1 – бөлім
Бану мектеп бітіріп алғаш қалаға келгенде ұзын бойлы қыпша бел қыз болатын. Сұлуымен сымбаты жарасқан осынау талдырмаш қыздың қалаға келгелі қатты өзгергенін, туған шешесі Айымкүл де байқаған. Алайда, өз қызын жамандыққа қисын ба?! «Қызым, абыроймен оқуыңды тәмамда, жігіт деген ешқайда қашпайды» деп барынша ақылын айтқаны бар. Оның үстіне ауыл – аймақтан келген қыздардың қалаға келсе өзгере кететіні белгілі. Менің қызымда солардың бірі ғой деп өзін өзі жұбатып, жақ ашпай шығарып салған. Қалайша жақ ашсын қыркүйектің басында кеткен қызы, үш айды араға салып желтоқсанның соңында бір ақ келген. Балам, менің бауыр етім деп Айымкүлдің бар қызығы қазірше осы жалғыз қызы Бану ғана. Емпілдеп алып күндіз – түні осының ғана тілеуін тілеп жүр. Тіпті қымбат телефонын қолынан тастамай әлдекімдермен тасада сөйлесіп жүрсе де ақжүрек ана тың – тыңдауға ұялған. Ал қалаға жетіп бой түзеген Бану бұл күнде бір емес бірнеше жігітпен танысып үлгірді. Өйткені, ауылда туып ауылдан басқаны көрмеген қызға қаланың тіршілігі қатты ұнаған. Сондай – ақ қаланың аты қала оның үстіне өз білімімен ҰБТ – дан жиған ұпайы кез келген Универдің есігін теуіп кіруге мүмкіндік берді. Содан, міне, әсем қала Астанаға ат басын бұрып ЕНУ дің есігін аттады. Алайда ауылдағы жалғызбасты анаға жалғыз қызды қымбат қалада оқытуға шамасы келмесі анық. Ал ішкіліктен бері келмеген әкеден көз жазғалы қай заман. Оған да он жылдай уақыт өтіпті. Қайда жүр, кіммен жүр ол жағынан қызы Бану түгілі бір кездері сүйіктісі болған Айымкүл де хабарсыз. Ұзынқұлақтан естуінше шығыстағы Өскемен деген қалада тұрады дейді. Бірақ қайда жүрсе де өз әкесінің тірі екенін Бану біледі. Тіпті анасымен әкесінің арасында болған айқай да еміс – еміс есінде бар. Ал сол әкеден осы күні Бануда қалғаны телефонға көшірілген жалғыз сурет қана. Үйде жатқан жерінен суретке түсіріп әрлеп – сәрлеп жадына сақтап жүр. Бұл енді өшпейді , бұл менің әкем деп құрбыларына көрсетіп мақтанып алады. Өйткені бұл Астана жастарының жазылмаған заңына кіреді. Бұл қалада әкеңнің кім екені анаңның кім екені бәрі бәрі түптеп келгенде сұралады. Әрине сырт көзге бұл байқалмайды бірақ студенттер арасында әкеңмен шешеңнің бар – жоғы өте маңызды. Тіпті олардың қайда , қандай жұмыс істейтіні де біраз роль атқарады. Қызылға қызыққан қыз деген бар ау бірақ қазіргі жігіттердіңде сонысы бар. Әйтеуір, толыққанды бай қызына үйір ақ. Қысқасы ақшасы бар қыздың жолы болғыш келеді былайша айтқанда жігіт тапқыш келеді. Ал Бануға ұқсаған білімімен келгендерге былай тұр дейді. Себебі, оның оңды – солды шашып жүретін ақшасы жоқ, астында қымбат көлігі жоқ. Міне, осындай түйсікпен қазіргі жастар өмірін өлшейді. Содан болашағын байдың баласына не байдың қызына бодандап тұрып байлайды. Ал мұның соңы белгілі, бірін – бірі менсінбейтін еркетотайлар соңында ажырасып тынады. Қысқасы тең – теңімен тезек қабымен дегеннің уақытша ғана тап өзі. Бірақ, сен айналаға көз салсаң, бәрі тамаша, бәрі сүйкімді. Алайда ішіне үңілсең ұлыңнан намыс қызыңнан ұят кеткен қатерлі қоғам. Міне, Банудың да ана сүтін аттап қисық жолға түсуіне бірден – бір себеп осы. Сондағысы қатарынан кейін қалғысы келмейді. Солар жүрген жолмен жүріп солар киген киімді кигісі келеді. Соларға еріп қаланың қымбат дүкендерін аралағысы келеді. Ойын – сауық орталықтарына барып ойқастап ойран салғысы келеді. Міне осының бәріне Бану сұлу бірнеге мүмкіндігім бар деп есептейді. Біріншісі , ол мұның бұзылмаған бұйымтайы болса екіншісі, құдай берген көркі бар. Қысқасы қандай да бір ақшалы жігітті құрықтаса да мұндайға қол жеткізуге әбден болады. Тым болмаса студенттер арасында үрдіс алған дядкасыбар. Мұның ойынша осы дядкадегені сенімдірек сияқты. Естуінше сол дядкалар жастары біразға келген Ел ағалары дейді. Әрине, олар жас қыз десе ақшаны аямай шашатын қызқұмарлар. Сондай ақ олар ірі – ірі бизнесмендер, алпауыт компаниялардың басшылары немесе әкімқаралар. Былайша айтқанда, жер жұтқыр жемқорлар. Сосын осы Универдің басшы шөпкетышарлары. Өздерінше бұлар да бір төбе дейді. Міне, осының бәрін ойлап жатқан Бану сұлу әлдебір дыбысқа көзін ашып қарады. Анадай жерде өзімен бірге тұратын екі құрбысы сөйлесіп отыр. «Қалаған көлігіңді әперемін , тек менікі болсаң болды» деп айтты дейді Әсел құрбысы. Оған таң қалған екінші құрбысы Назима сұрақты үйіп төгуде.
– Тағы да не деді, маған пәтер керек деп айтпадың ба? Екеуміз тегін тұратын едік. Сосын көлігіңмен барып кеп жүруші едік. Өзі қандай адам өзі, былайша норма адам ба, тым кәрі емес пе, өзіңе қалай, ұнай ма. Бастысы ақшасын аямаса болды ғой, құрбым, деп жан алқымнан алып барады. Міне, осы сөздің бәрін де тыңдап жатқан Банудың тұла бойы түршіге бастады. Онан әрі естігісі келмей жұқа көрпеге бүркеніп алып ұйқыға кетті.
Читать дальше