ДАНИЯЛ – Бұл нені білдіреді?
ТАЙЫР – Ол өзі процеске қатысқанымен, іс жүзінде, тек мойындау алу үшін қолданылған бұйым ретінде ғана болды.
ДАНИЯЛ – Ол бәрін жоққа шығарып, өз нұсқасын ұсына алар еді ғой?
ТАЙЫР – Егер сізді азаптап жатса, оны жасау қиынға соғады. Со- нымен қатар, азаптауды қоспағанда, жауап алу тактиксының өзі ерекше болды. Мәселен, егер дуагерлікпен айыпталған әйел жауап алу кезін- де үндемей, алдына қарап отырса, демек, ол өзін қолдайтын шайтанды көрді, демек, мойындамайды деген сөз.
ДАНИЯЛ – Ал, егер айқайлап, жан жағына қараса ше?
ТАЙЫР – Шайтанды іздеп, шақырып отыр дегенді білдірді. Кінәсін мойындаған жағдайда, әрі қарай азаптамаса да жаны тозаққа емес жан- натқа түсу үшін оны отқа жаққан.
ДАНИЯЛ – Сонымен, ол кезде ақтау үкімінің мүлдем болмағаны ма?
ТАЙЫР – Болды, дегенмен өте сирек. Көп жағдай төрешіге байланы- сты болды. Немесе айыпталушының таныстары мен туысқандарына…
ДАНИЯЛ – Яғни, олар төрешімен қалай «жұмыс істегендеріне» бай- ланысты ма? Мұндай жағдай, қазірде болып тұратын шығар?
ТАЙЫР – Болып тұрады деп айтып жатады. Бірақ, ол кезде кінәнің дәлелдері жеткілікті ма, жоқ па деген шешімді төрешінің өзі қабылдаған. Жазаның бірнеше түрі болды: айыптау, ақтау және «күдікті ретінде қалдыру».
ДАНИЯЛ – Күдікті ретінде қалдыру? Ал, бұл нені білдірді?
ТАЙЫР – Дәлелдер жеткіліксіз, алайда, біз дәл сенің кінәлі екеніңді білеміз дегенді білдірді. Яғни, дәлелдай алмаймыз, сондықтан, әзірге бостандықта жүре тұр.
ДАНИЯЛ – Енді, қателік жасама дегендері ме? Бүгінгі күндегі шарт- ты үкімге ұқсас па?
ТАЙЫР – Жоқ, керісінше, іс дәлелсіз болғандықтан тоқтату.
ДАНИЯЛ – Процестің қарсыласу түрі ежелгі дәуірден басталды деп айттыңыз. Ал, бүгінгі күнде ол нені білдіреді?
ТАЙЫР – Қарсыласу процесі, шын мәнінде, айыптауды одан әрі дамыту болып табылады. Басты айырмашылық, әрине, айыптаушы тараптың әуел бастан артықшылықтарының болуында. Мұнда айып- талушы іс жүзінде барлық басқа қатысушылармен тең құқылы. Барлық сот талқылауы сотта өтеді, яғни айыптаушы да, қорғаушы да – әрқайсысы өздерінің дәлелдерін жинап, сотқа ұсынады, ал судья арбитр ретінде тек адамның кінәлі немесе кінәсіз екендігін бағалайды. Және барлығы мықты, әрі салмақты дәлелдерді кімнің ұсынатындығына байланысты. Біздің уақытымызда тек айыптау процесінің түрі ғана қолданатын ел жоқ. Англосаксон елдерінде қылмыстық процестің дауласу түрі орнаған. Ал, көптеген басқа елдерде аралас түрі.
ЖАМАН АДАМ МЕН ЖАҚСЫ ЕРЕЖЕ
ДАНИЯЛ – Сіз атап өткен дауласу процесі Англосаксон елдерінде бірінші неден басталады?
ТАЙЫР – Ол жерде қылмыстық процес қамауға алудан басталады…
ДАНИЯЛ – Біздегідей екі айға ма?
ТАЙЫР – Жоқ, олардың қамауға алуын біздегі тұтқындаумен салы- стыруға болады.
ДАНИЯЛ – Иә-иә! Бұны талай рет кинофильмдерден көрдім ғой. Онда олар – Сіз мынандай күдікпен тұтқындалдыңыз, үндемеуге, «мынаған-анаған» құқығыңыз бар, соның ішінде қорғаушыға, – деп жа- тады емес пе…
ТАЙЫР – Иә, дәл Сіз келтіргендей емес, бірақ ұқсас. Бұл «Миранда ережесі» деп аталады. Айтпақшы, заң өкілдері тұтқындау кезінде айтуға тиісті сөздер Американың барлық штаттарында бірдей емес. Бірақ көбі- несе бұл келесідей айтылады: «Сіздің үндемеуге құқыңыз бар. Айтқан- дарыңыздың бәрі сотта сізге қарсы пайдаланылуы мүмкін, әрі пайдала- нылады. Адвокатыңыз тергеуге қатыса алады. Егер адвокаттың қызмет ақысын төлей алмасаңыз, оны мемлекет ұсынады. Қандай құқықтарыңыз бар екені сізге түсінікті ме?». Яғни, тұтқындалған адам сіздің айтқа- ныңызды жақсы, әрі нақты түсінгеніне көз жеткізу керек.
ДАНИЯЛ – Неліктен бұл тұжырым Миранда ережесі деп аталады?
ТАЙЫР – Оларда, яғни АҚШ-та Миранда есімді қатыгез қылмы- скер болған, айтпақшы, жауап алу алдында оны құқықтары туралы ешкім ескертпеген. Ол өзінің кінәсін мойындап, сотталды, бірақ оның

қорғаушысы Аризона Жоғарғы Сотына, содан кейін АҚШ Жоғарғы Со- тына шағымданды. Сөйтіп, іс қайта қаралуға жіберілді.
ДАНИЯЛ – Сонда, Сіз айтқандай, қатігез қылмыскерді босатты ма? «Дәлелдер патшайымы» көмектеспеді ме?
ТАЙЫР – Жоқ, іс сол жерде қайта қаралды, және оның мойында- уымен қоса басқа да айғақгар болғандықтан, жазадан жалтара алмады.
Читать дальше