Оқуға жіберер алдында немересі Шоңды да сынатқан еді. "Жәке, оқуға берініз бұл балаңыз үшін ең дұрыс жол. Бақытты болады, алдына ешкім келе алмайды, елге сөзін тындататын, не айтса да дәл табатын болыс болады» -деген. Екі ойлы болып жүрген Жанкелді Көбеннің айтуымен Шоңды орыс- татар мектебіне берген болатын.
Көбеннің керемет ат сыншы екенін біліп алған ел, арнайы шақыртып аттарын сынататын. Ондайларға қырсық мінезі бар ол бара бермейтін. Тек, осындай үлкен жарыстарда ғана келіп аттарды сынайтын. Көбен ат сынай бастағанда оның манайында ел қаптан кететін. Бүгін де солай болды. Қазақ қызық халық, күні бұрын жарыс болмай жатып өз аттарын мақтағанын ұнатады. Бірақ Көбен ондайды жасамайтын. Адамдардың байлығына, кедейлігіне қарамай турасын айтатын.
Көбен Жанкелдінің тойына келген аттарды көріп жүргенде Байсары соңынан қалмай еріп жүрген болатын. Үйіне кетер кезде Бпйсарыға оңашалап айтты.
– Мен аттардың бәрін қарап шықтым. Сенің атыңан жүйрігі жоқ. Сәтін салса, бірінші орынды аласың, болмаса екінші орын шаппай берудің өзі болады.– Осыны айтып кетіп қалды. Мына сөз Байсарының көңілін көтеріп тастағандай болды.
Кешінде тойға әдейі ертіп әкелген өнерлілер дайындала бастады. Күн батар алдына шартараптан келген мықтылар, балуандар белдесті. Одан кейін әншілерге кезек тиді. Жиналғандар оларды да қызықтады. Кезке Жәмкеге келді. Бұның өнері басқалардан өзгешелеу еді. Домбыраға қосылып неше түрлі ән салды. Қазақтың қиса- дастандарын жатқа біледі екен, оларды домбыраға қосып айтып берді. Елдің қызыққаны сондай, жіберетін түрлері жоқ. Түннің біраз уақытты болды. Ай туғалы қашан! Жәмкені босатар емес, өңкей шалдар құлағын тосып, тыңдап қалыпты. Зылиқа-Жүсіптен бастап сан түрлі қисаларды айтып жатыр. Елдің құмары қанар емес. Жұрттың арасында Көбен де тұр еді. «Мынау ғажап өнерлі жас екен. Дауысы қандай тамаша» деп қояды. Түн жарымы болды. Ақыры Байсары бала ертең атқа шабады деп алып кетті.
Жәмкенің әке-шешесі жоқ жалғыз еді, ата-анасы ерте өлген. Бір тұяқтан жалғыз қалған бала болатын. Ауылында ерте тұрып елдің малын бағатын. Оның өнері Елгелділер үшін бес тиындық құны жоқ, тәрізді еді. Тек мал бағуға үстаған. Бүгін ғана мына жиналған қауымнан мақтауынан кейін оның құнының қаншалықты екенін Елгелділер білді. Шалдар рахмет айтып жатыр. Келісімен Жәмке жатып қалған. Ол мал жағдайымен күн шықпай тұрұға үйренген. Бүгін уақытында тұриады. Түннен шаршап қалған шығар деген оймен Байсары мазаламаған. Ел аттарын жарысқа дайындап жатыр. Ақыры, Байсары Жәмкені жұлқылап орнынан зорға тұрғызған еді. Бала айтты:
– Бүкіл денем ауырып тұр, Атқа шаба алмаймын.
– Қайтсең де шабасың!
– Шаба алмаймын, -деп бала төсегіне қайыра жатып қалды.
Амалы таусылған Байсары жүгіріп сыртқа шықты. Сол екі арада қасына еріп келген адамдардың бәрі хабардар болып қалды. Ашықбай бастаған Елгелділердің бәрі Жәмке жатқан киіз үйге қайыра кірді. Балада ес жоқ, сандырақтап жатыр. Сыртта Жанкелді қасында отырған Таубайдың құлағына да жеткен.
– Құрығанда ат жарысы құрысын. Бір атадан қалған жалғыз көз еді. Ауырып қалғаны қиын болды ғой. Кеше не тамақ ішіп еді…
– Қайдан білейін, менің көзімше біз ішкен тамақты ішті, – деді Байсары тұрып.
– Кеше Көбеннің көзіне түсіп кеткен жоқ па? -деді Жанкелді.
– Иә, кеше тойда болғанда ел алдына шығып алып, тілі сайрап тұр екен. Болатын бала екен, – деп қайта-қайта айтып еді, Көбен!
Байсарының мына сөзін естіп Жанкелді айтты, сол Көбеннің көзі тиген. Соған ат шаптырыңдар деді.
Көбен көрші ауылда тұратын. Ат жіберілген еді. Ол келіп, мен өз көзімді өзім қайыра алмаймын. Мына көрші ауылда Сары бәйбише деген бір кемпір бар, сол, менің көзімді қайтарады. Соған адам жіберіңдер деді. Енді соған ат шаптырды. Ол келіп, көріп: көз қатты тиген екен. Дегенмен, емдеп көрейінді айтқан. Өзінің мұндайдағы үйреншікті емін жасады. Бірақ та бала орнынан тұрып кете алмады.
Байсарылар ауылдан боз атқа мініп шабатын бала іздеді. Оның сөзін Шоң естіп тұрған еді:
– Бұл атпен мен шабайын, -деді. Баласынын бұл сөзін Телқозы жақтырмады.
– Шапсан, өзіміздін пуылдан да аттар қатысады. Соның біріне мін. Қайдағы бір Елгелдінің атымен шауып, солардың шашбуын көтеріп қайтесің? – Теоқозы Кербестінің бір тұқымын бермеген Елгелдірге өкпелі тағы да көрсетті.
– Мен сіздердің бірінші орынды алмайтын аттарыңмен шаппаймын. Кеше Көбен осы ат не бірінші, не екінші орын алады деген. Осымен шабамын, -деді Шоң. Жанкелді бауырынды өскен Шоң Телқозыны атымен атайтын.
Читать дальше