1 ...7 8 9 11 12 13 ...29 – Түсіндік.
– Ендеше сылтауратып далаға шығайық. Сол жерде ақыл-дасармыз.
Үш бауыр орындарынан тұрып, күтуші жігіттерге далаға шығу-дың ым-ишарасын жасайды. Олар бірден түсініп, біреуі оларды сыртқа ертіп әкетеді.
***
Үшеуі дәретханада тұрып, бірден жоспарға кіріседі.
– Бауырлар, біздің ең басты мақсатымыз, ас үйге бару екенін білесің-дер ғой?
– Иә, білеміз. Жаңа келе жатқанда ас үйдің қайда орналасқанын байқап алдық қой. Осы үйдің батыс қанатында, төменде екен.
– Ендеше, мына ашық терезеден төмен түсуіміз керек. Бауырлар, белімдегі арқанды шешіп алыңдаршы, – Ер көйлегінің етегін жоғары көтереді. Нар мен Би оның беліндегі ораулы арқанды тарқатып, босатып алады. Оның бір ұшын терезе жақтауына байлайды да, екінші ұшын терезеден ары асырып жібереді.
***
Үшеуі дәліз бойымен еппен, мысықтабандап жүріп, асхананы тауып алады. Бірақ есігінің алдында бір күзетші тұр екен.
– Енді не істейміз? – деді Ер қобалжып. – Әлде оның көзін жоғалтамыз ба?
– Жоқ, болмайды, – деді Би. – Парсылар күдіктенсе, жоспар-ымыз жүзеге аспайды.
– Онда қандай амал бар?
Бауырлар ойланып қалды. Бір кезде Нар:
– Мен қазір күзетшінің алдына барамын да, адасып кеткенімді айтып, қонақ күтетін залдың қайда екенін сұрап, шалғытып тұра-мын. Сендер сол кезде байқатпай кіріп кетесіңдер. Ал, мен жөнелдім.
– Жолың болсын!
Нар күзетшінің алдына барып, адасып кеткенін айтып еді, ол қонақ балаға ұзын дәлізді көрсетті де:
– Осы дәлізбен тіке жүре берсең, оң жағыңнан жоғары көтер-ілетін текпешекті көресің. Сол арқылы келесі қабатқа көтеріліп, оңға бұрылсаң, оюлы алтын есікті көресің. Міне, сол өзің іздеген қонақасы беретін үлкен бөлме.
Нар рақмет айтып, дәлізге қарай аяңдады.
Дәл осы уақытта, Ер мен Би күзетшінің арт жағынан асханаға өтіп, аспазшылар мен даяшыларға байқалмай, үстелдің астына кіріп кетеді. Соның астында тұрып, үстел-жапқыштың арасынан сығалап, асханадағы бар жайды бақылап отырады.
Аз өтті ме, көп өтті ме, бір уақытта асханаға бас уәзір кіріп келеді. Ол бас аспазды оңаша шығарып, бір шынысауытты ұстатады да, құлағына сыбырлап бір нәрселерді түсіндіреді. Аспаз «түсіндім» дегендей басын изейді. Уәзір кеткеннен кейін бас аспаз шыны-сауыттағы сұйық-тықты іргеде қаз-қатар тұрған төрт құмыраға құйып шығады.
– Көрдің бе? – деді Ер бауырына қарап. – Құмыраларға у құйып шықты. Енді оларға шарап құяды да, қонақтарының алдына апарады. Әне, бас аспаз даяшы жігіттерге кетті. Біз оларды тезірек басқа құмыралармен алмастырайық.
Екеуі жүгіріп барды да, у құйылған құмыраларды алып, олардың орнына басқа құмыраларды ауыстырып қойды. Әлгі құмыраларды өздері жасырынған үстел астына апарып жасырды да, өздері еппен жылдам жүріп, асхананың шығар есігіне беттеді.
– Енді күзетшіден қалай шығамыз? – деді Ер.
– Былай болсын, – деді Би. – Біз үшеуміз егіз қозыдай ұқсас емеспіз бе? Мен қазір Нар болып күзетшіге барайын да, адасып кеткенімді айтып, жолды тағы сұрайын. Ол түсіндіріп жатқан кезде, сен сытылып шығып кетесің. Жарайды ма?
– Болсын, – деді Ер.
Би сыртқа шығып, күзетшіге жақындады. Күзетші көзі шара-сынан шыға таңданып:
– Сен мұнда қайдан жүрсің?! Мен әлгінде ғана саған жол көрсетіп едім ғой, – деді.
– Рас, көрсеттіңіз. Бірақ мен байқаусызда басқа жаққа бұры-лыппын. Содан адасып жүріп, асхананың қызметшілеріне арналған екінші есігінен кіріп кетіппін. Маған жолды асықпай қайта түсіндірсеңіз.
– Онда жүр, – деді күзетші Биді дәлізге таман ертіп әкеліп. – Жақсылап ұғып ал. Осы дәлізбен тіке жүре бересің, оң жағыңнан жоғары көтерілетін текпешекті көресің. Сол арқылы келесі қабатқа көтеріліп, оңға бұрылсаң, оюлы алтын есікті көресің. Міне, сол өзің іздеген қонақасы беретін үлкен бөлме. Енді адаспай тауып бар.
– Рақмет, – деді де Би дәлізге қарай аяңдады.
Ер сол уақытта күзетшіге байқалмай сытылып шығып кетеді.
***
Ала көлеңке бөлме. Бөлменің екі жағына ұзынынан қойылған сәкілерде тұрандықтар сұлап-сұлап қалың ұйқыда жатыр. Бір бүйірде жатқан бауырлар орындарынан тұрады да, Алып Ер Тоңғаның жанына жетіп барады. Қорылдап, қатты ұйқыға берілген оны үшеуі үш жақтан тартқылап, әрең оятады да, ақырын сөйлеп бар жағдайды түсіндіреді.
– Мүмкін емес! – деді Алып Ер Тоңға таңданып. – Біз тірі қалдық емес пе!
– Өйткені, біз улы құмыраларды ауыстырып қойдық. Содан тірі қалдыңыздар.
– Түк түсінсем бұйырмасын! – деп, Алып Ер Тоңға басын шайқайды.
– Көп кешікпей қаруларын жалаңдатып, парсылардың өздері де келіп қалуы тиіс. Сонда бәріне түсінесіз. Ол үшін біздің адамдар ояу күйде қаруларын сайлап, дайын жатулары керек.
Читать дальше