Көбінесе біз өзіміз жасайтын жағдайлардың тұңғиығына түсеміз. Бұрыс əрекет жасаймыз, жасай береміз жəне ақыры қайық батады. Бұл адам дүниеден жеңілді деген сөз. Ақиқатты өзгерту мүмкін емес. Бірақ шындықты әлі де өзгертуге болады. Негізі дұрыс тізбек қалай болу керек еді – дұрыс қабылдау, дұрыс ойлау, дұрыс амал-əрекет жасау, тура жолда өзіңіді алып жүру.
Біздің бизнес, мансап, саясат, отбасылық қатынастарда бізге айналамыздағы адамдар көмектеседі деген жаңсақ, қате түсінік қалыптасқан. Сіздің өміріңіз, сіздің ғана проблемаңыз, ол сіздің жеке шаруаңыз, олардың өз проблемасы өздеріне. «Адамдарға көмектеспеу бұл қандай қатыгездік» деп ойлауыңыз мүмкін, бірақ адам сырттан көмек күтпеуі керек, ол кез-келген проблеманы өзі шешуді үйренуі керек, сонда ғана ол шексіз бақытты, тәуелсіз бола алады.
Адамдар да, жағдайлар да бізбен ештеңе жасай алмайды. Бірақ оларға мүмкіндік беріп қойсақ əсері жойқын болады. Олар біздің жанымызда жасырылған сезімдерді сыртқа шығаруға мəжбүр етеді.
Адамды сенетін нəрсесі басқарады, ақшаға сенсе ақша басқарады, кейде бұл сенім өте тереңге өтіп кетеді жүрекке (Бейсана) қарай. Біздің жанымызда (ішімізде) болып жатқан барлық нəрсе, егер біз оны өзіміз түсінбесек те, айналамызда болып жатқан жағдайға дəл сəйкес келеді. МЕН=ОРТА. Қарапайым формула. Мен бұл принципті қабылдау оңай емес екенін мойындауым керек, өйткені əрқайсымыздың өмірімізде біздің санамызға наразылық білдіретін адамдар бар.
Іс жүзінде, егер бізде бір проблема болып жатса, онда бейсана тереңдігінде жалғандық бар деген сөз. Үйінің табалдырығында отырған жəне «Мен өз үйімді өзгерткім келеді» деп ойлайтын жалған бақытты адамды елестетіп көріңіз. Ол үйде ремонт жұмыстарын бастайды. Бірақ жаңа ремонт оған бақыт əкелмейді. Ол интерьерді бірнеше рет өзгертеді, бірақ оның жан-дүниесінде өзгеріс сезбейді. Біздің арамызда сыртқы жағдайларды өзгерту арқылы бақытты бола аламын деп ойлайтындар қаншалықты көп? Олардың қателігі неде? Оларға сол сенімдері көмектесіп жатыр ма? Өзіңізге өте адал болыңыз жəне өміріңізде не болып жатқанын мұқият талдаңыз, содан кейін сіз ерте ме, кеш пе, проблема шешімінің не екенін түсінесіз. Сыртты, салдарын түзетуге қанша тырыссаңыз да, бірақ егер сіз себепті, ішті өзгертпесеңіз, онда сіз бір нəрсені қайта-қайта сезіне беретін боласыз, сол баяғыдай. Егер сіз қалай өмір сүру керектігін жалғаннан іздеуді тоқтатқан болсаңыз, ақиқаттан (ғылым мен иманнан) іздейтін болсаңыз онда бұл өзін-өзі бағалау процесі сізге өзіңізді табуға көмектесуі керек. Сіздің механикалық ойлау қабілетіңіз өз шектеулеріңізді жеңіп, жаңа деңгейге (алға, биік) жете алатындығыңызды түсініңіз. Егер сіз өзіңіздің ниетіңізге сенімді болмасаңыз немесе сізді бір нəрсе мазалайтын болса, онда бұл сезімнен арылуға тырыспаңыз. Тек жағдайға еніп, сізге дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік беріңіз, ақылға, жүрекке. Сонымен, сіз туралы барлық шындық – сіздің кім екеніңіз (болмысыңыз) сізде бар нəрселермен, дүние-мүлікпен, не істеп жатқаныңызбен бірдей емес. Сіз рухани тұтас жəне кемелденген адамсыз, ол үшін ақиқат пен шындықты қабылдау және мойындау керек. Бақыт пен өмірдегі сəттілік сіздің өзіңіз туралы осы ақиқатты қабылдау қабілетіңізге байланысты.
Өмір көрсеткендей, адамның іс-əрекеті оның нақты қабілеттерімен емес (қате сенім), оның қабілеттері туралы ой-пікірімен анықталады. Демек, көзқарасты өзгерту арқылы мінез-құлықты өзгертуге болады.
Көзқарас (өзіңе, өзгеге, өмірге, Құдайға) = Мінез-құлық (таңдау, шешім, амал, іс-əрекет)
Адамның бейсанасына ол өзі туралы ойлағанның бəрі жазылады. Бала негізінен тек эмоциялармен жұмыс істейді, сондықтан ол эмоцияларды еске түсіреді. Содан кейін өсе келе бұл эмоцияларға ақыл-ой бейнелері (визуализация) қосылады, олар сөйлей ала бастағаннан кейін ауызша анықтамаларға (аффирмацияға) ие болады жəне белгілі бір сенімдермен байланысады. Ересек адам бейнелі (визуализация), эмоционалды (аффективті) жəне ауызша (аффирмация) ойлаудың үйлесімімен сипатталады. Әдетте, осы түрлердің біреуі басым – көбінесе ауызша, бірақ қазіргі заманда бірыңғай бейнелі болып кетті.
Ауызша ойлау арқылы адамның санасында үнемі ішкі диалог жүреді – бұл сөздер бізді белгілі бір эмоцияларды сезінуге мəжбүр ететін бейнелерді біріктіреді. Əрбір эмоционалды, бейнелі, ауызша ойлар мидың нейрондарына жазылады. Біз іс жүзінде эмоционалды ойларды есте тереңірек сақтаймыз.
Читать дальше