Мүмкін сіз ойлайтын шығарсыз – жаңа жұмыс, жаңа үй, жаңа көлік, бала табу немесе табыстың артуы сіздің өміріңізді өзгертеді немесе сізді бақытты қылады деп. Алайда соңында, ақырында сіз осының бәрін ІСТЕ – йсіз, қалағаныңызды АЛ – асыз, бірақ сіз әлі де бақытсызсыз. Себебі қарапайым. Бізден тыс ештеңе, бізден тыс орта – бізді бақытты етпейді, өйткені бақыт – бұл іштен сыртқа бағытталған тәжірибе. Бұл ақиқат. Ал көп адамның бойындағы жалған сенім – бақыт, сырттан ішке жиналуы керек уақытша тәжірибе. Шын бақыт ең әуелі шынайы болмыс деңгейінен, БОЛ – удан басталады, себебі адамға бақытты болу үшін өмірде БОЛ – уның өзі жеткілікті, бірақ біз бақытты ІСТЕ мен АЛ арқылы өлшейміз.
Неліктен «бақыт этикасы» жұмыс істемейді?
Біз бұл туралы айтқан болатынынбыз, ақиқатында өмірдің қалай қарай ағып жатқанын – болмыстан <���әрекет етуге, әрекет етуден <���иелік етуге. Бірақ, өкінішке орай, өз өмірін құру үшін, адамдардың көпшілігі қолданатын бақыт этикасы, әрекет етуден <���иелік етуге, иелік етуден <���болмысқақарай ағады. Бақыт этикасы мынаған сендіреді (оның теориясы мынадай): егер сіз, бақытты адамдар сияқты әрекет етсеңіз, сіз бақытты адамдардағы бар нәрселерге ие боласыз, содан кейін ғана сіз бақытты бола аласыз. Бірақ бұл рас па?
Бұл планетаның басқа ұрпақтарына қарағанда, сіз және мен олардан да артық мүмкіншіліктерге иеміз. Біз қалаған нәрсемізді жасай алатын көбірек уақыт бар, қалағанымызға жұмсай алатын көбірек ақшамыз бар және біз технологиялық жағынан жетілгенбіз. Бұл планетаның тарихындағы кез келген өркениетке қарағанда бізде арман болмауы керек еді, бірақ неге олай болып жатқан жоқ? Айналаға қарап, бір байқап қойыңыз, біз рухани шын бақыт пен қанағаттанудан алыспыз. Ақиқат мынада, өмірдің ағысы осылай ағады: болу <���әрекет ету <���иелік ету.
Егер сіз бақытты болсаңыз, яғни ойыңызбен өзіңізді бақытты сезінсеңіз және сол бақытты іштен сыртқа қарай бағыттай алсаңыз – сіз бақытты адамдар сияқты әрекет етесіз, содан кейін ғана сіз бақытты адамдардағы бар нәрселерге ие боласыз. Сонымен, ең бірінші, бақытты сіз өз миыңызда қалыптастырасыз, яғни БОЛ -асыз, содан кейін іс-әрекеттің нәтежиесінің арқасында шынайы өмірде бақытқа ие боласыз. Бұл өте қарапайым үш тізбектен тұратын «Бақыт Формуласы», бірақ «қандай» және «кім» боласыз ол сіздің жеке проблемаңыз, ол проблемаға сіз мені аралыстырмайсыз, алайда адамның болмыс деңгейін өзгерту, жақсарту, түзету үшін мен «Бақытты болуды үйреніңіз» кітаптар сериясын жаздым және осы кітаппен барлық кітаптардың қысқаша және қарапайым қорытындысын шығарғым келеді.
Будданың философиялық ғылым ретіндегі ең үлкен үлестерінің бірі – шамадан тыс қалау, ішкі күйзеліс әкеледі деген ілімі болды. Бұл дегеніміз, егер сіз, шамадан тыс, сізде ЖОҚ нәрсені алғыңыз келсе немесе ЖОҚ нәрсеге қол жеткіңіз келсе және сіздегі БАР нәрселерді қабылдағыңыз келмесе, сіз зардап шегесіз. Бұл сіздің өміріңізде түк істемеу керек дегенді білдірмейді. Керісінше, біз мақсат қоя білетін, шығармашылыққа ұмтылған жаратылыспыз, себебі өмір сүру – бұл шығармашылық процесс. Бірақ біздің өмірімізде қаншама бақытсыз адамдар бар, қанша әрекет етседе, қанша дүние-мүлікке иелік етседе. Себебі біз әрқашан бізде «ЖОҚ» нәрсені қалайтын сияқтымыз, сосын біз қалаған «ЖОҚ» нәрсеге қол жеткізгенде бәрі «Енді әрі қарай не істеймін?» әніндегідей болады. Біз зымырандарды ұшырдық, аспанды толық бағындырамыз деп ойладық, интернет пен роботтарды ойлап таптық, өмір жұмаққа айналады деп ойладық, бірақ содан кейін бәрібір әлі бір нәрсе жетіспейтіндей адамдардың бойында «көңіл толмаушылық» пайда болды. Ол артынан «көңіл тоймаушылық» – қа айналды.
Метафизикалық заңдылық: адамға әлі де бір нәрсе жетіспесе ол көңілсіз болады.
Будданың философиялық ілімі «қалауды» тастау және осылайша жеңілдеу және ішкі соғысты жою болды, осылайша олар адамға жедел әрі бақытты болудың қарапайым жолын ұсынып отыр. Бірақ бұны сіз қазіргі заманның адамдарына айтып көріңіз, олар бұл идеологиядан бірден бас тартып, қарсы болады.
Бұл идеология маңызды болғанымен, бұл толық салынып біткен жол емес. Сіз қабылдау керек маңызды фактілердің бірі – қазір БАР екеніңізді қабылдау және сізде БАР нәрсенің бағасын білу. Сонда сізде жан тыныштығы пайда болады және сіз шын бақытты адамдар сияқты қуана аласыз.
Читать дальше