялы сымтетіктерге қарағанда қымбат тұрады?

– Сенің сүйікті онлайн ойынның?

– Нанның?

Тарау 5. Инфляция және дефляция. Бұл сөздердің сен үшін қандай мәні бар?

Өмірді бүгін сүр. Ертең қымбатқа түседі.

«Pan American» авиакомпаниясының жарнамасы

Алдыңғы тарауларда айтып кеткендей, ақша – бұл айырбас үшін арналған тауар. Ал кез келген тауардың, сонымен қатар ақшаның да өз құны бар. Ақшаның құны да кез келген тауардың құны сияқты өсу де төмендеу де мүмкін.

Инфляция – бұл ақшаның құнының төмендеуі. Дефляция – ақша құнының артуы.

Ақша қалай арзандауы мүмкін? Инфляция қалайша білінеді?

Мысал:

Сенде 200 теңге бар. 2016 жылдың жазында сен 200 теңгеге 2 батончик «Сникерс» ала аласың. 2017 жылдың қысында сен дүкенге бардың және енді сол 200 теңгеге сен тек 1 батончик «Сникерс» ала аласың. Қалай ойлайсың, не жағдай орын алды? Ақша арзандады, яғни инфляция орын алды.

Ақша құнының өзгеруі мемлекетте өндірілетін маңызды азықтүліктердің бағасына - фото 7

Ақша құнының өзгеруі мемлекетте өндірілетін маңызды азық-түліктердің бағасына, халықтың мемлекетке төлеген салықтың соммасына және де басқа көптеген факторларға байланысты. Қаржы сауаты бар адам өз ақшасын сақтап қалу және табыстарын бақылау үшін әрдайым инфляцияны бақылап отырады. Әр түрлі дереккөздерде инфляция бойынша әр мемлекеттің болжамдары жарияланады.

Егер табыс көздерінің өсімі инфляцияға қарағанда аз болса, сен алған табыс оған дейін болған табысқа қарағанда аз деген сөз. Яғни шынайы табыс сен күткендегіден аз болады.

Мысал:

2017 жылдың басында сенің еңбекақың 100 000 теңге құрады.

2017 жылдың соңына қарай инфляция 10% құрады, ал сенің еңбекақың баяғыдай болып қалды. Бұл 2017 жылдың басында сенің еңбекақың 100 000 теңгеге тең болса, жылдың соңында сенің еңбегін10%-ға арзанырақ болып, яғни 90 000 теңге тең болады.

Қызықты дерек:

Тарихта болмаған инфляция Зимбабведе 2009 жылы болды. Жылдық инфляцияның пайызы 321 миллион құрады. Зимбваваде болған инфляцияның жалғыз артықшылығы ол мемлекет тұрғындары оңай триллионға дейін санап үйреніп алды, себебі мемлекет 100 триллион зимбабве долларлық купюрасын шығарды!

Есеп 1.

Сен Африкаға 2021 жылға саяхат жоспарлап қойдың, сапардың бағасы 1800 АҚШ долларға шығады. 1 АҚШ доллары 330 теңге тұрады. Бұл сомманы жинау үшін сен 3 жыл бойы ай сайын банкке 16000 теңгеден, яғни 50 АҚШ доллардан саламын деп шештің.

Жыл сайынғы инфляция 5% құрады және доллар бағамы авиабилет сатып алатын уақытқа келгенде 1 доллар 400 теңгеге тең болды. Теңге жиналған ақша саған Африкаға саяхатқа жете ма?

Есеп 2.

Сенің 120 000 теңге тұратын бір зат сатып алу арманың бар. Өзің не екенін ойлап тап. Сомма үлкен болғандықтан оны әке – шешеңмен бірге жинаймыз деп шештіңдер. Анаң саған ай сайын 10 000 теңгеден тәртіпті болғаның және үй шаруасында көмектескенің үшін беріп тұруға уәде берді. Бір жылда (12 айда) мемлекетте 10% инфляция болды. Қалай ойлайсың ынталанып жинаған 120 000 теңгеге армандаған затыңды ала аласың ба? Сен армандаған зат жылдың соңында қаншадан болады?

Тарау 6. Номиналды және нақты табыс. Табыс әр түрлі бола ала ма?

Сен өз ақшаңды басқарасың, не олардың жоқтығы сені басқарады

Дэйв Рэмси

Әрбір қаржыдан сауаты бар адам қаржысы оны емес, ол қаржысын бақылағысы келген жағдайда, өзінің шынайы табысын түсіне білу керек. Сенің шынайы табысың – бұл инфляция шегерімінен кейінгі қалған қаражат.

Читать дальше
Тёмная тема
Сбросить

Интервал:

Закладка:

Сделать

Похожие книги на «Тинейджерлерге арналған қаржы. Балалар мен ата-аналарға арналған кітап»

Представляем Вашему вниманию похожие книги на «Тинейджерлерге арналған қаржы. Балалар мен ата-аналарға арналған кітап» списком для выбора. Мы отобрали схожую по названию и смыслу литературу в надежде предоставить читателям больше вариантов отыскать новые, интересные, ещё непрочитанные произведения.


Отзывы о книге «Тинейджерлерге арналған қаржы. Балалар мен ата-аналарға арналған кітап»

Обсуждение, отзывы о книге «Тинейджерлерге арналған қаржы. Балалар мен ата-аналарға арналған кітап» и просто собственные мнения читателей. Оставьте ваши комментарии, напишите, что Вы думаете о произведении, его смысле или главных героях. Укажите что конкретно понравилось, а что нет, и почему Вы так считаете.

x